«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Жігіт неге саусағын отқа қойды?



Pdf көрінісі
бет107/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   127
Жігіт неге саусағын отқа қойды? 
Харикзаделер кӛшесі... Шахзама мешітінен Лалели мешітіне қарай түскенде 
кездесетін кӛшенің аты бұл. Харикзаделер. Яғни, ӛрттен аман қалғандар... 
Стамбулдың ағаштан жасалған ғимараттарының нешінші ӛрті екен бұл ӛрт? 
Қыстың қақаған аяз бір түні болатын. Осы атақты ӛрт те түннің ортасында екі қабатты 
ағаш үйден шыққан болатын. Қысқа уақыттың ішінде маңайдың бәрін шарпыған оттың 
ішінен кӛшеге атып шыққан жас қыз не істеп, қайда баратынын білмей, шахзада 
мешітінің медреселерінің бірінің терезесінен жарық кӛреді. Тістерін сақылдатқан бұл 
суыққа бұдан артық шыдай алмас еді, медресенің есігін ашып, ішке кіреді.
Газ лампасының жарығымен Құран тәпсірін оқып отырған шәкірт басын кӛтеріп, 
түсінбей қарап қалды: 
-
Сен кімсің? Түннің бұл уақытында мұнда нең бар? 
-
Діндес бауырыңмын. Біз жақтан ӛрт шығып, осы жерді келіп паналадым. 
-
Болмайды! Мен Құран тәпсірімен айналысып отырған шәкіртпін. Теріс 
пиғылды әрекеттерден аулақ болуым керек. Сені бұл жерден кӛрсе ӛсек 
шығады. Бұл жерден дереу кетуің керек. 
-
Мына түнде тоңамын ғой! 
Шәкірт ойлана бастайды. 
-
Жақсылық болсын, иншаллаһ. Бір емтиханға тартылып жатқан шығармыз? 
Біраз үнсіз қалады. 
-
Олай болса мына қабырғаның түбіндегі кілемге оранып, бұрышта демал. 
Кӛздерін қайтадан кітабына салып, Бейзави тәпсірін оқуды жалғастырған шәкірт 
біраз уақыттан соң шайтанымен күресе бастайды.
Бір кезде: 
-
Жоқ, - деп саусағын лампаның отына тосып, терісі күйгенге дейін ұстап 
тұрады.
-
Күрес таңертеңге дейін жалғасады, бірнеше рет отқа қойылған саусақ әбден 
күйіп, ұшында бір жара қалдырады. Таң атады. Кейін Кузат түлегі болып 
шығатын шәкірт мешіттен шығып, намазға кетеді. Қайтып келген кезде 
бӛлмесінде ешкімнің жоқ екенін кӛріп, еркін тыныс алады.
Жарық түскеннен кейін ӛрт болған жерге жүгірген қыз әкесі мен анасының ӛзін 
іздеп жүргенін кӛріп, айқайлайды: 
-
Әкешім, анашым, мен мұндамын! 
-
Қызым, түні бойы қайда болдың? 
-
Міне, мұнда, медресенің бӛлмесінде, бір шәкірттің қасында. 
Сӛйтіп, қыз болған жағдайды түсіндіреді. 
Енді Осман пашасы болған әкесі қызын ертіп Шехзада мешітінде тәпсір беретін 
мұғалімге барып, шәкірттерін жинауды сұрайды. Мұғалім ренжулі, молдалар таңданыс 
үстінде. Бір шәкірт қызға намысқа қайшы бір әрекет жасады ма деп алаңдаулы... 
Жиналған шәкірттерге біртіндеп қарап шыққан қыз біреуін кӛрсетіп,
-
Міне, әке, саусағының ұшын орап алған шәкірт! – дейді. 
Тәпсір мұғалімі таң қалып сұрайды: 
-
Салахаддин, сенен еш күтпес едім, қалайша мұндай шағымға себеп болдың? 
– дейді.
Салахаддин басын иіп, мұғалімінен ұялып ештеңе айта алмай тұрғанда қыздың 
әкесі сӛзге араласады: 
-
Құрметті ұстаз, шәкіртіңізге ұрыспаңыз. Біз оған шағым жасау үшін емес, 
мақтау үшін іздеп келдік. Сіз одан саусағын не үшін орап алғанын сұраңыз, - 
дейді.


100 
Шәкірт: 
-
Шайтан маған сыбырлаған сайын мен саусағымды лампаның отына ұстап 
«Мынаған шыдай аласың ба?» деп сұрадым. Міне, осы кезде саусағым күйді, 
орауға мәжбүр болдым,- дейді.
Осман пашасы болған қыздың әкесі айтады:
-
Ұстаз, бұл шәкірттің оқуын бітіргенге дейінгі барлық шығындарын мойныма 
аламын және қызымды беріп, оны күйеу бала еткім келеді! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет