Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата21.01.2017
өлшемі1,52 Mb.
#2334
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

152
Сайлаубек Жұмабек
 ақшаңқан оЙлар мен шыраЙлы 
Бояулар үнДестіГі
 
Сурет көрмесінің өнердегі, өмірдегі, суретші 
шығар ма шылығындағы алар орны әрқилы сипатта 
болғаны мен, өзінің идеялық-көркемдік, эстетикалық 
маңызын ешқашан жоғалтқан емес. Осыдан болу 
керек, әрбір үлкен суретшіні шығармашылық дербес 
көрмесі көрер мен қауым үшін де, өзі үшін де мейрам 
іспетті болып келе ді. Осылай қауышу, осылай жүз-
десу екі жаққа да салиқа лы қуаныш әкеліп, көкейден 
шығып жатады. Міне, суретші Үкі Әжиевтің Қазақ 
ССР Мемлекеттік сыйлығына ұсыныл ған «Алғаш-
қы тың игерушілер» және «Тыңның құрдастары», 
сериясындағы акварельдік еңбектерінің астанамыз-
да  ғы Кино үйінің фоесінде болып өткен көрмесі – 
осын дай сапалы санаттағы көрмелердің қатарынан 
орын алады. 
Есімі көптен танымал суретші Үкі Әжиевтің 
шынайы поэзияға алуан-алуан бояуы қанық, 
сыршыл да кемел шебе 
р 
лікке көтерілген аква-
рельдік еңбектері қазіргі қа зақ бейнелеу өнерін дегі 
өзінше бір көркемдік әлем, бірегей құбылыс. Бұған 
қылқалам шеберінің суреткер  лік мұратының бүкіл 
лейт м отиві  –  жасампаз  заман дас тарымыздың  жар-
қын бейнесін, өзгерісі мол өскелең тіршілігіміз-
дің келбетін, туған республикамыздың таби 
 
 
ға-
тын 
дағы дара да қайталанбас сұлулықты ұяң да 

153
қоңыр әуезді лиризммен нәзік жырлау жолындағы 
шығар 
машылық ізденістері, соның нәтижесіндегі 
мәуелі еңбек 
тері айқын дәлел бола алады. Осы 
орайда, Үкі Әжиев суреткерлік көркемдік-эсте 
ти-
калық принциптерін көбі 
 
 
не өзінің оң жамбасына 
келетін сүйікті машығы – аква рель, түбегейлі түрде 
талмай жүзеге асырып келе жатқанын айрықша 
атап айтуымыз ләзім. Суретшінің күр 
меуі қиын, 
көп өнерпазға оңайлықпен құрық салдыр 
мас, ал 
салдыра қалған күнде де бас біліп, тізгін ұста та қоюы 
әрі екіталай, әрі неғайбыл. Таулы жердің құбыл-
малы ауасындай аумалы-төкпелі мінезді акварель 
сала сында Үкі ағамыздың еліміздегі белгілі шебер-
лердің бірі 
нен саналатындығы кім-кімді болсын 
қызықтыр 
май, мақтаныш сезім тудырмай қой-
майды. Бұл тұста суретші нің акварельдей шу асауға 
бұғалық сала білуінде ғана емес, сонымен қатар 
көшелі суреткер дәрежесіне көтері ле білуінде тау 
перзентінің бірде нәзік, бірде тентек, бі рақ қашан да 
шыншыл, ақжарқын, мәрт, жөргек мінезі нің, «қыран 
қанатынан ұстап алып» үнемі заңғар көк ке, асқар 
биіктікке ұмтылуды аңсайтын арманшыл да қай сар 
талантының табиғи үндестігі үлкен роль атқарған-ау 
деп айтсақ, сірә, қаталеспейтін тәріздіміз... 
Мәселен, бұған мысал ретінде суретшінің «Биік 
тауда ғы жайлау», «Хан Тәңірі етегінде», «Тау іші», 
«Шілік алқа бы», «Таудағы ерте көктем», «Көлсай» 
атты пейзажда 
рын келтіруге болады. Әсіресе, 
соңғы «Көлсай» пейзажы соншама нақты, соншама 
жұмбақ сияқты әсер қалдыра 
ды. Онсыз да жер 
жәннаты Жетісу суретші туындысын да қылқ а лам 
құдіретімен қанаттанған, зерлі сымбаты 
мен ерек-
ше сүйсінтеді. Тұп-тұнық көлдің, шыршалы тау-
дың жұпар ауасын ашқарақтана жұтқандай сезімде 

154
Сайлаубек Жұмабек
бола сың. Осынадай тылсым сұлулыққа елтіп тұрып 
Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 
белгілі жазу 
шы Шерхан Мұртазаның «Қызыл 
жебе» романының бірін ші кітабындағы Көлсай дың 
әдеби көрінісін, суретші Үкі Әжиевтің пейзаж дағы 
Көлсайдың көрінісімен іштей ерік сіз салыстырасың 
да, екі суреткердің де өз палитрасы 
нан ортақ-
тықты, шыншылдықты, кәнігі шеберлікті, таби-
ғат құдіретін айқын аңғарасың. Романдағы Көлсай 
тура лы: «... дүниенің дүрия жамылған жәннаты; ... 
бірақ мұнда шөп сарғайса, көк қурамас; Көлсайдың 
бетінен көгілдір ас пан, зүмірет шыршалар, зүбәржат 
есіл дүние түгел көрінеді – болмыстан болжаусыз 
көрікті көрінеді» – («Қызыл же бе», Алматы, 1978 ж., 
80-81 беттер) деген жолдарды мы нау суреттен көз 
алдыңда, қаз-қалпында көргендей боласың. 
Үкі Әжиевтің «Алғашқы тың игерушілер» 
сериясын 
д 
а партия қызметкері Ө. Қабазиевтің, 
колхоз предсе 
дателі Н.Поляковтың, Социалис-
тік Еңбек Ері Н.Мәлғаж 
даровтың, Г.Байдуков 
тың, 
В.Рагузовтың, сондай-ақ, екі мәрте Соиалистік 
Еңбек Ері, атақты күрішші Ыбырай Жақае 
в 
тың 
портреттері бар. Осы портреттер дің әрқайсысы нан 
суретшінің, әсіресе, Ленинград блокада 
сын көзі-
мен көріп, басынан өткізген суретшінің ел ыры сы, 
жер ырысы – қасиетті Нанның иесі – диқандарға 
де ген елден ерек сүйіспеншілігін, тың ерлері мен 
ардагерлері 
не деген ыстық ілтипатын шырайлы 
бояулар құдіреті 
мен нақты білдіргенін көреміз. 
Бұларға ортақ бас ты сипат композициялық ширақ-
тық пен тұтастық, сондай-ақ, ішкі драматизмнің 
лүп-лүп соққан лүпілін шерте тін нәзік лиризм тән. 
Суретші өз кейіпкерлерінің бойында 
ғы табиғи 
даралықты шынайы жеткізе біледі. 

155
Партия қызметкері Ө.Қабазиевтің портретінен 
ойлы көзқарас, әжімі аз кең маңдай, кітап ұстаған 
оң қол 
дың мазасыз қалпы тынымсыз ой кеш-
кен, ертеңін ойла 
ған басшыны; колхоз председа-
телі, төрт Ленин орденінің кавалері Н.Поляков-
тың портретінен қызылы тамып тұр ған қажырлы 
келбетті, қайсар шашты, өзгенің пікіріне құ лақ асып, 
өз пікірін іштей таразылап-топшылап, ой қоры тып 
отырған жетекшіні; октябрят немересін алдына 
ал 
ған Г.Байдуковтың портретінен еңбегі жанған 
ардагерлер ді, яғни, соның жарқын айғағы ретінде 
екі жиекке тізі 
ле орналасқан Отанның жо 
ғары 
наградаларын, артқы план да кейіпкердің Ұлы Отан 
соғысы кезіндегі жауынгер 
лік жолын, сонан соң, 
тыңға келгендегі алғашқы шатыр лар мен жыртыл-
ған жердің фотосуреттерінің қылаң беретінін; 
 
Н. Мәлгаждаровтың портретінен астық ты ысы рап-
сыз жинап алу жолында талай ұйқысыз өт кен түн -
дерден кейін, үдеден шықтық па, шықпадық па де ген 
ойдан мазасызданған тұсын, оған қоса осынау ел ри-
зы ғы – астық үшін арпалыста сыр бермеген, социа-
лис тік жарыста өзгеге дес бермеген айтулы меха  ни-
затор – әйгілі диқанның бір сәт көз шырымын алса, 
қалай болар еді, – деп шаршаңқыраған, сәл де болсын 
қажыған екіұ дай сәтін; екі мәрте Социалистік Еңбек 
Ері, атақты күріш 
ші Ыбырай Жақаевтің портре-
тінен түс мезгілінде сәл ты ныс алып, осынау аптапта 
күріштіктің сағымынан көз ал май отырған аппақ 
мұртты, шоқша сақалды, жасы келсе де, жанары 
таймаған дана диқанның тұлғасын көреміз. Осы 
шығармалардың көпшілігі бір демнен – бір сеанстан 
ту ған туындылар. Ал, мұның өзі суретшіден үлкен 
шеберлік ті, шапшаң қағылездікті талап етеді. Үкі 
Әжиевтің бойын 
да мұндай қасиеттер жеткілікті-

156
Сайлаубек Жұмабек
ақ. Осынау портреттер дің құпия тереңінде суртші-
нің көрермен қауымға көп байқала бермейтін талай 
төгілген тері, қыруар еңбе 
гі, республиканың түк-
пір-түкпіріне әр кездегі сан жетпес сапарла 
рын-
да еңбек адамдарымен, замандастарымен – бола-
шақ кейіпкерлерімен етене араласу, ұзақ бақылау 
нәтижесінде көп жылдар бойына мысалдап жинап-
түйген, соны өз еңбектерінде жомарттықпен көрсете 
білетін жіті аңғарғыштығы, натура мен портрет-
тегі егіз ұқсастық қа қоса нақты әрі дара психо ло-
гиялық халді тап басушы лық сияқты сипаттардың 
жатқандығын айтуымыз керек. 
Ал суретшінің «Тыңның құрдастары» серия-
сында ғы «Қазақ мадоннасы», өнер зерттеуші Лиза-
ның, Наташа 
ның портреттері ұрпақтар сабақ 
тас-
тығын, ұлттар досты ғын паш ететін шуақты, туын-
дылар. Мәселен, немістің ұлы суретшісі Альбрехт 
Дюрер туындыларынан рухани ләззат алып, ішкі 
толқынысын, сұлулықпен дидарлас 
қан қуанышын 
ірке алмай отырған жас өнер зерттеуші корей қызы 
Лизаның бейнесін; қолына сылдыр 
мақ ұстаған 
балпанақтай сәбиін, бәлкім, тұла бойы тұңғы шын 
алдына алған «қақтаған ақ күмістей кең маңдай-
лы» жап-жас ананың перзентіне, мынау ғажап, 
бейбіт өмір ге деген риясыз мейірін, қап-қара мойыл 
көздерінен нұр шашқан биязы, келбетті жас ананың 
тұлғасын сүйсі не қабылдаймыз. 
Көрмедегі бұдан басқа туындылар, мысал «Әжесі 
мен немересі», «Қазақстан мұнайы», атты белгілі 
туындыла 
рын суретшінің соңғы кезде салған 
«Қазақстанның атақ 
ты малшылары» сериясын-
дағы шопан, Қазақ ССР Жоғарғы Советі 
нің 
депутаты К.Әбдібаеваның, жылқы шы Қ.Сәулеев тің 
портреттері толықтыра, кеңейте түсе ді. Мұның өзі 

157
Үкең сияқты акварельші суретшінің твор чество лық 
жолын молынан байсалды баяндайды. 
Үкі Әжиевтің Жапония, Югославия, Гана, 
Нигерия, сапарынан туған акварельдік еңбектері 
сол елдер дің табиғатын, адамдарын, тіршілік-тыны-
сын нақты көрсе тіп, бейнелеп қоймайды, оған қоса 
өзінің көркем 
дік таным-түйсігін де, ұлттық бояу 
нақышын сақтай да біле 
ді. Сондықтан да болуы 
керек, о баста этюдтік сипатт ағуа туындылар, үшін 
мәнінде пісіп-жетілген, аяқтал 
ған, дербес көркем 
дүниелерге көтеріле алған. Өйткені, мұндай сипат 
туған топырағымен тамырласып, өзекте сіп кеткен 
суретшінің ғана туындыларында бой көр 
се 
 
теді. 
Себебі, Үкі ағамыз ұлттық мәдениетіміздің қай-
нар шығармашылығынан, туған жері – Же 
тісу-
дің ғажайып табиғатынан, ән – күйге шал 
қы-
ған бұла сезімді зерде ге тоқып өскен, соны бүткіл 
шығармашылық жолын 
да баянды көрсетіп келе 
жатқан суреткер.
Сонымен қорыта келгенде, Қазақстан 
дағы 
профес 
сионалдық бейнелеу өнерінің негізін 
салушы буын өкіл дерінің бірі, белгілі суретші Үкі 
Әжиев тің Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ұсы-
нылған «Алғашқы тың игеру шілер» және «Тың ның 
құрдастары» сериясында 
ғы ақшаң 
қан ойлар мен 
шырайлы бояулар үндестігі нен тұратын акварель дік 
еңбектері қандай құрметке болса да, әрі лайық, әрі 
кемел де көркем шығармалар. 
Маусым, 1980 жыл

158
Сайлаубек Жұмабек
шапағатты Бояулар сыры
Өнер сүйер қалың қауым Тоқболат Тоғысбаев пен 
Ерболат Төлепбаев тәрізді таланты тегеурінді сурет-
шілердің бір үйдің перзенттері екендігін әуелде 
ойлай қоймауы, біле бермеуі мүмкін. Осынау бір өмір-
лік фак тының оқшау сыры мен сипатын біле қалса, 
сол қалың қауымның әрбір тақымына ат тигендей 
желпініп шығары хақ. Сонан соң өнер – көкпардың 
додасынан серкені бір өзі суырып алып шыққан дай 
болып ақ жарыла сүйсінбеуі; мұндай ғажайып тар 
өз топырағымызда да бар екен-ау деп шын сезінбеуі, 
шын таңданбауы, шынайы масаттан бауы әсте мүмкін 
емес. Өйткені ағалы-інілі суретшілердің есі мі әрісі 
Одақ, берісі республика көлеміне кеңінен таны мал. 
Бұл – бір.
Екіншіден, жол мұраты өнер нысанасы ортақ 
деген 
мен, Тоқболат пен Ерболаттың соған барар 
немесе соған же тер сорап-соқпақтарының мүлдем 
бөлектігі әуелден-ақ бел 
гілі болған. Ағаның ініге 
ұстаздығы мен інінің ағаға шәкірт 
тік кезеңдері 
ұзаққа созылмаған. Екеуі де бір-біріне ұқса мау үшін 
ерте қамшылағандары бірден байқалады. Сондық-
тан шығар, олардың қазіргі қолтаңбасын ұқсату да 
мүмкін е 
мес. Осы тұрғыдан келгенде, Тоғыс 
баев 
пен Төлепбаев се кілді даусыз танылған қылқа лам 
шеберлері соңғы жиыр 
ма жыл беделінде (1965-
1985) профессионалдық жағы нан күрт өскен, жаңа 

159
әрі өскелең сапаға көтерілген ұлт 
тық бейнелеу 
өнерінің кемелдене түсуіне өз шығармашылы 
ғы 
мен сыбағалы үлесін қоса білген десек, сірә, ар тық 
айтпаспыз. Олар сонымен қатар, осынау кезеңде 
тың леп, тың машықтар әкелген толқындар буыны-
ның әр алуан ізденістерін (бейнелеу өнерінің барлық 
саласын да ғы түр, бояу, мазмұн, тақырып, тәсілдер, 
мектеп тер), бүткіл шығармашылық бітім-болмысын 
нақты көр 
сете білетін өнер иелері. Үшіншіден, 
әдебиет пен өнердің арғы-бергі тарихына үңілсек, 
таланттары жөнінен кемел, әрі біресе әкелі-балалы, 
біресе ағалы-інілі болып келетін шығармашы 
лық 
айтулы тұлғалардың ілуде бір кездесеті 
ні, сирек 
ұшырасатыны бар. Мәселен, мұндайда тіл ұшы-
на ең әуелі, француз жазушылар әкелі-балалы Дю-
малар мен австриялық композиторлар әкелі-балалы 
Штраустар дың есімдері; сонан соң ағайынды лардың 
арасында фран цуз жазушылары Эдмон мен Жюль 
де Гонкурлардың; неміс жазушылары Генрих пен 
Томас Манндардың; орыс әдебиеті мен өнеріндегі 
жазушы Антон мен актер Михаил Чеховтардың; бей-
нелеу өнеріндегі нидерланд суретші лері кіші Питер 
мен Ян Брейгельдердің есімдері оралады. Осы-
ған қарап, Тоқболат Тоғысбаев пен Ерболат Төлеп-
баев 
тар 
 
ды сол заңғар тұлғалардай деуден, немесе 
ұлы 
лық 
тың «тәжін» әлден-ақ киіп алды деу 
ден, 
болашақта солар мен үзеңгілес тұрады деуден аулақ 
екен дігі мізді алдын-ала ескертеміз. Мәселе, кейбір 
өмірлік  фактілердің  ұқсас ты ғы  мен  тамыр лас ты-
ғында; ағайынды суретшілердің бейне леу өнерін дегі 
мүмкіндіктерінің молдығына көрермен ретін де кәміл 
сенгендіктен; сол көрермен қауымның өн бойы на 
рухани нұрлы шуақтар сәулесін сыйлап келе жатқан 
өнер иелерінің дара творчестволық құдірет терінде. 

160
Сайлаубек Жұмабек
Тоқбо 
лат Тоғысбаев пен Ерболат Төлепбаевтың 
таланттың өзін дік жұмбағы да, сиқыры да осында.
Ендігі сөз арқауы қазақ топырағындағы немесе 
ұлт 
тық бейнелеу өнеріміздегі осындай сирек 
ұшыраса 
тын игі нышандарға жататын ағалы-
інілі дарындардың кіші сі Қазақстан Ленин комсо-
молы сыйлығының лауреа 
ты, суретші Ерболат 
Төлепбаевтың творчествосы жөнінде.
Живописьтік туындының бақыты әуелі 
көрермен нің назарын өзіне аударуы үшін, сонан 
соң оның бүкіл ынта­ықыласын, ой зердесін 
жаулап алуы үшін бар болғаны бір­ақ рет 
қарауын талап ететіндігінде болса керек.
Эжен ДЕЛАКРУА
***
Суретшінің, әйтеуірөнер иесінің бағы мен соры, 
оның талант қуаты мен тер төккен еңбегіне тікелей 
тәуелді болса, ал живописьтік туындының маңдайын 
жарқыратып жіберетін зор бақыты фрацуздың 
ұлы суретшісі Эжен Делакруа айтқандай өз көрер-
менін бір-ақ қарата білуінде деген пікірге саятын-
дығы рас. Мейлі қай тұрғыдан қарастырсақ та, 
отыз бір жастағы сурет 
 
ші Ерболат Төлепбаевтың 
өмір баяны  шығармашылы ғы на,  полотнолары  өмір-
баянына айналып кеткен жолы на көз салсақ, тара-
зының бір басы ұдайы ауыр тартып тұрады. Өйткені, 
суретшінің картиналары әу бастан-ақ жұртшы лық 
назарын аударып алғаны талассыз жайт. Бір ғажабы 
бей-жай қалыс немесе селқос қалған ешкім бол ған 
емес. Біреулері құлай қабылдап жатса, екіншілері 
ат-тонын ала қашып, шошып жатты. Баз біреулердің 

161
шек 
сіз риза болғандығы болмаса әлдекімдердің 
үріккендігі жә не шындық. 
Әйтеуір, жұртшылықтың бір қарамай кетпеуі, 
бір назар аудармай өтпеуі немесе ұнатқандардың 
сүйсі не қарап, ойға батып, қуаттамағаны ұнатпа ған-
дар дың қаншалықты тыжырынғанымен Ерболатты 
талант ретінде мойындамағандары кемде-кем. Бұған 
ол қатыс қан көрмелер куә. 
1974 жылдан республикалық, 1977 жылдан Бүкіл-
одақ тық, 1981 жылдан халықаралық әралуан сурет 
көр ме леріне үзбей қатысып келе жатқан және сол 
көр ме жүлделерін жеңіп алудан кенде емес Ер болат 
Төлепбаевтың еңбектерін аз деп олқы санауыңа аузың 
бармайды. Осындай бола тұра, тындырғаны көп деп 
көпсінуіңе және көзің қимайды. Ол айналасы он жыл-
дың ішінде балаң шәкірттікті, шарқ ұрып іздену мен 
өзін дік  дара  қолтаңбасын  қалыптастыруды,  со ны  мен 
бірге ке сек колорист, күрделі талант деп танылуды да 
бастан өткер ген жігіт. 
Шығармашылық мерзім ретінде он жыл уақыт 
әрі аз, әрі өте көп. Өйткені, профессионалдық кәме-
летке жету жолындағы кешеуілдіктің сал 
қыны 
бүкіл еліміздегі өнер қуған дарынды жас 
тар 
дың 
көпшілігіне тән. Бәлкім бұл ғылыми-техни 
 
калық 
прогресс тасқындап бел алған заман 
ның объек-
тивті заңдылығы болар. Қалай деген күнде де, қырық 
жасына дейін «әлі жас атанып» жүргендер иә болмаса 
өзін-өзі таба алмай шарқ ұрғандар, не жоғал тып алып, 
кәсіпке көшіп алғандар арамызда әлі де жеткілік ті. 
Дегенмен, өткен жылы Москвадағы, дүниежүзі-
лік фестивалі делегаты Ерболат Төлепбаев 
тың 
жиырма то ғыз жасында, яғни 1984 жылы, жастар 
туралы серия лық жұмыстары үшін республикалық 
Ленин комсомо 
лы сыйлығын алуы, шын мәнінде, 
шығармашылық кәме лет заңдылығы еді. 

162
Сайлаубек Жұмабек
1977 жылғы Бүкілодақтық көрмеге оның «Боз-
бала шақ» атты картинасы қойылды. Көл жағасы. 
Бос тұр ған қайықтар. Көлдің арғы бүйірінде қалқа. 
Картина 
 
ның төменгі жиегінде сиырдың тіліндей 
созыл ған көл шетін  де суға құлаған екі ақ боз ат. 
Көлдің бер жағында ашық қо  ңыр қалқима қасын-
да көл толқынына екені немесе қиянда ғы са ғым-
ға екені белгісіз телміре қадалған адамның фи гу -
расы. Оның жауырын-жотасындағы тіршілік дірілі 
осыны анық сездіреді. Одан беріректе, судан ж ағаға 
жүгі 
ріп шыққан екі жасөспірім бозбаланың іс-
әрекетін де өздері құралпы бойжеткен қыздың күнге 
күйген, бап-балғын жалаңаш тәнінен сасқа лақ тап, 
абдырап үрку бар. Ұялғанмен әрі қызығу, әрі таң-
дану бар. Бірі – көзін көлегейлесе, екіншісі – басын 
әнтектеу бұрып, теріс айнал ғандай тәрізді... Солай 
бола тұра, екеуі де балаң сезімдерін жасыра алмай 
кеудесінен ғана жала ңаш бой жеткеннің тәніне назар 
аударуынан арыла алмаған. Бірі – көзінің қиығымен, 
бірі төменшіктеп тұрғанмен, сығы  рая қарайды. 
Үшеуінің тұла бойындағы осыған дейін булы-
ғып, тұншығып келген балауса сезімдердің алғаш 
оянуын көреміз. Күнге тотыққан әрі кәмелетке 
толып қал ған боз бала лардың, балғын тәндердің тұң-
ғыш бүршік атқан шағын елестетеміз. Бір мезгілде 
пайда бол ған әрі рухани, әрі пенделік сезімдердің 
ара 
сын 
дағы алғашқы арпалыс 
тар құйынын, қы-
зығу 
шылық пен қымсыну тәрізді қара 
ма-қайшы-
лық 
тардың, үйлесімдердің үндестігін сурет 
ші 
әдемі жеткізе білген. Аппақ, алқаракөк, қоп-қоңыр 
бояу 
лардың өзара шарпысқан, сәулеленген бол-
мысы, яғни картинаның колориті тамаша табылған. 
Алқаракөк ас пан, алқаракөк көл беті, аппақ-ау, аппақ 
ұлпа бұлттар үйірі 
мі, бойжеткеннің қолындағы 
аппақ-ау, аппақ жамылғы ның дірілі, бәрі-бәрі өмір 

163
атты тіршіліктен нәр алып, соның өзімен шынайы 
тұтастық тауып жатады. 
Картинадағы бір бойжеткен мен екі бозбаланың 
тұла бойындағы әрі бұла, әрі пәк сезімдер бұлқы-
нысына; олар 
дың ішкі жан-дүниесіндегі тоғыз 
балл 
дық сілкіністеріне; әрі жарасымды, әрі асқақ 
сезім дер романтикасына лайық, қанық та сыршыл, 
шапағатты, күйлі-мұңлы бояулар 
дың үйлесімді 
тұңғиығына сүйсінеміз. 
Бұлардың қапталында «Ауылда», «Көне дәуір-
ден ес 
кен леп», «Дала гүлдері», «Мен сені сүйе-
мені, О...», «Шілдехана», «Қазақстанның тұңғыш 
ком  с о молдары»,  «Маңғыстау  тір ші лігі»,  «Дүйсен 
мен Мәрия», «Көкпар», «Суретшінің жас шағы» 
(серия лы туындылар) атты картиналары жә не бар. 
Ерболат Төлепбаев туындыларының әрқилы пікір-
таластардың өзекті болып келуінің себебін ко ло рит 
пен контурлар бойындағы даралықтардан десек, 
қателес пейміз-ау... 
Суретші туындыларының өзгешелігіне сюжет тік 
мо тив  тердің,  композициялық  принциптердің,  дара 
стиль 
 
дік машықтардың, тұспалы мол философия-
лық  пайым даулардың  орнықты  сипат  алуын  жат   қ ы-
замыз. Мөлшер мен айтылған сыршылардың кар  ти-
на ның көркемдік қуаты мен ықпалын арттырып тұ-
ратын елеулі күш. 
Мәселен, «Молшылық» полотносындағы су 
жаңа же 
ңіл машиналарының кілтін ұстап тұр 
ған 
қозы қарын, ег де адамның жанарлары мен езуле-
ріне үйірілген тоқмейілсу ді, астамшылық пен мен-
мендікті қалай қабылдар едіңіз? Меніңше, жеңіл 
машина оның аржағында мотоцикл дар мен мопед-
тер мінген балалардың ендігі қызықтауы асық 
емес, уақыт белгісін көрсететін жеңіл машина ғой 
де ген ишара да бар. Бірақ, «осының бәрі мәңгілік 

164
Сайлаубек Жұмабек
жер бетін д е гі, мәңгілік көк аспандағы, мәңгілік күн 
шапағының қасын да қандай мәнге ие? Табиғат тың 
бүкіл шырайын көрсете тін адамдардың өзі тір шілік 
сәулесімен салыстырған да нені байқатады?» – деген 
философиялық сауалдарды көрерменге суретші 
қоюын қойып отыр. Ал, біздер, көрермендер мұны 
қалай қабылдап, қалай түсінер едік? Егде адам ның 
сұқ саусағы көрсетіп тұрған жеңіл маши на бір талай 
тоғышардың тоғышарлық психология ның көзқұрты 
емес пе? Осы бір дүниеқор пендешілік ті тежеп алу 
көбіміздің қолымыздан келмей жүрген жоқ па? 
Жарайды, бір жеңіл машинаны мен де алдым. Сонда 
мынау айнала қоршаған дүниеде, табиғатта, ме нің 
өз тұлабойымда қаншалықты өзгерістер болды де-
ген егде адамның сауалына суретші де, көрермен де 
өзін ше жауап іздері ақиқат. Картинаның мақсаты да, 
меніңше, осынысында ғой деп ойлаймын... 
...Ерболаттың «Жазушы Шыңғыс Айтматов» 
атты полот носын дәстүрлі портрет деуге келмейді. 
Бұл арада суретшінің ізденістері батылды 
ғы 
мен 
көзге түседі. Оның ойлау жүйесінің алдым 
дағы, 
философиялық контекст 
ке ден қоюы, компози-
циядағы драматизмі, белсенді пози 
циясы әуелден 
тосын көрінеді. Полотноның тұсында е дәуір тоқта-
луға мәжбүр боласаң. Заңғар суреткер Шың 
ғыс 
Айтматовтың портретін оның кейіпкерлері толық ты-
рып тұрғандай. Дегенмен, картинадағы символ  дық, 
мета 
форалық құрылымдардың жетекші қатар 
дың 
мәнін жоқ қа шығаруға және болмайды.
Ал, Ерболат өзінің осынау стильдік нақыштарын 
«Күй 
ші, халық композиторы Сүгір» (1984жыл) 
портретінде әрі жетілдіре, әрі орнықтыра түскен. 
Суретші Сүгір бейне 
сін салу үстінде неге сүйен-
ген? – деген сұрақ туа ды. Композитор, күйші 1961 
жылы қайтыс болғанмен, оның бармақ басындай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет