Туынды сөздің құрамы бір негізгі, бір көмекші морфемадан құралады немесе екі негізгі морфемадан тұрады: жылытқы, есептеме, сәулетші, медбибі, жолбасшы т.б.
Сөздің құрамы мен мағынасындағы өзгерістен сөзжасамда жаңа сөз жасалады: оқу – оқулық, мал – малшы, сауда – саудагер т.б.
Сөздің құрамы мен мағынасындағы өзгерістен сөзжасамда жаңа сөз жасалады: оқу – оқулық, мал – малшы, сауда – саудагер т.б.
Туынды сөз бар жерде оның жасалуына негіз болған екінші сөз болады. Туынды сөз негізгі сөзден кейін жасалғандықтан, оның құрамы екі морфемалы болуы міндетті. Бұл заңдылыққа тек лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер ғана қайшы келеді.