Изучение подлежащего как структурно-семантического компонента простого двусоставного предложения

бет2/6
Дата06.10.2023
өлшемі84,32 Kb.
#112930
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№3лекцияA (копия)

Зерттеудің басты мәселесін анықтау көп адам үшін ешқандай қиындық тудырмайтындай көрінеді. Жас зерттеушілер зерттеудің басты мәселесін тақырыптың өзектілігі ұғымымен байланыстырады. Тақырыптың өзектілігін бүгінгі күннің сұранысымен, адамдардың көпшілігі үшін қызықтығымен, бұрын зерттелмегендігімен // аз зерттелгендігімен т.с.с. байланысты жалпы сөздермен, ортақ фразалармен, бәрімізге таныс бірсарынды пікірлермен түсіндіреді.

Айталық, сіз Қазақстандағы тұрмысы төмен отбасылар тақырыбында зерттеу жұмысын жазғыңыз келеді. Сіз бірден нарықтық қатынастардың дамуымен, қоғамда жұмыссыздықтың көбеюімен өмір сүру деңгейі төмен отбасылар пайда болғанын, оларға берілетін жәрдемақының мардымсыздығын жаза бастайсыз. Сіздің ойыңызша, мәселе өзекті, себебі, біріншіден, бүгінгі күннің проблемасы, екіншіден, бұл мәселе бұрын аз зерттелгендіктен, өте қажетті болып табылады.

Бұл пайымдауда ешқандай зерттеу мәселесі жоқ, себебі елде тұрмысы төмен отбасылар проблемасы бар екендігі бәрімізге белгілі, ол туралы теледидардан көріп, газеттен оқуға болады. Бұл жердегі зерттеу мәселесі қандай деген сұрақ туындайды. Кедейлер мәселесі, жұмыссыздық, мемлекеттік тілді қолданудың бүгінгі жай-күйі, жетім балалар, жастарды тұрғын үймен қамту т.с.с. сұрақтар зерттеу мәселесі бола алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет