Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет6/46
Дата11.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде инклюзивті білім 
берудің орны. 
Қазақстан 
Республикасында 
білім 
беруді 
дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында, орта білім жүйесінің 
ағымдағы жай-күйіне жасалған талдау бойынша «соңғы жылдары мүмкіндіктері 
шектеулі балалар санының өскен, 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 
2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру 
бағдарламаларымен қамтылғандығын көрсетті. Аталған категория балаларын 
оқыту 35 арнайы балабақшада, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 228 
арнайы топтарында, республика бойынша 101 корркециялық мектепте және 
жалпы білім беретін мектептердің 1096 арнайы сыныптарында жүзеге асады». 
Бұл дегеніміз өз білім беру жүйемізде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты 
ұйымдастырудың өз жолын құруымыз керек деген сөз. 
Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. 
Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан 
балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды. 
Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық зағип 
балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі шықты. 
Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді 
болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан. 
Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап 
әлеуметтік 
және 
медициналық-педагогикалық 
корекциялық 
амалдары, 
психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды 
ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы»,
«Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында
мүгедектерді қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда 
бекітілген. 
Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу 
қажет. Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман 


13 
қажет,сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік, 
дағдыларды қалыптастыру керек. 
Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету, 
оларды оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында 
орналасқан. 
Қазақстанда кемтар 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 
102 арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, 
оның ішінде: 9 ұйымда – соқыр және нашар көретіндер үшін (1392 адам); 20 – 
саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу қабілеті 
нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған 
балалар үшін; 56 – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 – 1710 психикалық дамуы 
кем балалар үшін. 
Дегенмен, арнаулы білім беру мекемелері әр түрлі мүгедектік 
топтарындағы балалардың білім алудағы қажеттілігін қамтамасыз етпей отыр. 
Осылайша, 
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультациялар 
тіркеген 10788 саңырау және нашар еститін балалардың 2944-і (27 %-ы) ғана 
арнаулы білім беру ұйымдарында білім алады. Жалпы білім беретін 
мектептердің 425 арнаулы сыныптарында 5167 оқушы оқиды; 36 арнаулы 
мақсаттағы балалар бақшасында және 236 көпшілікке арналған балалар 
бақшаларының арнаулы топтарында 9906 мектеп жасына дейінгі бала бар. 
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдаудың 
типтік ережесінде І және ІІ топ мүгедектерінің көрсеткіштері бірдей болған 
жағдайда, жастайынан мүгедектерді, сонымен бірге мүгедектердің осы 
санатында бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу 
кезінде орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы 
аумақтық бөлімшесінің таңдалған мамандық бойынша білім беру ұйымдарында 
оқуға болатыны туралы қорытындысы болу керек. 
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында туа біткен 
жүрек кемістігі, көру қабілетінің нашарлауы, туа біткен соқырлық, ревматизм, 
есту қабілетінің нашарлауы, олигофрения және басқадай аурулармен ауыратын 
540 мүгедек оқиды. 
Әрбір мүгедек оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргеннен 
кейін одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі. 
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына мүгедек 
балалар медбикелердің тұрақты қадағалауында болады, қажеттілігіне қарай 
алдын ала емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты 
бойынша ұйымдастыру жұмысы (спорттық секциялар, арнаулы үйірмелер, 
диспуттар), жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды 
кәсіптік мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне 
араластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. 
Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға 
қол жетімділігін кеңейтуге бағытталған оң өзгерістер "Кемтар балаларды 
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы" 


14 
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында психологиялық-
педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар үшін 
жаңа типті мекемелер желісінің дамуына жол ашылды: 16 облыстық және 
республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларының психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультацияларына (бұдан әрі – ПМПК) қосымша 
18 жасқа дейінгі 60 мың балаға арнап 17 қалалық және аудандық ПМПК, 7 
оңалту орталықтары, 20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері 
ашылды. 
Кемтар адамдарды оқытудың әр түрлі кіріктірілген нысандарының саны 
елеулі түрде артуда. Арнаулы білім саласындағы инновациялық процестер 
кемтар балаларды дені сау балалар білім алатын ортаға кіріктіруге бағытталған. 
Алайда кемтар балаларға білім беру мәселелері әлі де толыққанды 
шешілуден көш алыс. 
Кіріктіріп білім беру ішінара формальды сипатқа ие, мұны жалпы білім 
беретін мекемелердің бағдарламалары растап отыр, олар кемтар балалардың 
даму ерекшеліктерін жете ескермейді. 
Инклюзивті білім беру мектептерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуді, 
педагогтардың түзеу педагогикасы және арнаулы психология саласында 
қосымша білімдерінің болуын көздейді. Шындығында мұндай педагогтар әзірше 
жетіспейді. 
Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының 
ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, 
оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы 
бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық 
сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. 
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 
жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан 
дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына 
түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы 
адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2012.09.01. берілген 
өзгерістер мен толықтыруларымен) 8-бабы «Білім беру саласындағы 
мемлекеттік кепілдіктер» бөлімінде: «Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж 
Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау 
шығыстарын толық немесе ішінара өтейді» делінген. Ал, әлеуметтік көмек 
көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатында – даму 
мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, 
мүгедек балалар да бар. 
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды 
әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» 
2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, Түпнұсқада кемтар балаларды 
әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдаудың нысандары 
мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң 


15 
тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау 
iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға 
бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған. 
Мемлекет тарапынан көмек қажет ететін балалар категорияларының негізгі 
көрсеткіші – балалардың әлеуметтік статусын анықтау болып табылады. Балалар 
мәртебесін анықтау құқықтық нормативтерге сүйене отырып өте мұқият 
қаралуы керек. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтік статусын 
құрайтын бірнеше критерийлер белгілі: денсаулық, жетім қалу, мінез-құлық 
ауытқушылығы, қатігездік таныту, экологиялық аймақта қоныстану, отбасы 
өмірінің деңгейі, «әлеуметтік тәуекел» отбасылары, қараусыз балалар және 
қаңғыбас балалар. 
Денсаулығына байланысты үкімет тарапынан, әлеуметтік қоғамнан қолдау 
қажет ететін мүгедек балалар санатына мыналар жатады: 
- 0–18 жас аралығындағы мүгедек балалар, оларды өзара жасына байланысты 
топтарға бөледі: 0 – 3 жас аралығындағы, 4 – 16 жас аралығындаға, 16 – 18 жас 
аралығындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар; 
-әлеуметтік мағынадағы ауруы бар балалар: СПИД, туберкулез, нашақорлық, 
ішкіштік, таксикомания; 
- психолгиялық ауытқулары бар балалар; 
- радиациясы жоғары аймақта тұратын балалар. 
- әлеуметтік көмекті қажет ететін балалар қатарына тағы да жетімдер, қатігездік 
көрген балалар, эксплуатацияланғандар, қаңғыбас, қараусыз балалар. 
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың саны күннен күнге көбейіп келе 
жатқандықтан еліміздегі денсаулық сақтау, білім, және әлеуметтік қорғау 
институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап етіп отыр. 
ҚР парламентінің депутаты Г.Қарағұсова Астанада журналистермен 
өткізген баспасөз маслихатында министрліктің мемлекеттік бюджеттің ірі және 
шығыс бөлімдерін талдау мен өркениетті түрде айналысатындығын, бұл өз 
кезегінде министрліктің зейнетақылар мен жәрдемақыларды нақты төленуіне 
бақылау жасауды күшейтетіндігін айтқан болатын. Өз сөзінде Г.Қарағұсова: 
«Қазақстанда кәсіби аурулардан, жалпы аурулардан, туа біткен немесе жүре 
пайда болған мүгедектік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу базасы жоқ. 
Осының бәрін құру керек. Біз әлеуметтік мәселелермен айналысатын, мәселен, 
көп балалы отбасылар ассоциациясы мүгедек балалары бар аналар бірлестігі 
және басқа да қоғамдық ұйымдармен шынайы өзара қарым-қатынастарға жол 
ашуымыз керек,» — деген болатын. Мүгедек жандар мүддесіне байланысты 
айтылған министрдің бұл бастамаларының нәтижесін уақыт көрсетіп отыр. 
Елімізде мүгедек жандар құқығын қорғауға байланысты заңдар қабылданып, 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 
Мемлекеттің өркениеттілік деңгейі басқа өлшемдермен қатар, ондағы 
кемтар адамдардың ахуалынан да көрінеді. 


16 
Кемтар балалар өсе келе өздерін қоғамымыздың толыққанды мүшесі
сезінуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып, олардың құқықтары заң 
жүзінде бекітіліп, орындалуға тиіс
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдеде қабылданған «Кемтар 
балаларды әлеуметтік және медициналық, психологиялық-педагогикалық түзету 
арқылы қолдау туралы» заңы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.Оның 
бір ерекшелігі — біздің елімізде мұндай заң алғаш рет қабылданып отыр. Заң 
бойынша, кемтар балалар санатына белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, 
тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың 
салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және (немесе) психикалық кемістігі 
бар он сегіз жасқа дейінгі балалар жатады. 
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 
ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау 
саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк 
қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене 
араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және 
ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет