108
Бесіншісі, адамдағы ең әлсіз және қауіпті нәрсе - менмендік сезімі және адамнан
алғаш болып алынып тасталуы керек нәрсе. Ӛйткені, менмендікдікке салынған
адамдардың ақиқаттарды кӛріп білуге кӛздері байлаулы болғандықтан тура жолдан
шықпастан мақсатқа қарай жүрулері ӛте қиын. Бәдиуззаман «Ей, бауырларым! Назар
аударыңдар, сендерді менмендікпен ұрмасын, онымен сендерді ауламасын. Әрі
біліңдер, мына ғасырда адасушылар менмендікке мініп, қате жолдың жазығында
жүгіреді. Ақиқат жолдағылар тек менмендікті тастаумен хаққа қызмет ете алады.
Сонымен қатар, Құранға қызмет ету менмендікті қабылдамайды, кӛпшілікті қалайды»
деген сӛздермен осы шайтани сипатқа қарсы бізді мұқяит болуға шақырады.
Алтыншысы, қазіргі кезде меңдеген ауру ретінде хаққа кӛңіл арнаған
адамдардың кӛпшілігінің аяғына оратылған рахатқұмарлық ауруы. Иә, қоғамдық рухты
оятатын, адамдарға уағыз жасап, оларды ақиқат адамдыққа кӛтеретін, ӛздерін ақиқатқа
арнаған бұл шынайы рухтар осындай ұлы бір идея үшін ешқандай рахатқұмарлыққа
салынбастан материалдық-рухани барлық нәрселерін пида етуге дайын болулары керек.
ХазіретИбрахимнің байлығы туралы бір аңыз бар. ХазіретИбрахимнің қойы мен
шопандары кӛп болғаны соншалық ол сол кездің ең бай адамы деп есептелген.
Осыншама байлықты пайғамбарлық дәрежесімен ұштастыра алмаған кейбір
періштелер «Пайғамбарлық дәрежесімен осыншама байлық қалай ұштасады екен?»
деген сұрақ қояды. Хақ Тағала «Бұл байлық оның жүрегіне орнығып па, орнықпап па,
байқап кӛріңдер» дейді. Періштелер уаһи періштесі Жәбірейілдің басшылығымен адам
кейпіне еніп, ХазіретИбрахимнің жанына келеді. Осы жерде періштелер ол еститіндей
етіп «Суббухун куддусун раббул мәләикәти уәр рух» дейді. Бұл сӛздердің әрқайсысы
Хақ Тағаланы ұлықтау және тәсбихтеу үшін ӛте керемет таңдалып алынған сӛздер еді.
Жүрегі иләһи самалдарға ашық болған ХазіретИбрахим мұндай тәсбихті естігенде
қатты ұнатып, «Бұл қандай тамаша нәрсе!» деп таңданысын білдіреді және
«Байлығымның үштен бірін берейін, жаңағы сӛзді тағы да бір рет айтыңызшы» дейді.
Періштелер тағы бір рет айтқанда ХазіретИбрахим «Жартысын берейін» дейді.
Періштелер тағы бір рет айтқанда «Шопандарыммен бірге сендерге құл болдым» дейді.
Сол кезде Жәбірейіл ӛзін білдіріп, «Мен Аллаһтың періштесімін. Бұлардың маған
қажеті жоқ, бірақ Раббым сенің адалдығыңды кӛрсеткісі келді, сені бізбен сынады» деп,
ол жерден кетіп қалады. Иә, ақ жолдың ақиқат жолаушылары рахат пен жалқаулықтың
ұйығына батпастан ниеттері тек Аллаһ ризалығы болып, жолдарын жалғастырады.
Қысқасы, Аллаһтың шексіз рақымдылығына қарсы Оған деген үміт пен
беталысты бір сәтке де жоғалтпастан әрдайым назарды Соған бұру керек. Осылайша,
белсенділік рухы ақсамай, «Хужуматы ситтеде» айтылған қастықтарға бой
алдырмастан, күнәлардың ұятынан және үміт үзуден арылып, кешірім кәусарларынан
қана ішіп рухтарға рахат беретін шексіз рақымдылықтарға жету мүмкін болады
238
.
Достарыңызбен бөлісу: