Ж аһандану дҽуіріндегі



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата20.02.2017
өлшемі4,7 Mb.
#4555
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35

 
ҼДЕБИЕТТЕР
 
1. Оқытудың жаңа технологиялары.//Халық тәлімі арнайы басылым.№1 2002 , 3-7 бет. 
2.
 
Жанпейісова  М. Модульдік оқыту технологиясы, А.,2005 
3.
 
Дьяченко В.К. Новая педагогической технологии.М : Педагогика .-1989. 
4.
 
Инновационное обучение : Стартегия и практика . / Под . ред. В.Я.  Ляудие. – М. , 1994.  
 
 
 
  ДАУН СИНДРОМЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ  
ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ 
(МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ) 
 
Тілепова Г.А. 
№17  «Шұғыла» МДҰ тәрбиешісі, Ақтӛбе қ. 
 
Ойын  -  мектепке  дейінгі  балалар  әрекетінің  негізгі  тҥрі,  сондықтан  ол  бала    ӛмірінде 
тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Бала ӛзін қоршаған ортаны, ӛмір сҥріп отырған 
айналасындағы заттар мен қҧбылыстарды, адамдар арасындағы қарым- қатынасты баланың 
білуі,  сезінуі  ойын    негізінде  жҥзеге  асады.  Баланың  таным  тҥсінігі,  іс-әрекеті  ойыннан 
бастау  алады  да  -      болашақ  ӛмірінде  жалғасын  табады.  Ойын    ҥстінде  бала  жеке  тҧлға 
ретінде  дамиды,  адамдармен  қарым-қатынасты,  әрекетті  ӛзі  реттеп,  ҧжымдық  ойлаудың 
алғашқы  тәжірибесін  алатындығы  дәлелденген.  Ғалымдар  балалар  ойыны  стихиялы,  бірақ 
ересек адамдардың қоғамдық және еңбек:  әрекетінен туындағаны заңдылық деп есептейді. 
Кеңестік  педагог  А.С.Макаренко  "Баланың  ойынға  деген  қҧмарлығы  бар,  сол 
қҧмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау ҥшін тек қана уақытты бӛліп қана қоймай
сонымен  бірге  баланың  барлық  ӛміріне  ойынды  бере  және  сіңіре  білуіміз  қажет.  Оның 
барлық ӛмірі - ойыннан тҧрады", -деген пікірін ӛз еңбектерінде атап ӛткен. 
Балаларды  ойынға  қатыстыру  қажет.  Ӛскелең  ҧрпаққа  қоғамдағы  мәдениеттің  сәтті 
берілуі,  балаларға  ересектер  тарапынан  ҧсынылатын  ойынның  мазмҧнына  да  байланыста 
болады. Қоғамдағы тәжірибені жемісті меңгеру ҥшін, әрекет ету ҥрдісінде тек қана баланың 
ӛзінің  белсенділігі  болуы  қажет  екендігін  де  ескере  кеткен  жӛн.  Егер  де  тәрбиеші  алынған 

172 
 
тәжірибенің белсенділігін сипаттап ескермесе, онда ойынды ҥйретудің әдістемелік тәсілдері 
мен ойынды басқаруы ӛз деңгейінде практикалық мақсатына жете қоймайды. 
Ойын  кезінде  жан-жақты  тәрбиелеудің  мақсаты  әр  жас  кезеңде  ойын  әрекетінің 
психологиялық  негізін  қҧрастырған  жағдайда  ғана  табысты  іске  асырылады.  Бҧл  ойынның 
дамуы баланың психикасын ҥдемелі ӛзгертумен және ең алдымен бала тҧлғасының барлық 
жағынан  дамудың  фундаменті  болып  табылатын  оның  интеллектуалдық  ортасына 
байланысты. Ойында психикалық ҥрдістер: қабылдау, ойлау, ес, сӛйлеу т.б. қалыптасады. 
Баланың  кез-келген  әрекеті  белгілі  бір  міндеттерді  шешуге  бағытталғанын  педагог-
тәрбиеші ҧмытпауы тиіс. Негізгі міндеттер қайта ӛзгертуге мҥмкіндік беретін шешімді және 
сонымен бірге алға қойған мақсатқа жетуді жеңілдету аралықтарын алады. Балалар шешетін 
тәжірибелік  міндеттер  оқудан  ӛзгешеленіп  тҧрады.  Ойын  міндетінің  мазмҧны  баланың 
тәжірибесімен,  білімімен  ерекшеленеді.  Бала  ӛз  әрекетінен  тәжірибе  алады,  кӛптеген 
нәрселерді  тәрбиешілері  мен  ата-аналарынан  ҥйренеді.Әр  тҥрлі  білімдер,  әсерлер  баланың 
рухани әлемін  байытады, осының барлығы  ойында  кӛрініс  береді.  Ойын міндеттерін шешу 
заттық  әрекеттің  кӛмегімен  ойын  тәсілдерін  шынайы  танып,  қорытудан  кӛрінеді.  Бала 
қуыршаққа кесемен су береді, сосын оны кубикпен алмастырады және содан кейін жай ғана 
қолын  қуыршақтың  аузына  алып  барады.  Бҧл  баланың  жоғары  интеллектуалдық  деңгейде 
ойын  міндетін  шешкенін  кӛрсетеді.  Іс  жҥзінде  бҧдан  басқаша  болуы  да  мҥмкін,  тәрбиеші 
жинақталған ойын әрекетіндегі баланың ойлауының мәнін тҥсінбей, барынша тәжірибелікке 
ҧқсас  ҧжымдық  әрекет  етуді  талап  етуі  мҥмкін.  Бірақ,  бҧл  біріншіден,  баланың  кҥнделікті 
ӛмірде не болып жатқандығының барлығын ойынға енгізсек, онда оның ең негізгі ерекшелігі 
- қиялдауы жойылып кететінін ескергеніміз жӛн. 
Екіншіден, ойын жақсы таныс бейнеленгенімен, бірақ ӛмірлік жағдайда аз жинақталған 
болса,  еріксіз  дағдарысқа  енеді.  Сонымен  бірге  бала  кҥнделікті  ӛмірде  нақты,  анық 
білімдерді ғана емес, сондай-ақ тҥсініксіз, жорамалданған пікірлерді де алатындығы белгілі. 
Мысалы,  бала  теңізшінің  кім  екенін  біледі,  бірақ  оның  қандай  іспен  айналысатындығын 
білмеуі  мҥмкін.  Ӛзінің  тҥсінігін  толықтыру  ҥшін  ойын  ҥстінде  сҧрақтар  қойып,  соған 
жауаптар алу арқылы, айқын білімін толықтырып отырады. 
Ойынның  ҧзақ  болуын,  эмоционалды  қанықтығына  жету  ҥшін  және  ойын  міндетін 
интеллектуалдық  тҧрғыдан  шешуде,  педагог  баланың  мақсатқа  бағытталған  тактикалық 
тәжірибесін  байытуы,  оны  бірте-бірте  шартты  ойын  жоспарына  ауыстыруы,  ӛз  бетімен 
ойнайтын  ойында  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  шынайылылықты  шығармашылықпен 
бейнелеуін  оятуды  қамтамасыз  ету  қажет.  Эмоция  ойынды  қызықтырады,  ӛзара  қарым-
қатынас ҥшін қолайлы жағдай жасайды, әр баланың жан дҥниесіне қажетті тонусын кӛтереді, 
бҧл  ӛз  кезегінде  балалардың  біріккен  қҧрбы-қҧрдастарымен  әрекетінде  және  тәрбиелеу 
қызметінде қабілеттілік жағдайын қалыптастырады. 
Ойын  бір  жағынан,  баланың  жақын  даму  зонасын  дамытатындықтан,  мектеп  жасына 
дейінгілердің  негізгі  әрекеті  болып  табылады.Мҧнда  жаңа  прогрессивті  әрекеттің  тҥрлері 
туады  және  ӛзінің  мінез-қҧлқын  еркінше  басқаруын,  ҧжымдық,  шығармашылық  әрекет  ету 
ептілігін қалыптастыруымен байланысты.Ал екінші жағынан, ӛнімді әрекеттің тҥрлері оның 
мазмҧнымен қоректенеді және баланың ҥнемі ӛмірлік тәжірибесі молайып отырады. 
Ойында  баланың  дамуы  ең  алдымен,  оның  мазмҧнының  әр  тҥрлі  бағыттылығына 
байланысты  ӛтеді.  Дене  (қозғалмалы),  эстетикалық  (ән-кҥй),  ақыл-ой  (дидактикалық, 
сюжетті-рӛлдік)  тәрбиесіне  тура  бағытталған  ойын  тҥрлері  бар.  Барлық  ойын  тҥрлерін 
тікелей  ересектердің  қатысуымен  және  баланың  белсендігінің  тҥрлі  формасымен  ҥлкен  екі 
топқа бӛлуге болады. 
Бірінші  топ  -  бҧл  ойынды  ӛткізуде  және  дайындықта  ересектердің  жанама  тҥрде 
қатысуы.  Балалардың  белсенділігі  (ойын  әрекеті  мен  шеберлігін  белгілі  бір  деңгейде 
қалыптастыру жағдайында) инициативті, шығармашылық сипатқа ие, балалар ӛз беттерінше 
ойын  мақсатын  қоюға  қабілетті,  ойынды  дамытуға  және  міндеттерін  шешуде  қажетті 
тәсілдерді  табады.  Ӛз  бетінше  ойнайтын  ойындарда  балалардың  инициативасын 
кӛрсететіндей  жағдайлар  жасалады.  Бҧл  топқа  әсіресе,  ӛзінің  даму  қызметімен  қҧнды,  әр 

173 
 
баланың жалпы психикалық дамуына ҥлкен мәнге ие танымдық және сюжеттік ойындарды 
енгізуге болады. 
Екінші  топ  -  бҧл  әртҥрлі  ҥйрететін  ойындар,  ересектер  ойынның  ережесін  айтып 
немесе  ойыншықтардың  қҧрылымын  тҥсіндіріп,  белгілі  бір  нәтижеге  жету  ҥшін  әрекет 
етудің белгіленген бағдарламасын жасайды. Бҧл ойындарда тәрбиелеу мен оқытудың нақты 
міндеттері  шешіледі:  бҧлар  белгіленген  бағдарламадағы  тақырыптар  мен  ережелерді 
меңгеруге  бағытталған.  Оқыту  ойындары  мектеп  жасына  дейінгілерде  адамгершілік-
эстетикалық  тәрбие  беруде  маңызды.  Ойынды  ҥйретуде  балалардың  белсенділігі  негізінен 
репродуктивті  сипатқа  ие:  олар  берілген  бағдарлама  әрекетінде  ойынның  міндеттерін 
шешуде,  тек  қана  оларды  жаңадан  ӛндіреді.  Балалардың  қҧрастыруы  мен  ептілігінің 
негізінде шығармашылық элементтері кӛп кездесетін ӛздік ойындарды ойлап шығарады. 
Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жҥйелі білім алу мҥмкіндігіне маңызды әсер 
етеді,  қҧрбы-қҧрдастары  мен  ересектердің  ортасында  оның  шынайы  адамгершілік-
эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мҥмкіндік туғызады. 
Әртҥрлі  ойындарды  баланың  жас  ерекшеліктеріне  сай  ӛз  уақытында  және  дҧрыс 
қолданғанда  "мектепке  дейінгі  мекемелердегі  берілген  оқыту  және  тәрбиелеу 
бағдарламасын" ӛз деңгейінде шешуді қамтамасыз етеді.                                                  
Сонымен  бірге,  әртҥрлі  ғылыми  мектептердегі  педагог  және  психолог  ғалымдардың 
еңбектеріндегі  ойынның  маңыздылығы  туралы  тҥсініктерін  қарастыра  келе,  ,"  мынадай 
жалпы ережені беріп отырмыз:   
1.  Ойын - әртҥрлі жастағы балаларды ӛз еркінше дамыту әрекетінің тҥрі.                   
2.  Ойын 

бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін тҥрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, 
сезіне  білуі,  жеке  шығармашылығы  ҥшін  кеңістіктің  ашылуы,  ӛзін-ӛзі  тануы  және  ӛзін-ӛзі 
кӛрсетуі белсенді тҥрде жҥзеге асады. 
3.  Ойын - мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-
қҧлқының қалыптасуының бастапқы мектебі. 
4.  Ойын  даму  тәжірибесі  болып  табылады.  Бала  ойын  кезінде  дамиды,  даму  ҥшін 
ойнайды. 
5.  Ойын  -  балалар  қарым-қатынасының  негізгі  ортасы;  мҧнда  қҧрбы-қҧрдастарына, 
ҥлкендерге деген ӛзара қарым-қатынасы қалыптасады. 
 
Балаларды  ойынға  қатыстыру  қажет.  Ӛскелең  ҧрпаққа  қоғамдағы  мәдениеттің  сәтті 
берілуі,  балаларға  ересектер  тарапынан  ҧсынылатын  ойынның  мазмҧнына  да  байланыста 
болады. Қоғамдағы тәжірибені жемісті меңгеру ҥшін, әрекет ету ҥрдісінде тек қана баланың 
ӛзінің  белсенділігі  болуы  қажет  екендігін  де  ескере  кеткен  жӛн.  Егер  де  тәрбиеші  алынған 
тәжірибенің белсенділігін сипаттап ескермесе, онда ойынды ҥйретудің әдістемелік тәсілдері 
мен ойынды басқаруы ӛз деңгейінде практикалық мақсатына жете қоймайды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
 
1. Нагибин Ф. Развивающие игры. М.: Просвещение, 1985. 
2. Қҧлбаева С. Ойын әдісімен // Бастауыш мектеп. №3, 2004, 37-38 б. 
3. Керімбаева Р. Ойын тҥрлері және оның ерекшеліктері // Бастауыш мектеп №3, 2008, 11-12 
б. 
4. Бондаренко А.К. Дидактические игры в детском саду. Издательство: Просвещение.       
    год: 1991. 
5.  Название: Носики-курносики Серия: Воробышек. Развитие мышления и речи        
Издательство: Карапуз. 
6. Кузнецова А.Е. - Лучшие развивающие игры для детей. Год издания: 2006. 
7. Соколова Ю.А. Игры и задания на интеллектуальное развитие ребенка пяти-шести лет. 
Год: 2007. 
 

174 
 
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ 
 
Тургалиева Н.З. 
№13 орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақтӛбе қ. 
 
Оқушыларды  тәрбиелеу,  дамытуға  бағытталған  мҧғалімнің  сыныптағы  кҥнделікті 
жҧмысы  оқыту  ҥдерісі  мен  оқушылардың  оқу  нәтижелеріне  оң  ықпал  етеді.  Мен  әр 
сабағымда осы сӛзді еске ала отырып, баланың білім алуына, ӛзін-ӛзі реттеуіне, оқуы ҥшін 
жауапты  екенін  сезінуге  ықпал  жасадым.  Сындарлы  оқытудың  мақсаты-оқушының  пәнді 
терең  тҥсіну  қабілетін  дамыту,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез-келген  жағдайда 
тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқушы білімін сыныптан  тыс жерде қолдану ҥшін 
сыни  ойлауға  ,тақырыптың  мәнін  ӛз  бетімен  меңгеруге  және  бағалай  алуға  дағды 
қалыптастыру  керек.  Оқушы  мҧндай  жауапкершілікті  сабақ  беру  барысында  мҧғалім 
қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.  «Әрбір баланың  жеке тҧлғалық қасиеттерін 
ашу,  оның  мҥмкіншілігін,  ӛмірдегі  мәнін  кӛрсету  арқылы  білімге  тереңірек  ҧмтылуына, 
сондай-ақ  ізденісіне,  бейімділігіне  кӛмек  беру,  жағдай  туғызу  және  оған  ӛмір  сҥру  ҥшін  
жаңа  рухани  кҥш  беру  -  білім  берудің  тҥпкілікті  мақсаты»  екендігі  айқындалған.  Ӛзімнің 
кҥнделікті, сабақ ӛткізу тәжірибемде оқушылардың ӛз бетінше білім алу жолында сан тҥрлі 
әдістерді қолдану барысында кӛзімнің жеткені егер оқушы мҧғалімнің оқы дегенін оқып, жаз 
деген  жазып,  сыз  дегенін  сызған  болса,  онда  оқушымыз  жанды  объектіге  айналады  екен. 
Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау кӛрсетуде мҧғалімнің рӛлі 
ерекше.  Сапалы  оқыту  оқушылардың,  қоршаған  орта  жағдайы  және  оқыту,білім  алу 
мҥмкіндіктерінің  бірлігі  ретінде  қарастырылады.  Оқытудың  сапасын  екі  тәсіл  арқылы 
анықтауға  болады.  Бірінші,  бағалау–мҧғалім  жҧмысының  тиімділігін,оқушылармен  ӛзара 
байланысының сипатын, жиілігін анықтау мақсатында жҥргізіледі. Екінші кәсіби міндеттерді 
жауапкершілікпен орындағаннан гӛрі, кҥш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға 
ерекше  кӛңіл  бӛледі.  Оқушылардың  жай-кҥйін,  әлеуметтік  ортасының  сипатын, 
мҥмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет.  
 
Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  шыңдау  мақсатында  ӛтілген  7-сыныпта 
шығармашылық  сабақ  «Абай-дана  ,  Абай-дара  қазақта»  тақырыбындағы  іс-тәжірибеммен 
бӛліскім келеді. 
Сабақтың  мақсаты:  Абайдың  шығармашылығын  талдата  отырып  білімдерін  тереңдету, 
дарынды,талантты балалармен жҧмыс істеу. 
Еркін  сӛйлей  білуге,ойын  еркін  жеткізуге  дағдыландыру,  сыни  ойлау  қабілеттерін  дамыту 
арқылы шығармашылыққа баулу. 
Оқушыларды имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу. 
Сабақтың  міндеті:  Ынтымақтастық  атмосферасын  орнату,  тақырыпқа  сай  жҧмыс  жасау 
және оқушылардың ӛзіндік пікірін қалыптастыру.       
Сабақтың  нҽтижесі:  Абайдың  жан-жақты  қырларын  ақын,  композитор,  аудармашы,  қара 
сӛз  шебері  екенін  біледі,  постер  қорғау  арқылы  сыни  ойлауға  ҥйренеді.  Оқушылар  бірлесе 
отырып  жҧмыс  жасауды,  кез-келген  тапсырманы  топпен  отырып  орындауға,  қандай 
болмасын  кҥрделі  мәселені  топ  болып  талқылауды  ҥйренеді.  Әр  топ  мҥшелерінде  ӛзіндік 
жеке тҧлға, ой-пікірлері, идеялары, қҧндылығы қалыптасады. 
 
Сабақта  психологиялық  жағымды  ахуал  қалыптастыру  ҥшін  жақсы  тілектер  айтудан 
бастадым.  Жақсылықтар  мен  сәттіліктер  тілеу  арқылы  ынтымақтастық  атмосферасын 
қалыптастырдым. 
 
Кәмпиттердің  тҥсіне  қарай  топқа  бӛлдім.  Әр  топқа  ӛткен  сабақтан  бір  сҧрақтан 
дайындап,  рефлексия  жасалды,  «Ата-анадан  тәтті  жоқ»  тақырыбында  эсселерін  тыңдадым. 
Абайдың  жиырма  тоғызыншы  қарасӛзін  оқу  нәтижесінде  оқушыларда  жаңа  ой  туғанын 
байқадым.  Ата-ана  туралы  кӛптеген  мақалдар  мен  діни  тҥсініктерінің  бар  екендігін 
байқадым. 
Қызығушылықты ояту кезеңін «Қҧрметті қонақ» деп атап, баланың ойлау және 
сҧрақ  қоя  білуге  ҥйрету  ҥшін  ойын  ҧйымдастырдым.  Бір  оқушыны  ортаға  шығарып, 

175 
 
арқасына  сабаққа  қатысты  «Семей»  деген  сӛзді  жаздым.  Басқа  оқушыларға  сӛзді  ішінен 
оқыттым.  Бала  арқасындағы  сӛзді  сҧрақ  қоя  отырып  табу  керек.  Бҧл  жерде  баланың  ойлау 
қабілеті дамиды. Мысалы: Деректі зат па ,әлде дерексіз бе? Сусын ба тамақ па? Әдебиетке 
қатысты ма, математикаға ма? Ӛткен сабаққа қатысты ма ? Жыл ма , қала ма, ӛлең бе? деген 
сҧрақтар қойып, сӛзді табу керек. Бала сҧрақ қою арқылы ойлана біледі. 
Мағынаны  тану  бӛлімінде  «Абай-дана,  Абай-дара  қазақта»  тақырыбында  эссе,  ӛлең 
шығару немесе сурет салуды тапсырдым. Бҧл баланың қабілетіне қарай жасалатын тапсырма 
болды.  Абай  туралы  жинаған білімдерін  жҥйелі  тҥрде  дәптерлеріне  тҥсірді.  Шығарма  жазу 
арқылы сыни ойлауға дағдыланды. Жҧптық бағалау жасап, бір-бірінің шығармасына пікірлер 
айтты.  Осы  сәтте  дарынды  талантты  балалар  ӛзінің  ерекшеліктерін  байқатты.  «Абайыммен 
мақтанамын»  тақырыбында  ӛлең  шығарса,  тағы  бірі  кылқалам  шебері  екенін  кӛрсетіп, 
Абайдың  портретін  салды.  Ҥйге  зерттеуге  «Абай  және  Шығыс  әдебиеті»  тақырыбында 
зерттеу  жасауды  тапсырдым.  Л.А.Венгердің,  Г.В.Бурменскаяның    «Дарынды    балалар» 
еңбегінде  «Егер    оқушы    кез    келген    еңбегінде,      шығармашылық    жҧмысында    жоғары  
кӛрсеткішке    жетіп,  ӛз    қҧрбыларынан    ерекшеленсе,  ондай    оқушы    дарынды    болатынын  
айтады». Дарынды балалардан байқағаным оқуды   ҧзақ  есте  сақтап  қалады, жан  дҥниесі  
терең  болады, жаңалыққа  қҧмар, жоғары  дәрежеде  әділдік  сезімі бар  болатыны. Фриман 
1998ж  зерттеген  ҥздік  оқушыларды  анықтайтын  ӛлшемдерін  ескере  отырып,  дарынды, 
талантты балалармен жҧмыс жҥргізіп отыру керек. Ол ӛлшемдер мыналар: 
Есте сақтау қабілеті ӛте жоғары, ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады. Ӛз 
оқуын реттей алады. 
Ойлау қабілеті жоғары, оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді кӛріп, 
қабылдай алады. 
Қызығушылығын арттыру ҥшін кҥрделі ойын мен тапсырмаларға ҧмтылады[2]. 
«Фишбоун» стратегиясын пайдаланып, балық қаңқасының бір жағына топтар бір-біріне 
сҧрақтар жазса, екінші жағына жауап жазды. 
«Есте  сақтаймын»  кезеңінде  баланың  есте  сақтау  қабілетін  дамыту  ҥшін  және  кӛзбен 
кӛру  арқылы  сыни  ойлай  отырып  Абай  тақырыбына  қатысты  суреттерді  теріп  алып  және 
ретін ауыстырмай жазуды тапсырдым. Суретке қарап сҧрақтар қойды.Талантты оқушыларым 
ӛзінің  есте  сақтау  қабілетінің  жоғары  екенін  дәлелдеді.  Бҧл  сабақтағы  сергіту  сәтінде 
баланың ойлау қабілетін дамыту ҥшін жасадым. «Соқпақ жол» деп атап бір оқушыны сыртқа 
шығарып  жіберіп, қалған  оқушыларға  бір  әуенге  билеуді  тапсырдым.  Ішінен  бір оқушы  би 
тҥрлерін, қимылын ауыстырып отырады, қалғаны сол қимылды қайталайды. Сырттан келген 
оқушы  бидің  кімнен  басталып  жатқанын  ойлана  отырып  табады.    Баланың  сыни  ойлау 
қабілеті артады. 
«Ӛткенге зер салайық» кезеңінде тӛрт топқа тӛрт тҥрлі тапсырмалар бердім. І топ: Абай 
ӛскен  орта.  ІІ  топ:  Ақын  шығармалары.  ІІІ  топ:  Абайдың  ән  әлемі.  ІV  топ:  Ақын  жайлы 
естеліктер. Бҧл тапсырма кезеңінде оқушылар бір топ қағазға, келесі топ компьютерде слайд 
жасады,  тірек  –сызба  жасап  ойларын  қиялымен  ҧштады.  Бҧл  жерде  диалогтің  Мерсер  
зерттеген зерттеушілік әңгіме тҥрі жҥзеге асты. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар ӛз 
сыныптастарымен  шағын  топтарда  жҧмыс  істейді.  Оларда  ортақ  проблема  болады,  бҧл 
мәселе  бойынша  бірлескен  тҥсінік  қалыптастырады,  идеялармен  пікір  алмасып,  бір-бірінің 
идеяларын  талқылайды,  баға  береді,  ҧжымдық  білім  мен  тҥсінік  қалыптастырады.  Бірлесе 
отырып бір мәселені шешті[2]. 
Келесі  кезеңде  «Еркін  жазу  стратегиясы»  бойынша  «Мен  ойлаймын»  деп  атап  тӛрт 
топқа Абайдың табиғат лирикаларына байланысты жазған ӛлеңдерін талдап, идеясын ашуды 
тапсырдым.  Балалар  ӛлеңді  талдау  арқылы  жыл  мезгілдерінің  ӛзіндік  ерекшелігін  айтты, 
ойын  еркін,  жҥйелі  айтуға  дағдыланды.  Ӛздеріне  ҧнайтын  жыл  мезгілдерін  және  оның 
себептерін де айтты.Әдебиет теориясын меңгерту ҥшін ӛлеңге лирикалық талдау жасаттым. 
Жыл  мезгілдеріне байланысты   ҥй тапсырмасын  «Сурет  сыры»  деп аталатын  сыни  ойлауға 
арналған сурет салып келуді тапсырма етіп бердім [3] . 

176 
 
Қорытынды  бӛлімде  сабаққа  рефлексия  жасалды.  Бес  саусағының  сызбасын  салып 
ішіне  бҥгінгі  сабақтан  не  тҥсіндің,  нені  тҥсінбедің,  алдағы  уақытта  нені  ҥйренгің  келеді? 
деген сҧрақтарға жауаптарын жазды. 
Заман  талабына  сай  мҧғалімнің  шығармашылық  еңбегі  ең  алдымен,    сабақтың 
жаңалығына    байланысты.  Қызықты,  сапалы,  тиімді,  нәтижелі  жҥргізілген,  әрбір  сабақ  – 
ҧстаз еңбегінің нәтижесі. Ӛз іс-тәжірибемде уақыт талабына сай АКТ-ны пайдаланып ӛтемін. 
Соның  ішінде  интерактивті  тақта,  видеоролик,  электронды  оқулықтармен  жҧмыс  жасау 
арқылы оқушылардың мҥмкіндіктерін аша тҥсуге бағытталған жҧмыстарды жасап отырдым. 
Интерактивті  тақтада  ӛткен  сабақта,  оқушылардың  белсенділігі  артып,  ӛз  бетінше  жҧмыс 
істеуге  қабілеті,  монологты,  диалогті  сӛйлеу  іскерліктері  артты.  Оқушыларға  сабақты  жай 
сӛзбен  тҥсіндіргеннен  гӛрі  интерактивті  тақтамен  жҧмыс  жасағанда  естерінде  жақсы 
сақталып,  сабаққа  қызығады.  АКТ-ны  қолдана  отырып,  оқушылар  компьютерде  слайд 
жасады және ғаламтордан Абай жайлы естеліктер тауып жазды.  
Танымдық даму - баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Сондай-ақ зейін, 
сӛз сӛйлеу дағдылары, ойлау негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді 
дамытуға  және  тҧрақтандыруға  қатысты.  Баланың  таным  қабілетінің  дамуына  ықпал  ете 
отырып,  Фишбоун,  Венн  диаграммасы,  еркін  жазу  стратегиясын,  ратация  әдістерін 
пайдаландым. Альберт Бандураның мына анықтамасын есімде сақтап жҥрдім. «Егер адамдар 
не  істеу  керек  екендігін  білу  ҥшін  тек  ӛзінің  іс  -  қимылдарының  әсеріне  ғана  сҥйенсе  ,оқу 
ерекше  жалықтыратын  ,тіпті  қауіпті  болар  еді.  Кӛбінесе  адамның  мінез  –қҧлқы  бақылау, 
моделдер  қҧру  арқылы  зерделенеді,  басқаларды  бақылай  отырып,  жаңа  мінез  -қҧлық  қалай 
қалыптасатынын  тҥсінуге  болады  және  бҧл  ақпарат  іс-әрекет  жасауға  басшылық  етеді». 
Баланың  ойлау  қабілеті  мен  таным  қабілетін,  мінез-қҧлқын  бақылай  отырып,  жас 
ерекшелігіне сай тапсырмалар беремін. 
Сабағымда  оқушымен  бірге  дҧрыс  диалог  қҧру  нәтижесінде  бағыттаушы, 
ҧйымдастырушы, жетекші бола білдім. Осы тҧрғыда  мҧғалім мен оқушы кӛшбасшылығы  – 
мҧғалім  жеті  модульді  тиімді  пайдаланса,  нәтижеге  қол  жеткізеді.  Ал  оқушыларда  топта 
айрықша  белсенділік  танытқан  оқушы–кӛшбасшы,  ол  әдетте    басқа  оқушыға  кӛмектесіп, 
соған жауап бергізуге тырысады, ӛйткені ол ӛзін емес, сыныптастарын, топты алға сҥйрейді. 
Мҧғалімнің  кӛшбасшылығының  нәтижесінде,  сабақ  ӛз  мақсатына  жетеді.  Бағалау  – 
оқушының қолынан не келетінін (білім, білік, дағды, машық, қҧзырлылық) айқындау[1]. Бҧл 
сабағымда  жҧптық  бағалау,  топ  басшысының  бағалауы  және  ӛзін-ӛзі  бағалауды 
пайдаландым. Ӛзін-ӛзі бағалауға мынадай бағалау ӛлшемдері бар парақша тараттым: 
Ҥй тапсырмасын орындадым 
Топтық жҧмыста ой қостым 
Мен басқаларға  кӛмектестім 
Топтық жҧмыста белсенді болдым 
Оқулықпен  жҧмыс жасадым 
Топтық жҧмыста жауап бердім. Ең жоғары балл 5, орташа балл 4, тӛменгі балл 3 деп 
ескерттім.  Бала  ӛзін-ӛзі  әділ  бағалауға  ҥйренді.  Топ  басшысының  бағалауына  сабақтың 
кезеңдерін жазып, топ мҥшелерін бағалауды тапсырдым. 
«Қҧрметті қонақ», «Фишбоун», «Есте сақтаймын», «Ӛткенге зер салайық», «Мен ойлаймын» 
жоғары балл 3, орта балл 2 , тӛменгі балл 1 деп ескерттім.  Бала ӛзін - ӛзі және бір-бірін 
бағалады. Топ басшысы мен ӛзін - ӛзі бағалауды ескере отырып жиынтық бағалау жасадым. 
Топ басшысының бағалау парақшасы 
критерий 
Ҥй 
тапсырмасы 
Мәнерлеп 
оқуы 
Сабақтағы 
белсенділігі 
Ӛз ойын еркін 
жеткізуі 
Топтағы 
белсенділігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бҥгінгі  кҥні  білімді  дайын  қалпында  қабылдамай,  оны  ӛздігімен  қҧрастырудың  тҧлғаны 
дамытатындығы, ӛздігімен қҧрастырылған білімнің есте ҧзақ мерзім сақталатыны дәлелденіп 
отыр.  Қайталау  мен  жаттауға  негізделген  білім  тек  есте  сақтау  дәрежесінде  болса, 

177 
 
қҧрастырылған  білім  оқушыдан  тҥсіну,  қолдану,  талдау,  ақпарат  негізінде  жаңа  мазмҧнын  
қҧрастыру  және  бағалау  секілді  белсенді  әрекеттерді  талап  етеді.  Қайталау  емес,  ӛздігімен 
білім қҧрастыру қажет бҧл кҥнде. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет