83
дүниеге кӛзқарасты жетілдіріп, оны бүкіл жер бетіне орнатуға тырысады. Осы жағынан
қарағанда шынында да ӛзімді ӛте бақытты сезінемін. Ӛзімді бақытты санауымның екі
жағы бар:
Әуелі, мен кіммін, маған арналған соншама қызмет қайда? Бірақ, кӛңілдерін
арнағандар алып бір жамағатты құрап, күш-жігерлерімен бара-бара тұлғалар игере
алмайтын үлкен шарықтың айналуына себеп болады. Мені де осы жамағаттың бір
мүшесі деп қабылдайды. Міне, мұны дүние бақыты үшін ең үлкен себеп және ақырет
үшін бір құтқарылудың жолы деп санаймын.
Екіншіден, осыншама адамның ішінен ең болмаса біреуі махшарда қасымнан
ӛтіп бара жатып менің жаман жағдайымды кӛріп, мені сол жерде бейшара етіп тастап
кетпейтін шығар, қолымнан ұстап, кӛтеріп, жетектер. Иә, осылай үміттеніп,
жолдастарымның шапағатымен құтқарыламын деп үміттенемін.
Шын кӛңіліммен айтамын, достарымның барлығы туралы осылай ойлаймын.
Әсіресе, сол алғашқылар менің кӛңіліме сұлтандық құрған сұлтандар секілді, барлығы
да жүрегімнің маңызды жерлерінен орын алған. Сол адал жолдастарымның бәріне
осындай кӛзқараспен қараймын, олар ренжісе мен де ренжіп, оларға мән берілмей,
қадірі білінбесе қайғырамын.
Иә, осындай идеяны ұстанған жетекшілерді ренжіткен адам мені де ренжіткен
болады, оларды менсінбеген адам қиын күндерінде Аллаһ жолында қызметке мән
бермеген болып саналады
159
.
Достарыңызбен бөлісу: