Осы айтылғандар зерттеуші оңай өтіп кетуге немесе айналып өтуге болмайтын кедергілерге кездескен кезде пайда болады. Мәселені шешу үшін белгілі мақсатты әрекеттер жасау, басқа жол іздеу, кедергілерді жою, жоғары немесе төмен, оңға немесе солға жүру қажет болады.
Зерттеу мәселесі қызықты, күтілмеген, ең кем дегенде, бәріне белгілі болмауы керек. Дәл қазір жауабын бере алмайтын сұрақ қажет. Осы сұрақ сіздің зерттеуіңізге басқалардың қызығушылығын тудыратын қармақ секілді болады. Өз мәселеңізбен өзгелерді қызықтыру – оңай жұмыс емес. Өз зерттеуіңізге басқалардың назарын екі жағдайда ғана аудара аласыз: біріншіден, басқа адамды сіздің тақырыбыңыздың қандай да бір өзгеше қыры қызықтыруы мүмкін немесе, екіншіден, сіздің көзқарасыңыз оның осы мәселе туралы көзқарасына, пікіріне қарсы келуі, сөйтіп сіздің қызығушылығыңыз оның қызығушылығымен сәйкес келуі мүмкін.

Осы айтылғандар жүзеге асатын болса, сіздің көтеріп отырған мәселеңіз тек тағы бір «өзекті тақырып», ал жұмысыңыз тек тағы бір ғылыми мәтін ғана емес екені түсінікті болады, яғни сіз бұл жұмысты жазуға тек уақытыңызды ғана емес, өзіндік «меніңізді» де салғаныңыз, осы зерттеу мәселесіне бей-жай қарамайтындығыңыз көрінеді. Олай болса, сіздің айтарыңыз мол, басқа адамдар осы мәселе туралы толық және жан-жақты ғана емес, қызықты да ақпарат ала алатынына сенімді болады.