104
Қоштасу қажылығында пайғамбарымыз барша мұсылмандарға «Бұл күн, бұл ай
және бұл аймақ қалай қасиетті және қорғалған болса, жандарыңыз, малдарыңыз және
намыстарыңыз да солай қорғалған (қоғамның жауапкершілігі және құқықтың
кепілдігінде) деп
230
, адамның ӛмір сүру құқығына қол сұғылмайтынын кӛрсеткен. Тағы
бір хадисте «Жеті нәрседен сақтаныңдар. Бұлардың бірі - заңды жағдайларды
қоспағанда Аллаһ тыйым салған адамды ӛлтіру» деген
231
.
Исламның діни және ахлақтық мәселе, құқық жүйесінің жоспары бойынша
қабылдаған шараларына қарамастан бір адамның қылмыс істегені анықталса онда
қылмыскердің жазаға тартылуы, әрі жәбірленушінің құқығының қорғалуы, әрі қоғам
ожданының қанағаттандырылып, қылмыстың қайтадан істелуінің алдын алу үшін жаза
лайық деп табылып, әділдікке сүйенетін бір жаза қабылданған. Осы кӛзқарас бойынша
қасақана адам ӛлтірілген жағдайда ӛлтірілген адамның туыстарының қалауы шартымен
қылмыскердің ӛзі қысас ретінде ӛлтірілуі керек
232
. Қысас талап етілмесе немесе мүмкін
болмаса ӛлген адам үшін құн тӛленеді
233
. Қателікпен ӛлтірген жағдайда ӛлген адамның
мұрагерлеріне құн тӛленеді. Қателікпен ӛлтіруде қылмыскердің ӛтем тӛлеуге
міндеттелуі бір жағынан қоғамның пайдасын, бір жағынан нәпсі тәрбиесін қамтамасыз
етуді кӛздейді. Туысын ӛлтірген адамның қосымша бір жаза ретінде ол адамның
мирасынан шет қалдырылуы мұраға ие болу мақсатында қылмыс жасаудың алдын
алуды кӛздейді.
Қасақана адам ӛлтірген адам дін жағынан бас кӛтеруші және күнәһар деп
саналады. Ислам ғалымдары қылмыскердің тәубесінің Аллаһтың қалауына байланысты
түрде қабыл болуы мүмкін екенін айтып, қылмыстыға егер қысаспен ӛлітірілмесе ӛзін
түзеп, сол сәттен бастап жақсы адам болуына мүмкіндік беруді назарда ұстаған.
Қысмыскердің Аллаһ құзырындағы жағдайы болса күнәлардың кешірілуіне қатысты
аяттардың жалпы сӛздерінен аңғарылғаны бойынша
234
толығымен Аллаһтың қалауы
мен кешіруіне қатысты мәселе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: