Ж. Қ. Қамысбаева суда жүзудің техникасы мен тактикасын үйрету



Pdf көрінісі
бет21/25
Дата25.04.2023
өлшемі1,92 Mb.
#86510
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
2-
жаттығу. 1. Су астында дем шығаруды үйрену. 2. 
Қалқу, суда жату және жүзу. 3.
Қолымен таянып тұрып, кроль әдісінің аяқ қимылдарын 
жасау.
Құрғақта. Жаттықтырушы дем тартудың маңызын 
түсіндіреді. Қалқу, су бетінде жату және жүзу жаттығуларын 
көрсетеді. Кроль әдісі туралы әңгімелеумен қатар өзге де жүзу 
әдістерінен мағлұмат береді. Осы әдіспен жүзуде тамаша 
көрсеткіштерге 
қол 
жеткізген 
спортшылар 
жайында, 
республикалық және дүниежүзілік рекордтар туралы айтып 
өткен жөн. 
Суда. Жаттығуға кіріспес бұрын үйренушілер 50 – 100 м 
қашықтықта өздері білетін әдіспен жүзіп өтеді. Содан кейін рет-
ретімен мынадай жаттығуларды орындауға тиіс. 
1.Кеуделерінен келетін суда тұрып, терең тыныс алып
бастарын суға батырады. Су астында дем шығармай тұруды 15 – 
20 реттен қайталау жөн. 
2. 
Екі қолымен бассейннің ернеуінен ұстап, иегін су 
бетінен жоғары көтереді, 3 – 4 рет денесін суға батырады. Терең 
дем тартады. Осы жаттығу кезінде басын 4 – 5 рет суға батырып, 
тынысып тежейді. 
3. жұптасып, қол ұстасып тұрады. Біреуі отыра қалып, суға 
енеді де, демін шығарады. Бұл алма-кезек 5 реттен орындалады. 
64 


4. терең тыныс алып, суға ену, сонан соң дем шығармай, 
су бетіне қалқып шығу 4 – 6 реттен қайталанады. Бұл жаттығу 
барысында су астында 6 секундтай болып, аяқ-қолмен аздап 
есуге машықтанады. Су бетіне көтерілгеннен кейін ұзынынан 
жатып, демді 5 – 6 реттен сыртқа шығару. 
5. су бетінде ұзынынан жатып, дем шығарғаннан кейін оң 
немесе сол бүйіріне шалқалай аударылу. Осы кезде тыныс алу 3 
– 
4 рет қайталанылады. 
Ескерту: тыныс алудың маңызы екендігін түсіндіру керек. 
Алған дем сыртқа түгел шықпаса, іштегі көмір қышқыл газдың 
әсерінен бас қатты ауруы мүмкін. Аяқпен есу қимылдары 
алғашқы кезде бір қалыпта орындалғаны мақұл. 
Жүзуді үйренушінің жіберген қателіктері жаттығу 
барысында немесе үзілістерде ескертіліп, оны дер кезінде 
жөндеуіне ықпал жасаған дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет