«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Барлық болмыс ғалам сарайының басшысына бағынады



Pdf көрінісі
бет23/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127
Барлық болмыс ғалам сарайының басшысына бағынады 
Бір казармада тұрған кӛліктер, қоймалар, қарулар бәрі де бағынады, бір 
сұлтанды меңзейді. Осы жансыз заттардың бағынуымен қатар әскерлер де бағынады, 
қолбасшылар да. Демек, олардың барлығына үкім жүргізетін бір Сұлтан бар.
Осы мысал секілді ғаламда да күн, ай және жұлдыздардан теңіздерге, тауларға, 
тастарға дейін барлық жансыз болмыстар бір нәрсеге бағынышты болумен қатар 
барлық ӛсімдіктер, жануарлар мен адамдар да бағынады. Міне, осы жалпылай бағыну 
бір Сұлтан Зүлжелалды кӛрсетеді.
Мысалы, бір ағаш «отыр» деген бұйрық алғандықтан орнынан қозғала алмайды. 
Желге шыдауы, селге тойтарыс беруі, оның бағынудағы мықтылығын кӛрсетеді. Түйе 
де үстіне жүк арту үшін шӛгу арқылы ӛзіне зияны тиетін іске барады, осындай бағыну 
заңына мойынсұнып, сол арқылы ғибадат жасайды.
Бір планета болса жүр деген бұйрық алғандықтан бір сәт те тоқтамастан 
айналып жүреді.
Адамдар да дүниелік ӛмірлерін жалғастыру үшін бірқатар бұйрықтарға 
мойынсұнады. Мысалы, ауа жұтады, кӛзімен кӛреді, құлағымен естиді, тілімен 
сӛйлейді.
Осы мойынсұнулардың барлығы ғаламның сұлтаны болған Сани Зүлжелалды 
кӛр кӛздердің ӛзіне кӛрсетіп береді
48
.
Ібіліс бағынбаушылығына байланысты шайтан болды 
Аллаһ (жәллә жәләлуһ) ХазіретАдам пайғамбарды жаратты, оған ӛз рухынан 
үрлеп, періштелерге осы жаратқан болмысына сәжде жасауды бұйырды
49
. Сәжде жасау 
бұйрығы адамның халифа болуының бір кӛрінісі секілді еді. Сәжде негізінде Аллаһ 
Тағалаға жасалған еді. Ӛйткені, Одан басқа болмысқа сәжде жасалмайды. Адам 
(алейхисселам) бұл жерде тек бір құбыла болатын. Бірақ, оның құбыла болып таңдалуы 
халифа сайлануынан келіп туындайтын. Періштелер осы иләһи таңдауды құрметпен 
қабылдап, мұны сәжде бұйрығына мойынсұну арқылы кӛрсетеді.
Иә, барлық періштелер дереу сәжде жасайды. Бірақ, бұл бұйрыққа бағынбаған 
бірі бар еді. Тәкаппарлығына, менмендігіне салынып, ақиқат ұлылыққа апаратын 
сырдың сәждеде екенін ұғына алмаған бірі еді бұл. Ібіліс сәжде бұйрығынан теріс 
айналып, мойынсұнушылық шеңберінен шыққан еді. Құран әр жерде Ібілістің сәжде 
жасамауын былай түсіндіреді: 
«Сол кезде періштелерге: «Адам үшін сәжде жасаңдар!» дедік. Ібілістен басқа 
барлық періштелер сәжде жасады. Ібіліс мұны жасамады, менмендігін жеңе алмай, 
кәпірлерден болды». (Бақара, 2\34) 
44
Қ
ара
ң
ыз: 
Ә
ли 
Ғ
ымран, 3\99-104, Ен
ғ
ам, 6\116-117, 121
45
Омар
Махир Алпер, «Итаат», ДИА, 23\444-445 
46
Қ
ара
ң
ыз: Ниса, 4\125; Ен
ғ
ам, 6\106; Араф, 7\3, 157; Юнус, 10\109, Нахл,16\50, Шуара, 26\151-152, 
Локман,31\21, Ахзап,33\2, Ясин, 36\11, З
ү
мер, 39\55
47
Қ
ара
ң
ыз: Ба
қ
ара, 2\132; Ниса, 4\13, 69 
48
Мехмет Кыркынжы, Н
ү
ктелер, 50-б. 
49
Хижр, 28-29 


21 
Сол кезге дейін мыңдаған жыл ғибадатқа берілген болып кӛрінген Шайтан 
ХазіретАдамның тек балшық түріндегі жағдайына қадалып қалып, оның мәніндегі 
тереңдікті кӛре алмайды. Тәкаппарлығы бұған кедергі болған еді. Турасы, бұйрыққа 
бағынудағы даналықты түсіне алмағандығынан және шынайы құлшылықтың 
мағынасын түсініп, оны барлық сезімімен сезіне алмағандығынан сәжде бұйрығын 
ақылына сіңіре алмай, бұл бұйрыққа бағынбады. Хақ Тағала (жәллә жәләлуһ) оны 
бағынбағандықтан рақымдылық есігінен қуып, сол кезге дейін жасаған барлық 
жақсылығын жоққа шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет