Қызметі мен аудармада берілу тәсілдері б. Е. Боранкулова



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата22.10.2022
өлшемі491,06 Kb.
#44982
1   2   3   4   5   6
Әдістеме 
Мұхтар Әуезовтың «Абай жолын» бүкіл дүние жүзі таныған, қазақ 
халқының тарихын, өмірін, салт-дәстүрін бейнелейтін, ұлы шығарма екені 
белгілі. М. Әуезовтың шығармалары негізінде Е. Жанпейсов қазақ тілінің 
этномәдени лексикасын (оның ішінде халықтық медицина лексикасы да 


Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020 
120 
бар), бірлескен авторлар Абай шығармаларының тілін қамтитын сөздік 
жасап, ұлы тұлғаның халықтың мәдениетіне, әдебиетіне, ойы мен тіліне 
қосқан үлесін көрсетеді.
Мақаланың мақсаттарының бірі «Абай жолы» роман-эпопеясында 
кездесетін медицинаға қатысты лексика қарастырылып, оның көркем 
шығармадағы қызметін анықтауға бағытталды.
Жұмыс барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-
эпопеясындағы халықтық медицинаға қатысты лексика жинақталып
анықталған медицинаға қатысты сөздер мен сөз тіркестеріне тарихи-
этимологиялық және лексико-семантикалық талдау жасалды. Сонымен 
қатар, романдағы этномедициналық лексиканың қызметі қарастылырып, 
олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі аударма нұсқаларын 
аудармашылық параллельдік салыстыру арқылы қолданылған аударылу 
тәсілдері мен аударма сәйкестіктері зерделенді. 
Талқылау 
Тіл білімі маманы Қ. Ғабитханұлы американдық ғалым, лексикограф 
Уилфред Джон Фанктың «
Word Origins and Their Romantic Stories» атты
еңбегіне сүйене келіп, оның тіл мен мәдениет байланысы туралы айтқан 
мына бір үзіндісін келтіреді: «Тілдегі лексика құдды айна тәрізді, ол арқылы 
бір ұлттың өткен өмірімен танысуға болады» [3, 5 б.].
Этномедицина элементтері 

халықтық ем-домдар, бақсы-балгерлер 
шаралары, емдік дәрі-дәрмек атаулары белгілі бір этностың 
тарихымен, 
оның материалдық мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты 
болғандықтан 
мыңдаған жылдар ішінде ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп, 
халық арасында таралып келген. Олардың ішінде ұлттың тарихы, 
мәдениеті, салт-дәстүрімен байланысты аздаған мәліметтері ғана әдеби 
шығармалар мен этнографиялық еңбектерде кездестіруге болады.
Шығармада 
қазақ 
халқының 
материалдық 
және 
рухани 
құндылықтарын қамтитын лексиканың ішінде этномедицина лексикасын да 
кездестіруге болады. Зерделенген сөздер мен сөз тіркестердің ішінде 
жалпы қолданыстағы (мүкіс, соқыр, көк тамыр, ауру, лоқсу, запыран, зәр, 
аш өзек, індет, іш ауру, оба) және халықтың діни-нанымдары мен әдеп-
ғұрыптары байланысты емдеу түрлеріне (іш құста болу, ұшықтау, үшкіру, 
қоспа, ішірткі жазу, құшынаш, бақсы, балгер, қойдың өкпесімен қағу) 
қолданылған.


Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020 
121 
Бірінші кітаптың «Қайтқанда» атты тарауында оқудан келген жас 
Абайдың ел ішіндегі әділетсіздікті, заңсыздықты көріп, ауыр жағдайға 
соғады, қамығады. Оны автор былай береді:
1-мысал 
-Немене, қарағым? Ұшындың ба, әлде,-деп, бірдеңе білгісі келіп еді, 
Ұлжан: -Ұшынған ғой, тимейік. Жатып ұйықтап тұрсын,-деп, малшы 
қатын Қатшаны шақырып ап. 
[4, 47 б.] 

2-мысал 
Алғашқы күндер біреу «ұшынған» деп, біреу «соқпа» деп, тағы біреу 
«сүзек» деп, әр түрлі топшылағанмен, дәл басқан ешкім жоқ.[4, 50 б.]
Бұл екі мысалдағы ұшыну немесе ұшығу сөзі медицина саласының 
ғалымы А. Алдашевтың еңбегі бойынша халық емшілерінің таза 
сақталмаған асқа жын-шайтан қонып, адам науқастанады деген сенімі 
бойынша пайда болған [5, 23 б]. Екінші бір деректе ұшық пен ұшыну түрлі 
қаскөй зиянкестердің тамақты арамдап кетуінен болады [6, 47 б]. 
Жұрттың құлағы мүкіс әжесі өзіне айтылған әзілінен кейін Абайдың 
көңілі түспесін деген оймен, құлағына ем салса, сауығатындай кейіп 
танытқанын суреттеу үшін М. Әуезов халық емінің келесідей түрін 
қолданады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет