«Насос» - екі бала қарама-қарсы тұрып, қос қолдап бірінің
қолынан бірі ұстайды,
кезекпен су астында отырып, ұзағырақ
дем шығарады (73- сурет).
«Бақа» - дөңгеленіп тұру. «Шортан» деп айғайлап
қалғанда су ішінен сыртқа мүмкіндігінше биік секіреді, ал
«Құтан» деген дауыс шыққанда дереу су астына жасырынады.
«Қалайы солдат» - судың астында түрегеліп тұрады,
сырттан дабыл естілгенде екі қолды тікесінен денеге
жабыстырап,
екі аяқтың ұшымен көтеріледі, қимылдамастан
қатып-семіп тұрады да бойы ауытқып кетіп, кеудесімен суға
құлайды, суда «қалайы солдат» қалпын сақтауға тырысады.
Сурет 73.
«Дельфин» - суда түрегеліп тұрады (судың тереңдігі
белден сәл жоғары),
терең тыныс алып, екі қолды жоғары
көтеріп суда отырады, су түбін екі табанымен
тебініп қалып,
судан алға ытқып шығады да өзінен-өзі тоқтағанша су бетінде
сырғиды (74-сурет).
Сурет 74.
58
«Жебе» - суда түрегеліп тұрады, терең тыныс алады, осы
кезде
екі қолды жоғары көтеріп, суда отырады, еңкейіңкіреп
барып су түбін екі табанымен тебініп қалып, тоқтағанынша
сырғиды (75 – сурет).
Сурет 75.
«Бұранда» - алдыңғы
ойындағыдай әрекет етеді, бірақ
сырғыған кезде бір бүйіріне, арқасына аударылып, төңкеріледі,
толық
бір
айналып
дөңгеленіп
шығады
(76-
сурет).
Сурет 76
«Диірмен» - судың деңгейі белден жоғары, су түбін екі
табанымен тебініп қалып, біраз жылжығаннан кейін (арқасымен
немесе етпеттеп), екі қолын кезек-кезек қимылдатып,
белгіленген жерге дейін жүзіп баруға тырысады.
59
«Көбелек» - «диірмен» ойыны тәрізді, айырмасы екі
қолдың қимылы «дельфин әдісімен» жүзгендегідей болады.
«Торпеда» - «бақа» ойыны тәрізді, айырмасы аяқ қимылы
етпеттеп «кроль әдісімен» жүзгендегідей етіп орындалады.
«Водолаз» - айқын көрінетін бір затты су түбіне қояды
(боялған тас, гүлді тәрелке т.б.). сүңгіп барып, көзді ашып әлгі
затты табу керек.
«Горька» - биіктігі 8 метрге
дейін келетін діңгекке іші
суланған имек науа бекітіледі, басқышпен ткөтеріліп науаға
отырған бала онымен төмен сырғанап түседі (77-сурет).
«Су велосипеді» - катамаран тәрізді арнайы жасалған
қиық. Педальді аяқпен айналдырған кезде,
дөңгелектерді
қалақтарымен бірге қимылға келтіреді де «велосипед» су
бетімен жылжиды.
60
Жоғарыдағы аталған аттракциондардан басқа жиі
қолданылатын ойындар бар, олар: «Чехарда» (78-сурет),
«Карусель» (79-сурет), «Барабан» (80-сурет), «солқылдақ
бөрене» т.б.
Достарыңызбен бөлісу: