«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық



Pdf көрінісі
бет88/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

10. Жамағат болу 
«Барлығың бірігіп Аллаһтың жібінен (дінін) ұстаныңдар, бӛлініп ажырамаңдар» 
(Әли Ғымран, 3\103). 
Жамағат деген не? 
Жамағат белгілі бір сезім, түсінік және сенім мәселесінде саналы түрде біріккен 
адамдар құрайтын құрылым болып табылады.
Аллаһ адамды әлеуметтік болмыс етіп жаратқан, оны адамдарға мұқтаж түрде 
дүниеге жіберген. Адам тек қоғамның ішінде ғана ӛмір сүре алады. Дініміз 
мұсылмандардың жамағат түрінде ӛмір сүрулеріне және барлық материалдық-рухани
мәселеде бір-бірлеріне кӛмекші болатын қоғам болуына мән береді. 


82 
Раббымыз Құран Кәрімде мықты бір ғимарат секілді сап құрап, ӛз жолында 
күресетін мүміндерді жақсы кӛретінін білдіреді
153
. Пайғамбарымыз (саллаллаъу алейхи 
уәссәлләм) бір хадисінде былай дейді: «Мүміндер бір дененің ағзалары сияқты. Бір ағза 
ауырса, зиян кӛрсе барлық дене сонымен айналысады»
154

Жамағат - ақырзаманның ерітіп, үгітуші толқындарына қарсы тұратын пана. 
Жеке ӛмір сүрген мұсылмандықта кӛптеген қателіктердің болуы ықтимал болса, 
жамағаттануда бұл ықтималдық азырақ. Сонымен қатар, жеке ӛмір сүрген адамдар 
жамағатқа берілетін нұрлы атмосферадан құр қалады. Жамағатта ортақ әрекет бар және 
болуы керек. Жамағатта бағыт пен мақсат мүмкіндігі де кӛбірек. Ӛйткені, бір жақта 
кӛптеген адамның сезім және түсінік бірлігі, ұжымдық санасы, ал екінші жақта жалғыз 
адамның түсінігі... Иә, бұлар салыстыруға да келмейді. Сондықтан да «Аллаһ (жәллә 
жәләлуһ) жамағатпен бірге»
155
деп бұйырылған.
Жамағатта әрдайым кҥш бар 
Пайғамбарымыз бір хадисінде жамағатта күш-қуат пен рақымдылықтың, ал 
бӛлінуде болса азаптың бар екенін айтады
156
. Сонымен қатар, жамағатпен бірігіп 
жасалған ғибадаттардың сауабының жеке жасалған ғибадаттардан жиырма жеті есе 
артық екенін де ұмытпау керек
157
.
Екі адам жеке-жеке тұрған кезде 1-ден аса алмайды, ал қатар тұрса 11 болады. 
Қарапайым сан түрінде кӛрсеткіміз келген бұл жағдайды қараңғы жерде бір адамның 
беретін жарығы мен 11 немесе 111 адамның беретін жарығын салыстырып қарап 
кӛрейік. Бір қазынаны кӛтеру де осы сияқты. Бұған сонымен қатар білектің күшімен 
қоса қабілет пен түсінік одағын қосайық. Сондай-ақ, мақсат пен идеяның бірлігі мен 
ынта мен жігер ортақтығы да бар.
М.Фетхуллаһ Гүлен Хожаефендидің сӛздерімен айтқанда рақымдылыққа 
ашылған жеміс ағашы болғыңыз келсе орманның ішіндегі бір ағаш болуға тырысыңыз. 
Жалғыз болған кезіңізде ешқандай рақымдылық түспейді, қурап кетесіз. Ал, орманды 
жерде міндетті түрде рақымшылық түседі және сіз де сол рақымдылықтан молынан 
пайдаланасыз
158
.
Бұдан бұрын да айтқанымыздай адам әлеуметтік бір болмыс болып жаратылған. 
Жалғыз ӛмір сүрген адам тӛрт тарапынан жасырын түрде соққан адасушылықтың 
желінің ӛтінде қиын жағдайда қалуы мүмкін. Одан да жаманы шайтанның улы 
оқтарының нысанасына айналуы мүмкін. Сол себептен жалғыз ӛмір сүруден аулақ 
болып, жамағатқа қосылайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет