«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Қҧран мойынсҧнуды Талут мысалымен тҥсіндіреді



Pdf көрінісі
бет24/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Қҧран мойынсҧнуды Талут мысалымен тҥсіндіреді 
Құранның бізге мойынсұнуды түсіндіру үшін берген мысалдарының бірі Талут 
пен әскері туралы мысал. Талут кім еді? Мұны білу үшін Исраилұлдарының ӛткен 
тарихына қарауымыз керек болады.
Исраилұлдары тарихында ХазіретИушадан кейін хакімдер кезеңі басталып, бұл 
кезең шамамен бес жүз жылға созылған. Бұл кезеңнің ең соңғы хакімі ХазіретСамуэль. 
«Кӛне ӛсиеттің» білдіруі бойынша Құранда да есімі берілмей ишара етілген 
пайғамбардың аты - Самуэль. Бұл кезең ХазіретИсадан мың жыл бұрынғы кезеңге дәл 
келеді. ХазіретСамуэль қауымының пайғамбары, әрі хакімі болған. Сол кезеңде Мысыр 
мен Палестина арасында Амалика деген бір қауым ӛмір сүрген. Оларды Жалут деген 
билеуші басқарған. Бұл адам әскерімен Исраилұлдарына шабуыл жасап, оларды 
отандарынан қуып шығарған, бала-шағаларынан айырған. Осындай қиындық шеккен 
Исраилұлдары пайғамбарларына жүгініп, ӛздеріне қолбасшы және билеуші болатын бір 
адамды тағайындауын сұрайды.
Пайғамбар ӛз қауымының сырын жақсы білетін. Қауымының бір қиындықта 
кезіккенде бағынбай кететінін білетін. Ӛйткені, мұндай талаптың нәтижесінде 
соғыстың парыз етілуі керек еді. Егер мұндай бұйрық келіп, ал қауымы бұған 
бағындай, тайқып кетсе бұдан да қиын жағдай туындайды. Сондықтан да қауымына 
«Егер сендерге соғысу бұйрығы парыз етіліп, ал сендер соғыспай қойсаңдар ше?» 
дейді. 
Исраилұлдары пайғамбарларына бұл мәселе бойынша кепілдік береді. Ӛйткені, 
ӛздерінің соғысудан басқа шараларының жоқ екенін айтады. Ӛйткені, отандарынан 
қуылған, кӛпшілігі бал-шағасынан айрылған. Мұндай азаптан құтылу тек соғысу 
арқылы ғана мүмкін еді. Бірақ, қорқақтық пен тайқушылық кӛпшігінің сипатына 
айналған еді. Міне, сол себептен де Самуэль пайғамбар қауымына ескертуді жӛн 
санады.
Самуэль пайғамбар қауымына иләһи уаһидің бағыттауымен Талутты қолбасшы 
етіп тағайындады. Исраилұлдары бұл таңдауға қарсылық танытады. Алайда, әу бастан 
бағынуға уәде беріп, таңдау еркін пайғамбарларына берген болатын. Енді оның 
таңдауын ұнатпай тұр. Алайда, Талуттың қолбасшы болып тағайындалуы уаһидің 
кӛрсетуімен болған еді
50
. Нәтижеде, қаламай тұрса да Талутты қолбасшы етіп 
қабылдайды.
Содан Талут бір әскер дайындап, әрекетке кӛшеді. Алайда, әскерге 
қосылғандардың толығымен шынайы ниетті және бағынған адамдардан құралғаны әлі 
белгілі емес болатын. Бұл қауым қаншама жылдар бойы қиындықта ӛмір сүрген. 
Құлдыраған жағдайда еді. Жеңіске жеткен топпен кездескен кезде қалай әрекет 
жасайтындығы маңызды еді. Ӛйткені, соғыс тек қана соғысқа дайын, батыр және 
рухани күші толық әскермен жасалуы керек. Ішінде қорқақтар, тайқушылар, рухани 
күші және мойынсұну сезімі әлсіз адамдардан тұратын әскердің қиын жағдайда тӛтеп 
беруі мүмкін емес. Екінші жағынан, тұрақсыз, қорқақ адамдар айналасына кері 
50
Ба
қ
ара, 2\247 


22 
ықпалдарын тигізіп, арандатушылық жасауы да мүмкін. Сондықтан да мұндай әскердің 
мойынсұну, адалдық және тұрақтылық тұрғысынан тексерілуі керек еді.
Талут әскермен біраз жол жүргеннен кейін әскері қатты шӛлдеген бір сәтте 
оларға Аллаһтың оларға бір ӛзен беріп сынайтынын, оның суын ішкендердің ӛзінен 
емес екенін, ал ішпегендердің ӛз әскерінен болатынын айтады. Тек бір уыс су ішуге 
рұқсат екенін де айтады. Ӛзенге келген соң аз ғана адамнан басқасы судан қанып ішеді. 
Осылайша, бұйрықты тыңдамаған болды. Алдарынан шыққан алғашқы қиындықтан ӛте 
алмады. Ал, бұл бір емтихан болатын. Осылай әрекет ету арқылы емтиханнан ӛте 
алмады.
Бұл жағдай аятта былай беріледі: «Талут әскерін әрекетке кӛшіріп, жорыққа 
шыққанда әскерлеріне былай деді: «Аллаһ сендерді бір ӛзенмен сынаққа алады. Оның 
суынан ішкен адам менен емес, тек уысымен алған мӛлшер ғана кешіріледі, кім оның 
суынан ішпесе ол менен» дейді. Олардың кӛпшілігі бара сала судан ішеді. Талут пен 
қасындағы мүміндер ӛзеннен ӛткенде бергі жақта қалғандар «Бүгін біздің Жалут пен 
әскеріне қарсы шығатын әліміз жоқ» дейді. Ӛлгеннен кейін тірілтіліп, Аллаһтың 
құзырына шығатынын білетіндер болса былай деді: «Қаншама шағын топтар бар, 
Аллаһтың рұқсатымен үлкен топтарды жеңген! Турасы, Аллаһ сабыр еткендермен 
бірге» (Бақара, 2\249). 
Риуаяттарда Талутпен бірге ӛзеннен ӛткен адамдардың санының Бәдір 
сахабаларының санына тең екені айтылады. Бұл риуаяттардың бірі сахабалардан Бера 
Бин Азибтің мына сӛзі: «Біз Мұхаммед (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) сахабалары 
Бәдір соғысына қатысқан сахабалардың санының Жалутқа қарсы соғыс үшін Талутпен 
бірге ӛзеннен ӛтіп соғысқа қатысқан әскердің санына тең екенін, яғни 310 нан астам 
кісі екенін айтатынбыз. Талутпен бірге ӛзеннен тек мүміндер ғана ӛткен
51

Нәтижеде осындай шамадағы аз бір топ Жалуттың саны кӛп және қорқынышты 
әскерін жеңіп, жеңіске жеткен, мойынсұнудың жемісін кӛрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет