«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Пайғамбарымыз әрдайым кішіпейілдік пен әңгімелесуді қолдаған



Pdf көрінісі
бет86/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Пайғамбарымыз әрдайым кішіпейілдік пен әңгімелесуді қолдаған 
Пайғамбарымыздың ӛміріне қарасақ Оның (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) 
ықпалды қатынас үшін адамдармен үздіксіз сӛйлесіп, әңгімелесуге жағдай
қалыптастыруға тырысқанын кӛреміз. Мысалы, ауыр шарттарға қарамастан Худайбия 
келісімшартын қабылдап, бейбіт келісімге келу әрекеті Оның осы қасиетін дәлелдейді.
Құранда да «Діндеріңе байланысты сендермен соғыспаған, жерлеріңнен қумаған 
кәпірлерге келетін болсақ Аллаһ сендерді оларға жақсылық жасаудан, әділет пен ынсап 
танытудан тыймайды...» (Мүмтахинә, 60\8) және «... Олар сендерге дұрыс әрекет 
жасаса сендер де оларға жақсы әрекет жасаңдар» (Тәубе, 9\7) аяттарымен Худайбия 
келісімімен қалыптасқан келісім ымырасының сақталуы талап етілген. Осыған орай 
пайғамбарымыз жасалған қарсылықтарға қарамастан ӛзін паналаған Әбу Жәнделді 
мұсылман болса да келісімшарттың бір бабы бойынша меккеліктердің атынан сол 
жерге келген әкесі Сүхейлге қаламаса да беріп, келісімшартқа деген адалдығын 
кӛрсеткен.
Нәтижеде Худайбия бейбіт келісімшарты меккеліктер мен солармен бірге әрекет 
жасаған тайпалармен 10 жыл соғысты қосқанда ешқандай мәселені бастан ӛткізбеу 
деген мағынаға келетін еді. Пайғамбарымыз осы кезеңде жіберген елшілері арқылы 
айналадағы елдердің басшыларымен де байланысқа шыққан. Мұның оң нәтижелері 
қысқа уақытта жемісін берген. Солардың бірі Нежаши болып табылады.
Әуелі біраз кейінге шегінейік. Бәдір соғысынан кейін Нежаши Хабашстандағы 
ХазіретЖафер Ибн Әби Талиб пен жолдастарын жанына шақырады. Ӛздеріне хабар 
150
М
ү
слим, Федаил, 79 
151
М.Асым Коксал, Ислам Тарихы, 9\450 


80 
жетіп, Нежашиге барған мұсылмандар оның үстіне ескі киім киіп, жерде отырғанын 
кӛріп таңырқап қалады. Ӛйткені, мұндай патша неге бұлай киініп, жерде отырады? 
Алдына келген мұсылмандарды неге шақырғанын ол былай түсіндіреді: 
-
Мен сендерді қуантатындай хабар беру үшін шақырдым. Сендердің елдерің
жақтан менің бір адамым келіп, маған Аллаһтың нәбиіне кӛмектесіп 
дұшпандарды жеңген хабарын әкелді. Олар мисуак ағаштарымен танылған 
Бәдір деген жерде кездескен. Ол жерді қазір кӛріп тұрғандаймын, ӛйткені, 
мен бір кездері ол жерде түйе баққанмын. 
Нежашидің хабарын алып қуанған мұсылмандар орайын тауып сұрайды: 
-
Сен неге тағыңда емес, жерде отырсың, мына үстіңдегі киімің не? 
-
Біз Аллаһтың ХазіретИсаға түсіргендерінен кӛреміз, Аллаһ (жәллә жәләлуһ) 
құлдарына нығмет беріп, жақсылық жасайды, ал құлдарына жарасатын 
әрекет - Аллаһ үшін қарапайымдылық танытулары. Міне, Аллаһ (жәллә 
жәләлуһ) нәбиіне осындай кӛмекпен нығмет берген соң мен осылай жасап, 
хабарды сендерге осындай түрде бергім келді. 
Негізінде бұл - басқалардың қасиетті нәрсесіне құрметпен қараудың, 
адамдармен сӛйлескенде кесіп пішудің, «Менікі ғана жӛн» деп ӛз кӛзқарасын 
қабылдатпаудың және барлық адамды ӛз жағдайында кӛрудің жемісі. Барып-келіп 
қатынасудың, жіберілген хаттар мен хабарлардың ешқайсысы босқа кетпей, иман 
жолында жаңа бір ӛркениеттің іргетасы қаланған еді.
Бәдірдегі жеңілістің қайғысынан арыла алмаған Мекке біраз уақыттан кейін Амр 
Ибнул Ас пен Абдуллаһ Ибн Әби Ребианы қайтадан Хабашстанға жіберіп, ең болмаса 
сол жердегі мұсылмандарды кері қайтару арқылы кектерін солардан қайтаруды 
қалайды.
-
Кегімізді Хабашстан жерінен алайық! Сол жердің патшасына адам жіберіп
сол жердегі Мұхаммед сахабаларын бізге беруін сұрайық. Бәдірде ӛлтірілген 
адамдарымыз үшін біз де оларды ӛлтірейік! – десті. 
Бағалы сыйлықтар беріп, бұрынғыдай күлкілі жағдайда қалмау үшін адамдарына 
мұқият әрекет етуді тапсырады. Алайда, олар тағы да қателескен еді. 
Ӛйткені, бұл жағдай туралы қысқа уақыт ішінде пайғамбарымыз да хабардар 
болып, ХазіретАмр Ибн Умеййеге хат беріп, қайтадан Нежашиге жібереді. Ӛзара 
қатынас тағы да жемісін беріп, Нежаши бағалы сыйлықтар мен әдемі сӛздерге 
алданбай, Меккенің елшілерін тағы да бос кері қайтарады
152
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет