Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет


Жылдымдық, уақыт және қашықтық арасындағы тәуелділікке негізделген жай есептер



бет33/42
Дата26.06.2022
өлшемі3,32 Mb.
#37308
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Жылдымдық, уақыт және қашықтық арасындағы тәуелділікке негізделген жай есептер

7. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын құрама есептер

  • Қозғалысқа берілген есептер.

М: Арасы 27 км екі ауылдан бір мезгілде екі жаяу адам бір-біріне қарама-қарсы шықты да, 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 4 км/сағ. Екіншісінің жылдамдығы қандай? (М-4, 110-б, №7)

  • Пропорционал бөлуге берілген есептер.

М: 4 кг картоп 64 теңге тұрады. Бағасы осындай 40 кг картоп қанша тұрады? (М-4, 88-б, №7)

  • Екі айырма бойынша белгісізді табуға арналған есептер.

М: Бір жәшікте 7 кг, ал екінші жәшікте 3 кг алма болды. Бірінші жәшіктегі алма екіншідегіден 320 теңге қымбат. Әр жәшіктегі алма қанша теңге тұрады? (М-4, 126-б, №5)

  • Біріге жұмыс жасауға” арналған есептер.

М: Шеберханада жөнделуге тиіс 18 аяқ киім бар. Мұны шебер 3 күнде, ал шебердің көмекшісі 6 күнде жөндейді. Егер осы жұмысты олар бірігіп істеген болса, онда олар неше күнде бітіреді? (М-4, 146-б, №7)
8. Есепті талдау үлгісі:

  • Есеп не жайында? (есеп екі рет оқылады, сөздік жұмысы жүргізіледі);

  • Есепте не белгілі? (бұдан есептің шарты шығады);

  • Есепте не белгісіз? (бұдан есептің сұрағы шығады);

  • Сұраққа бірден жауап бере аламыз ба?

  • Алдымен нені тауып алуға болады? (егер құрама есеп болса);

  • Қалай табамыз? Қандай амалмен табамыз? (егер берген сұраққа жауап берілмесе, жетекші сұрақтар қойылады);

  • Енді сұраққа жауап бердік пе? Есеп неше амалмен шығарылды?

9. Есеп шығаруда қолданылатын көрнекіліктер

  • Нақты заттық иллюстрация;

  • Схемалық иллюстрация;

  • Оқушының түсінігін басшылыққа алу;

  • Белгілі түсіндірмелердің үлгілері;

  • Есепті қысқаша жазу;

  • Тұжырымдалған жалпы ережеге сілтеме жасау;

  • Есептің мәтінін, яғни тек қана сөзді басшылыққа алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет