Ж Ғарышкерлер күні Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру. Сыйластыққа тәрбиелеу



Дата28.04.2022
өлшемі14,04 Kb.
#32730
түріСабақ
Байланысты:
Ғашыркерлер күні


Аяш апа”бөбекжай балабақшасы

Ғарышкерлер күні”

(ашық сабақ)



Тәрбиеші: Кусанова Динара

2021-2022ж

Ғарышкерлер күні
Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру.Сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: , зымыран суреті, үн таспа.

.

Жүру барысы: Шаттық шеңбер:

Сәлем саған жер анам,

Сәлем саған алтын күн.

Сәлеметсіздер ме апайлар,

Сіздерді көргеніме қуанам.

Тәрбиеші: Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?

Ал көктемнің қай айы?

Сәуір айында қандай мерекелер бар?

Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні, биыл ғарышқа ұшқан күнге 53жыл болыпты.
Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?

Балалар ғарышқа не үшін ұшады?

Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.

БалаларЕң бірінші болып ғарышқа

Юри Гагарин ұшқан

Ал қазақ жерлерінен Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев ұшқан

Ал балалар ғарышқа Зымыран арқылы ұшады

Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?

Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетанызерттеп ашық аспанда жүреді

. Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?

.

Білесіңдер ме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.

Әуен арқылы жаттығу жасату.

Ал, екіншіден өте білімді болу керек екен, мен сендердің білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын ойнаймыз.

Ойын: «Зымыранды құрастыр»

Мінекей зымыран құрастырдық, зымыран дайын, денеміз шынықты, ал енді ғарышқа ұшамыз, дайынбыз ба?

Ендеше скафандрды үстімізге киейік, зымыранға отырайық (қолмен қозғалыс көрсетеді), балалар жоғарыға ұшу үшін сиқырлы сөз айту керек көзді жұмып.

Бір, екі, үш

Ғарышқа тез ұш.

Көзімізді ашайық, мінекей балалар біз аспандамыз, енді ән шырқайық.

Ән: «Мен ғарышкер боламын»

Балалар қараңдаршы жұлдыздар қандай көп, әр түрлі планеталар бар, білесіңдер ме аспаннан жерге қарағанда жеріміз доп сияқты дөңгелек, біз сол дөңгелек жерде тұрамыз.

Енді балалар жерге оралайық, ол үшін сиқырлы сөзімізді айтып, көзді жұму керек.

Міне біз жердеміз, осылай ғарышқа ұшады екен.
Қорытынды:

Балалар сонда ғарышқа қай күні ұшқан?

Кімдер ұшты?

Балаларымыздың ғарышкер ағаларына арналған тақпақтары бар.

Тақпақтар

Балалар сендерге көп рахмет, бүгінгі сабағымыз аяқталды барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар, енді апайларға сау бол айтайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет