105
кездесетін қиындықтар мен проблемалардың бір емтихан құралы екенін, оларға
сабырлылық таныту жақсы мұсылманның сипаты екені жиі ескертіледі
237
. Екінші
жағынан Аллаһтың белгілі бір мақсатта қолдануы үшін адамға берген ӛмір сүру
құқығына адамның араласуына және осы мәселеде ӛзін құқылы деп санауға қақысы
жоқ, бұл бір жақсылықты білмеушілік деп есептеледі.
Ислам ғалымдары ӛзін ӛлтірген мұсылманның ақыретте ӛте ауыр азапқа
тартылатынын, тіпті тозақта мәңгі қалатынын айтса да ӛзін ӛлтірген адамның иманнан
шығатыны туралы және кәпір екені туралы айтпаған. Ӛйткені, иман мен күпірлік
әрекеттің бұзылуына емес, сенім мен түсінікке қатысты нәрсе. Ӛзін ӛлтірген адамның
сенім жағдайы болса ӛзі мен Аллаһ арасындағы мәселе. Ӛзін ӛлтірген мұсылман басқа
мұсылман жаназаларындағы секілді жуылады, кебін кигізіледі, жаназа намазы оқылады
және мұсылман мазаратына кӛміледі. Ислам құқықшыларының кӛпшілігінің кӛзқарасы
осы бағытта.
Достарыңызбен бөлісу: