Известия казумоимя имени Абылай хана серия «филолог…»


«Халықаралық  алмасу»,  «алмасу  бағдарламалары»



Pdf көрінісі
бет145/173
Дата09.05.2022
өлшемі3,43 Mb.
#33204
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   173
«Халықаралық  алмасу»,  «алмасу  бағдарламалары»  деген  терминдер 
кең кӛлемде қолданылғанмен оларға берілген нақты анықтамалар жоқтың қасы. 
Жоғары  оқу  саласындағы  халықаралық  серіктестік  мәселелеріне  арналған 
кӛптеген  басылымдарда  осы  терминге  синоним  ретінде  «халықаралық 
академиялық мобилділік» термині қолданылады. ХАМ дегеніміз оқу, зерттеу 
жүргізу,  ғылыми  тәжірибе  алмасу  немесе  басқа  да  академиялық  деңгейде 
қызмет жасау мақсатында жеке тұлғаларды бір елден екінші елге жіберу болып 
табылады  [1;  378].  Академиялық  мобилділіктің  мақсаты,  міндеттері,  жалпы 
ережелері  Болон  процессі  декларациясы  бойынша  жүзеге  асады.  Дегенмен 
алмасу бағдарламаларының мазмұны академиялық оқу саласына ғана тән деген 
сӛз  емес.  Сыртқы  саяси  мәселелерді  жүзеге  асыру  үшін  үкімет  орындары 
жасайтын мұндай оқу бағдарламалары немесе шаралар мемлекеттік бюджеттен 
қаржыландырылады.  Бұған  қоса  түрлі  деңгейдегі  мемлекеттік  мекемелер 
жұмысшыларына,  саясаткерлерге  және  түрлі  сала  қызметкерлеріне  арналған 
мәдени алмасу, жастарды мезгілдік жұмыспен қамту бағдарламалары, еріктілер 
қозғалысы, «шендік туризм», техникалық оқу бағдарламалары бар. Сондықтан 
алмасу бағдарламалары ғылым және білім саласымен шектеліп қалмайды, оның 
ауқымы ӛте кең.  
Алмасу  бағдарламаларының  маңызды  тұсы  олардың  қысқа  болуы,  осы 
белгісі  бұл  бағдарламаның  4-5  жылға  созылатын  шет  елдерде  білім  алудан 
оқшауландырып  турады.  Әдетте  оның  ұзақтығы  бірнеше  аптадан  бір  жылға 
дейін мезгілде, кейде магистрлік дәреже алу болса екі жылға созылады.  
Мұндай  алмасу  бағдарламалары  ресми  түрде  екі  топқа  бӛлінеді:  
1)  оқытушыларға,  ізденушілерге,  студенттерге  арналған  академиялық 
бағдарламалар,  сондай-ақ  мемлекеттік  мекемелерде  қызмет  ететіндерге  және 
техникалық  мамандарға  арналған  бағдарламалар  (Academic  and  Government 
Programs);  2)  жеке  мағынадағы  бағдарламалар  –  студенттер  мен  оқушылар 
алмасу,  шетелдік  жастардың  тәжірибе  алмасуы  мен  жазғы  мезгілге  жұмысқа 
орналастыру (Private Sector Programs).  
Негізінен  мұндай  алмасу  бағдарламалары  АҚШ  елінде  1961  жылы 
қабылданған «Фулбрайт-Хэйс заңы» (Fulbright-Hays Act) арқылы жүзеге асады, 
ал  біздің  елде  студенттер  алмасуға  негізделген  университеттер  арасындағы 
меморандумдар  мен  ережелерге,  ҚР-ның  жоғары  оқу  орындарында  білім 
алушылардың  академиялық  мобилділігі  концепциясы,  және  ҚР-ның  Білім 
жӛніндегі Заңына сай, біздің университетте Академиялық мобилділік орталығы 
ережесіне  сай  жүзеге  асады.  Халықаралық  алмасу  бағдарламаларының 
әкімшілік басқаруы ҚР-ның Білім және Ғылым Министрлігіне қарасты. 
Қазақстан Республикасында мұндай мақсатта жасалған бағдарламалардың 
ең маңыздысы «Болашак», оның мақсаты қазақстандық студенттерге, жастарға 
шет елдерде білім алу және тәжірибе алмасу және ол елдерде алған білім мен 


ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ» 
171 
тәжірибені ӛз елінің мақсатына жарату. «Болашак» шәкіртақысы 1993 жылы ҚР 
президенті  Нурсултан  Назарбаевтың  бастамасымен  талантты  жастардың  шет 
елдердің  ең  жақсы  жоғары  оқу  орындарында  білім  алуын  қамтамасыз  ету 
мақсатында  құрылған.  10  жыл  аралығында  (1994–2004)  800  дей  шәкіртақы 
тағайындалып,  одан  кейінгі  (2005-2012)  жылдар  аралығында  оның  саны  үш 
есеге ӛскен [2]. 
Іскерлік  қарым-қатынас  немесе  байланыс  қазіргі  таңда,  жаңа  заманда 
қоғамның  барлық  салаларында  кездесіп  отыр.  Қоғамның  коммерциялық, 
іскерлік  салаларында  ӛнеркәсіптің  барлық  түрлері  мен  формаларында  сондай-
ақ жеке іскерлер мен кәсіпкерлер ретінде жеке тұлғалар кірісе бастады. Іскерлік 
байланыс  саласындағы  құзырлық  кез-келген  білім,  ғылым,  ӛнер,  ӛнеркәсіп, 
сауда  сияқты  салаларда  сәттілікке  жету  немесе  жетпеуге  байланысты  болып 
отыр.  
Адамдармен  дұрыс  қатынас  жасай  алу  іскерлік  салада,  қызметттік  және 
кәсіпкерлік  іс-әрекетте  сәттілікке  жетудің  ең  маңызды  факторларының  бірі 
болып отыр. 
Байланыс  немесе  қатынас  дегеніміз  қоғамдық  субъектердің,  әлеуметтік 
топтардың,  халық  немесе  жеке  тұлғалардың  арасында  ақпарат,  тәжірибе,  іс-
әрекет қабілеттері мен нәтиже алмасуы жүретін ӛзара қатынас жасау үрдісі.  
Іскерлік  қарым-қатынастың  ерекшелігі  нақты  бір  іс-әрекет  мақсатында 
немесе  негізінде  пайда  болатын,  қандайда  бір  ӛнім  немесе  іскерлік 
қажеттілікпен  байланысты.  Байланыстың  басқа  түрлері  сияқты  іскерлік 
коммуникацияның  тарихи  сипаты  бар,  ол  қоғамның  түрлі  жүйесінде  түрлі 
формада  байқалады.  Оның  айырмашылығы  іскерлік  коммуникация  басқа 
мақсаттарға қол жеткізудің құралы болып табылады.  
Іскерлік  қарым-қатынастың  тәсілдерін  жақсы  меңгеру  болашақ  іскер 
адамдарға  қажеті  зор  болмақ.  Мұндай  қабілет  келешекте  келісімшартқа 
отырғанда  немесе  пайдалы  іс  жасағанда  маңызды  роль  атқаруы  мүмкін. 
Сондықтан  қазіргі  таңда  іскерлік  қарым-қатынастың  маңызы  артып  оны  жан-
жақты  зерттеу  қазіргі  заманның  басты  мәселелерінің  бірі  болып  тур.  Іскерлік 
қарым-қатынас  жасаудың  ең  тиімді  түрлерінің  бірі  қазіргі  таңда  халықаралық 
алмасу бағдарламалары болып отыр [3; с. 38]. 
Халықаралық алмасу бағдарламаларының білім, халықаралық қатынастар, 
жеке тұлғалық, мәдениаралық, мәдениет, іскерлік және экономика салаларында 
бірқатар артықшылықтары бар: 
Халықаралық алмасу бағдарламаларының артықшылықтары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет