Туынды түбірлер тілдің қазіргі даму сатысына сай танылады. Сондықтан туынды түбірдің құрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұруы қажет. Мысалы, кедей<кедей+лік, қымызхана<қымыз+хана, көкте<көк+те т.б. Бұл жағдай тарихи тұрғыдағы туынды түбірлерге қатысты емес. Тарихи тұрғыдағы туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі жойылған. Сондықтан олар қазіргі тілдің даму сатысында туынды түбір саналмайды. Мысалы, түркологтар жой – жоқ, той – тоқ сөздерін көне заманда туынды түбір болған түбірлес сөздер деп дәлелдеген. Қазіргі тілдің даму сатысында бұл сөздер туынды түбірлер ретінде танылмайды, олар негізгі түбірлер саналады.