Зерттеу мәселесін басқа біреу (оқытушы немесе ғылыми жетекші) анықтап береді деп күтудің қажеті жоқ. Бұл – таза авторлық, тек қана сіздің жеке басыңыздың міндеті. Осы айтылғандар, әсіресе, әлеуметтік ғылымдар үшін өте маңызды, өйткені сіздің азаматтық және құндылық ұстанымдарыңыз тақырып таңдау кезінде маңызды рөл атқарады, сондықтан неліктен осы мәселені (жұмыссыздық, жас отбасылар) таңдап отырғаныңызды, ең бірінші, өзіңізге түсіндіргеніңіз дұрыс.
Сіз өзіңіз жас отбасысыз немесе жұмыссызсыз ба немесе болашақта осы мәселемен кездесемін деп қорқасыз ба не туыстарыңыз бен достарыңыз арасында осы мәселе бар болғандықтан, оны талдағыңыз келе ме? Ең бастысы, неліктен бұл мәселе басқалар үшін қызықты болуы мүмкін? Осы сұрақтарға жауап іздеу керек.

Зерттеу мәселесі дегеніміз – қандай да бір оқиға немесе құбылыс турасындағы біздің біліміміздің ол жайлы басқа білімдерге, күнделікті, қарапайым, ақылға қонымды түсініктерге сәйкессіздігі. Бұл – қандай да бір парадокс, керек десеңіз, шешуге ұсынылатын жұмбақ, түсіністіктердегі қарама-қайшылық, мән-мағыналар мен түсіндірулердің сәйкес келмеуі.

Осы айтылғандар зерттеуші оңай өтіп кетуге немесе айналып өтуге болмайтын кедергілерге кездескен кезде пайда болады. Мәселені шешу үшін белгілі мақсатты әрекеттер жасау, басқа жол іздеу, кедергілерді жою, жоғары немесе төмен, оңға немесе солға жүру қажет болады.