79
жолдасы үшін кек мүлдем кек сақтамаған. Аллаһтың харам еткен нәрселеріне
құрметсіздік жасалса, міне сол кезде Құдіретті Аллаһ үшін ренжіп, ӛш алатын»
150
.
Қазы Бейзави бұл мәселені былай түсіндіреді: «Аллаһ
расулының жұмсақ
мінезді, сабырлы және аққа жақ екені байқалады. Егер Аллаһтың хақысы мен
адамдардың қақысын орындамаса бұл масқаралық болар еді. Нәпсісі үшін ӛш алса
сабырсыз болып саналар еді. Пайғамбарымыз сабыр
мен әділдікті бойына жақсы
сіңірген».
Сахабалардан ХазіретЕнес бин Малик (радиаллаһу анх) айтады: «Расулуллаһпен
бара жатқанда бір бәдәуи ХазіретПайғамбардың шапанынан қатты тартып қалып, оның
мойнын жырып кеткенін кӛрдім. Бәдәуи: «Ей Мұхаммед! Сенің жаныңдағы Аллаһтың
малынан маған біраз бер! деді. Расулуллаһ оған қарап күліп, қасындағыларға оған бір
нәрсе берілуін бұйырды»
151
.
ХазіретЕнестің (радиаллаһу анх) жеткізуі бойынша расулуллаһ «Бір адамға
ренжитіндей нәрсе айтпайтын және ешкімнің айыбын бетіне баспайтын».
Пайғамбарымыз тыйым салынуы және тасталуы керекті нәрселерді жалпылама түрде
айтатын, ол қатені жасаған адамның ӛзіне айтпайтын.
Әр ишарасы бір бұйрық болып
қабылданған пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) осыған қарамастан
үмметінің кӛңілін қалдырмауға бар күшін салатын.
Пайғамбарымыз бір адамнан ӛткір иіс шығып, басқаларды мазалағанын кӛреді.
Оның үстіне сары түсті екен. Ол адам тұрып
кеткенше оған ештеңе демейді, бетіне
баспайды. Ол тұрып кеткеннен кейін ол жердегілерге: «Мына адамға жылы сӛзбен
айтсаңдар, бұдан былай мына сары түсті жаман иісті қолданбаса» дейді.
Сахабалар пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) туралы: «Ұнатпағаны
түрінен білініп тұратын» дейді. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм)
мына хадиісінің де терең мағынасы бар: «Ешкім басқа біреу туралы маған жаман нәрсе
жеткізбесін. Ӛйткені, мен жандарыңа жүрегім таза болып шыққым келеді».
Достарыңызбен бөлісу: