Жоғары оқу орындарының тәжірибесінде кафедралар, оқытушылар кейде нақты тақырып ұсынады, кейде таңдауға бірнеше зерттеу тақырыбын ұсынады, кейде тақырып таңдау еркіндігін студенттің өзіне қалдырады. Кейбір оқытушылар жазбаша жұмыстың көлемін, құрылымын, стилін өзі анықтап береді, кейбірі бұлай жасамайды. Қалай болғанда да, берілген тапсырманы түсінгеніңізге әбден көзіңізді жеткізіңіз. Тапсырманы орындау туралы қандай да бір сұрақтарыңыз болса, оқытушыдан түсіндіруін өтініңіз. Сізден не талап етілетінін білгеннен кейін зерттеуіңіздің басты мәселесін анықтап алыңыз.

Зерттеудің басты мәселесін анықтау көп адам үшін ешқандай қиындық тудырмайтындай көрінеді. Жас зерттеушілер зерттеудің басты мәселесін тақырыптың өзектілігі ұғымымен байланыстырады. Тақырыптың өзектілігін бүгінгі күннің сұранысымен, адамдардың көпшілігі үшін қызықтығымен, бұрын зерттелмегендігімен // аз зерттелгендігімен т.с.с. байланысты жалпы сөздермен, ортақ фразалармен, бәрімізге таныс бірсарынды пікірлермен түсіндіреді.