Қызметі мен аудармада берілу тәсілдері б. Е. Боранкулова



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата22.10.2022
өлшемі491,06 Kb.
#44982
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мақалалар жинағы

 -Үшкірсе, кейде ашылып қалады. Үшкірген жағады, - деді.
[4, 22 б.] 
  
Үшкіру халықтың діни нанымынан пайда болған, құран сөзін немесе 
аятты айту арқылы емшілердің, тәуіптердің ұшынған адамды емдеу тәсілі.
«Үшкіру, ішірткі жазу, қасида оқу» молдалықтың ел үйренген 
дағдысы екені рас.
[4, 22 б.]. Автор халықтық медициналық сөздер атау 
қызметін атқарып, ел арасында сырқаттың кеселіне ем болатындығына үміт 
артатындығы, алайда Абайдың көңіліне қонбайтындығын меңзейді. 
  
Жоғарыдағы талданған халықтың діни-нанымдары мен әдеп-
ғұрыптары байланысты емдеу түрлеріне қатысты лексика адамның белгілі
бір сәттегі психологиялық күйі-қалпын дәл беру немесе номинациялық 
қызметін атқаратындығын айтуға болады.
Енді романдағы этномедициналық лексиканың ағылшын және орыс 
тілдеріндегі аударма нұсқаларын аудармашылық параллельдік салыстыру 
арқылы қолданылған аударылу тәсілдері мен аударма сәйкестіктері 
қарастыралық. 
Қай тілде болмасын медициналық лексиканың, нақты айтқанда 
терминдердің лексикалық-семантикалық дублеттері және диалекттердің 
болуы экстралингвистикалық, әдет-ғұрпы мен мәдениетімен байланысты. 


Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020 
122 
Ағылшын немесе орыс тілтанымында жоқ медициналық лексика қазақ 
халқының көне заманнан өз емдеу іс-шараларының немесе медицинасының 
болғанын көрсетеді. Аталған тілдік 

мәдениетаралық ерекшеліктер реалий 
сөздер деп аталатындығы белгілі.
Реалия – сөздердің анықтамасы мен түрлеріне қатысты болгар 
ғалымдарының С. Влахов және С. Флорин бірнеше (баламасыз лексика, 
экзотизм, варваризм, алиенизм, фондық лексика, этнографизм, локализм, 
лакуна) жағдайды талдай келе, келесі тұжырым келеді: «это слова (и 
словосочетания), называющие объекты, характерные для жизни (быта, 
культуры, социального и исторического развития) одного народа и чуждые 
другому, будучи носителями национального и/или исторического колорита, 
они, как правило, не имеют точных соответствий (эквивалентов) в других 
языках, и, следовательно, не поддаются переводу на общем основании, 
требуя особого подхода» [7, 47 б.].
Сондықтан аудармашыға 
тілді жетік білу жеткіліксіз. Бір тілден 
екінші тілге аударма жасау барысында басты мән берілетіні 

аялық білім. 
Ол тарихи-мәдени, әлеуметтік-мәдени, этникалық-мәдени, семиотикалық 
фондарды қамтиды. Этникалық мәліметтердің тілде қолданылуы, басқа 
тілге аударылуы кезінде бұлжымай орындалатын өзіндік ережелері болады. 
Аудармашы осындай аялық білімді терең меңгергенде, оның жұмысы 
көңілге қонымды, оқуға түсінікті болады. Сол себепті халқымыздың әртүрлі 
салт-дәстүрлеріне қатысты мәліметтерді зерттеп-зерделеп отыру да 
аудармашының біліктілігін арттыратын тәсілдердің бірі. 
Аялық білімді құрайтын реалий-сөздерді бір тілден екінші тілге 
аударудың тәсілдері қандай деген сұраққа келетін болсақ, тағы да 
жоғарыдағы болгар ғалымдарына сүйене отырып, реалияларды аударуда 
кездесетін негізгі 2 қиындықты атап көрсететінін атап өтейік: 1) бір тілде 
бар объекті атауының екінші тілде (ұқсастығының, баламасының) болмауы; 
2) реалияның семантикасымен қатар колоритін (коннотациясын) беру 
қажеттігі. Алайда, «аударылмайтын сөз жоқ». Сондықтан аудармашы өзінің 
жалпы теориялық біліміне, аялық біліміне, тәжірибесіне, ішкі түйсігіне 
сүйеніп және сөздің контекстуалдық жағдайына қарай, реалияларды 
аударудың тиімді тәсілдерін аудармашы өзі таңдауы тиіс. 
С. Влахов және С. Флорин транскрипция және аударма (ауыстыру) 
тәсілдерін ұсынады.
Аударма (ауыстыру) тәсілін 3 топқа бөледі: 


Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020 
123 
1 Неологизм жасау: калькалау, жартылай калькалау, адаптациялау, 
семантикалық неологизм; 
2 Жуық аударма: тектік-түрлік сәйкестік арқылы, функционалдық 
ұқсастық, сипаттау, түсіндіру, анықтамасын беру. 
3 Контекстуалды аударма 
Мақалада Мұхтар Әуезовтың «Абай жолын» романының А. Кимнің 
орыс тіліндегі және Л. Наврозовтың ағылшын тіліндегі аудармаларындағы 
халықтық медициналық лексикасының берілуін салыстырып, талдап 
көрелік: 
 
Түпнұсқа:

Сорлы бала қыста іш құста болып қалған-ау, 

деседі. [4, 15 б.]
Орыс тілінде: 
– Апырай! Как же парнишка торопится в аул!
– Видать, за зиму изголодала до костей тоска по дому. [8, 3 б.]
Ағылшын тілінде: 
Poor boy! He must have been dying from boredom in that madrassah all 
winter! [9, 17 б.]
 
Іш құста болу немесе іш құса болу қазақ тілінде адамның психикалық 
күйін білдіретін соматикалық фразеологизм, яғни уайымдау, қайғылану. 
Орыс тіліне метафоралық аударма арқылы жасалған. Ағылшын тіліндегі 
нұсқасында аудармашы to die of boredom идиомасы арқылы бейнелік 
мағынасы арқылы семантикалық аудармамен берген.
Түпнұсқа: 
-Үшкірсе, мына балаң молда болып келді ғой. Үшкірт балаңа, - деп 
Айғыз күлді. [4, 22 б.]
Орыс тілінде: 
– А почему бы нам не попробовать? – весело поддержала старшую 
мать красавица Айгыз. – Вот, внук пусть и подует. Ведь Абай вернулся к 
нам почти что муллой! [8, 19 б.]
 
Ағылшын тілінде: 
“That’s good,” laughed Aigiz, "your grandson is already a mullah; let him 
blow if it helps!” 
[9, 30 б.]


Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020 
124 
Үшкірсе-үшкіру халықтық медициналық сөзінің орыс тіліндегі 
аудармасын баламалау арқылы подуть-үрлеу жәй етістігімен тәржімалаған. 
Алайда, семантикалық жағынан халық емінің сыры аса түсіндірілмегендей 
көрінеді.
Ағылшын тіліндегі нұсқасы да орыс тілінен калькаланып,
to blow 
мағыналы етістігімен аударылған.
Түпнұсқа: 
Ұшады бозша торғай көдені ықтап,
Басасың аяғыңды нықтап-нықтап,
Кәрі әжем естімейді, нана берсін, 
Берейін өлеңіммен шын ұшықтап...- деп келіп, тағы да «су-ф-ф!» деп 
қойды. [4, 23 б.] Орыс тілінде: 
Как пташка к югу стремит полёт,
Так ты слышишь, пркрасная, вперед...
Не слышит бабушка – пусть с верой ждет
Я излечу ее моим стихом! 
Когда он закончил и снова шумно выдохнул бабке в ухо: «суф-ф-ф!» 
[8, 21 б.]
Ағылшын тілінде: 
But tarry a while, why hurry away 
Like a bird on the wing to the south on its way? 
And Granny can't hear a word that I say- 
But stilt she is waiting for me to pray! 
“Su-uff” he blew into her ear again 
[9, 31 б.]
Түпнұсқадағы ұшықтап-ұшықтау реалий сөзін А. Ким орыс тіліне 
лечить етістігінің арқылы аурудан толық айығу мағынасын излечить 
нұсқасымен контекстуалдық аударма жасаған. Мұндағы из қосымшасы 
бірнәрсені соңына дейін жеткізу іс-қимылын білдіреді. Сонымен қоса, бір 
жол өлеңнің адекватты аудармасы да берілген. 
Ағылшын тіліндегі аудармасы өлеңнің әдеби адекватты аудармасы 
сақталғанымен ұшықтап лексикасы түсіп қалған. Бірақ 
blew into 
етістігімен және “Su-uff” магиялық еліктеу элементінің транслитерациясы 
оның орнын компенсациялап тұрғандай.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет