29
1.
Күнәларға қарсы сабыр: Мүмін күнәлардың әртүрлі арандатушы
тартымдылығына қарсы сабыр танытады және күнәларға кірмеуге тырысады.
2.
Қиындықтарға қарсы сабыр: Мұндай сабыр дүниеде кездескен әртүрлі
материалдық және рухани қиындықтарға сабыр ету.
3.
Ғибадат бойынша сабыр. Ғибадаттардың адамдарға бір ауырлығы бар. Күнде
бес
уақыт намаз оқу, қыс күндерінде суық сумен дәрет алу, ұзақ жаз
күндерінде ораза тұту. Мүмін
осыларға да сабырлылық танытып, жұмаққа
қол жеткізуі керек
64
.
Фетхуллаһ Гүлен Хожаефенди осы сабырдың үш түріне тағы бір сабыр түрін
қосады. Дүниенің тартымды әсемдіктеріне қарсы сабыр.
Бұл әсіресе қазіргі
мұсылмандар үшін ӛте маңызды жағдай. Ӛмір шарттарының барынша жақсаруы, үй,
машина, жаздық үй сияқты нәрселер адамдарды ақыреттік сезімнен ӛкінішке орай
алыстатуда. Құран «Әйел, бала, алтын, күміс, үйретілген аттар, жануарлар және егінге
деген құмарлық адамдарға әсем етіп кӛрсетілген. Бұлардың барлығы ӛмірдегі ӛткінші
нәрселер. Негізгі баратын әдемі жер Аллаһтың құзырында» (Әли Ғымран, 3\14) деген
аятпен осы ақиқатты меңзейді. «Әсем етіп кӛрсетілді» деген сӛзбен бұл әсемдіктерге
адамның қызықпауы мүмкін емес екенін білдіреді. Оны басып ӛте білу үшін ӛте күшті
иман және сол иманды әрдайым іске асыратын сабыр керек.
Заманның естен тандырушылығына қарсы сабыр...
Рухани дәрежелерге
қызықпау түріндегі сабыр... Тіпті, Аллаһ жолында қызмет үшін жұмақтың есігі айқара
ашылса да тістеніп, осы қиын дүниеде қалу сабыры – сабырдың басқа түрлері
65
.
Достарыңызбен бөлісу: