Известия казумоимя имени Абылай хана серия «филолог…»


Халықаралық алмасу бағдарламаларының кемшіліктері



Pdf көрінісі
бет147/173
Дата09.05.2022
өлшемі3,43 Mb.
#33204
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   173
 
Халықаралық алмасу бағдарламаларының кемшіліктері: 
1) мҽдени есеңгіреу, жаңа елде, жаңа жерде бҽрі бейтаныс болып кейбір 
түсінбеушіліктерді 
бастан 
өткізу 
(денсаулығы 
сыр 
беру, 
жаңа 
технологияларды дұрыс пайдалана алмау, қарапайым мҽселелерді шеше алмау, 
жалғыздық, туған жеріне сағыныш, транспорт тапшылығы, тб.); 
2)  көп  бағдарламалар  аясында  жатақханалар  мен  жанұяларға  бөлгенде 
олар расында түсінбеушіліктер болу; 
3)  кейбір  бағдарламалар  аясында  шетелде  білім  алу  тегін  болғанымен, 
жүріп-тұру,  тамақ,  жол  сияқты  нҽрселерге  өз  қаражатын  жұмсау,  яғни 
қаражат мҽселесі; 
4)  шетелдерде  күтпеген  оқиға,  апат  немесе  қылмыстық  ҽсерлерге 
ұшырау; 
5)  оқу  бағдарламалары  арасындағы  алшақтық  салдарынан  оқу  үрдісінде 
мҽселелер  туындау  (бағалау,  силлабус,  оқу-ҽдістемелік  кешен,  тҽртіп, 
академиялық жазалау, жазбаша жҽне өзіндік жұмыстар); 
6) мҽдениаралық байланыстар мен мҽдени, ұлтаралық шиелістерге ҽкеліп 
соғу; 
7)  мҽдени  құндылықтар,  мінезқұлықтар,  стереотиптік  қылықтардың 
салдарынан  түсінбеушіліктер  (оқытушы  мен  студент  арасындағы  қарым-
қатынас,  тамақ  жеу  үлгісі,  топта  немесе  жеке  орындарда  өзін  ұстау, 
шыдамдылық, икемділік мҽселелері, уақыт айырмашылығы); 
8)  барған  елінің  тілін  меңгермеу  немесе  еркін  сөйлеу,  яғни  тіл 
айырмашылығы мҽселесі; 


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы 
174 
9)  жұмыспен  қамтуда  білім  алушылар  өз  елінде  істемеген  ауыр 
жұмыстар істеуі мүмкін (далада шөп жұлу, бала күтушісі, аттракциондарда 
қызмет ету, тамақ сату, газет тасу, тб.); 
10)  жоғарыда  айтқанымыздай  мұндай  бағдарламалар  ұзақ  мерзімді 
немесе  қысқа  мерзімді  болып  келеді,  білім  алушыға  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізуге уақыт аздау болуы мүмкін, яғни, уақыт тапшылығы; 
11) алмасу бағдарламаларына қатысу барысында құжаттар көптігі (екі 
немесе үш ұсыныс хаттары, шет тілдерінен тапсырған сынақ қорытындысы, 
эссе жазу, виза алу, транскрип, сақтандыру, келісім-шарт жасау тб.); 
12)  алмасу  бағдарламаларының  барлығы  дерлік  ақысыз  емес,  олардың 
ішінде  ақылылары  да  бар,  сондықтан  оның  құны  баратын  елдің 
экономикасының жоғары немесе төмен деңгейде екендігіне байланысты
13) діни наным-сенімге байланысты мҽселелер туындауы мүмкін; 
14)  алмасу  бағдарламасына  қатысушылардың  өз  еліне,  туған  өлкесіне 
қайтпай қалу мҽселесі, бөтен елдің игілігі үшін жұмыс істеуі
15)  кейбір  алмасу  бағдарламаларындағы  жас  шектеулігі  (29-35  жаска 
дейін); 
16) кейбір бағдарламаларға екінші рет қатыса алмау [5-13]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет