2008-2009 ж. қысы:
8-шы шығарылуы
SAIGA NEWS
(Ақбөкен жаңалықтары)
Ақбөкеннің экологиясы мен қорғау мəселелері жөнінде мəліметтер алмасу үшін 6 тілде шығарылады
МАЗМҰНЫ
Негізгі мақала
Чимеддорж Б., Амгалан Л., Бувейбатар Б.
Моңғолиядағы ақбөкеннің қазіргі жағдайы
жəне таралуы
Жаңалықтар
Ғылми мақалалар
Янг Дж. К., Бувейбатар Б., Файн А.Е.,
Лхагвасурен Б., Бергер Дж. Ақбөкеннің лақтарын
аулау жəне білезіктеу
Чимеддорж Б. Моңғолиядағы ақбөкенді сақтау
проектісінің шеңберінде мəліметтер алуды
жақсартуға баға беру
О’Нилл Х., Манджиев Х., Милнер-Гулланд Э.Дж.
Инспекцияның қатысуымен ақбөкеннің солтүстік-
батыс Прикаспий популяциясына мониторинг
Уайтбред Э., Обгенова Д., Милнер-Гулланд Э.Дж.
Қалмақияда коллективтік мониторинг
потенциалына баға беру
Быкова Е.А., Есипов А.В., Черногаев Е.А.
Өзбекстанда ақбөкендер өздерінің дəстүрлі
көбейетін қоныстарына қайтып орала ма?
Жатканбаев А. Қазақстанның оңтүстігіндегі
Арыс-Қарақтау қорық аймағында ақбөкеннің
кездесуі туралы
Черноок В.И. Ақбөкендерге санақ жүргізу үшін
жылулық авиасъемкіні қолдану
Санжеев В. «Яшкөл» питомнигінде энергияның
альтернативтік көздері
Проектілерге шолу
Ақбөкенді сақтау Альянссының 2008 жылғы кіші
гранттар программасының жеңімпаздарын анықтау
(хабарлау)
Жаңа басылымдар
Біздің институциональдық мүшелер
Хабарландырулар
Мəскеуде биолог-охотоведтердің XXIX
Халықаралық конгрессі өтеді
SCA ақбөкенді сақтау жөніндегі өзаратүсінісу
меморандумының (МоВ) орындалуы туралы
Ақбөкенді сақтау жөніндегі қоныс аударатын
түрлер конвенциясына CMS сəйкес ӨТМ-ның
орындалуы туралы есеп, 2006 ж. қыркүйегінен
2008 ж. қазан айына дейін
Ақбөкенді сақтау Альянсы шығарады
1
10
8
2
13
18
19
19
20
15
16
15
17
Моңғолиядағы ақбөкеннің қазіргі жайы жəне таралуы
Б. Чимеддорж
1
, Л.Амгалан
2
, Б. Бувейбатар
2
1
WWF-Моңғолия,
2
Институт биологии, МАН,
chimeddorj@wwf.mn
Моңғолия ақбөкені ( Saiga tatarica mongolica) Моңғолия эндемигі болып
табылады жəне Моңғолияның Қызыл кітабына (1987) енген тұяқты
жануарлардың бірнеше түрлерінің бірі. Оның экологиясы мен ұзақ уақыт
сақталу проблемалары бірқатар автолардың (Банников, 1954; Eregdenedagva,
1954; Dulamtseren & Amgalan, 1995; Лущекина и др., 1999) еңбектерінде
көрсетілген.
Шаргин Гоби, Хуйсин Гоби мен Дургун ойпатында ақбөкен саны 1829
болатын 282 оның тобы есепке алынды. 282 топтың 62,05 % -інде (n=175) 5-
тен ақбөкен, 24,1% -інде (n=68) 10-нан ақбөкен болса, қалған төбында бұл
жануардың саны 10-нан асты. Санақ жұмысы аумағы 13000 км
2
болатын
территорияда 3240 ақбөкен мекендейтінін көрсетті (кесте). Бұл өткен
жылмен салыстырғанда 11,8% артың.
Кесте
Моңғолия ақбөкен популяциясының саны мен тығыздығы
Саны
Тығыздығы,1000 га-дағы
ақбөкен саны
Жердің
аттары
2007 ж.
қаңтары
2008 ж.
қаңтары
2007 ж.
қаңтары
2008 ж.
қаңтары
Шаргин Гоби 761 1979
2,2
5,9
Хуйсин Гоби 2024 1107
3
1,6
Дургун 60
154
0,3 0,8
Манхан 15
ND 0,3 ND
Барлығы 2860
3240
2,3
2,6
ND – мəлімет жөқ
Жалғасы 2-ші бетте
Редакция алқасы. Ұлыбритания: Э.Дж. Милнер-Гулланд, Империал Колледж Лондон
(
e.j.milner-gulland@imperial.ac.uk
; Қазақстан: А. Бекенов и Ю. Грачев, зоология институты (
terio@nursat.kz
; Қытай: А.
Канг и Ли Лишу, WCS Қытай (ygling@online.sh.cn и lli@wcs.org); Моңғолия: Б. Лхагвасурен, Биология институты
(
ecolab@magicnet.mn
) жəне Е. Онон, WWF-Моңғолия (
mpo-species@wwf.mn
); Рессей: Ю. Арылов, Қалмақ
Республикасының жабайы жануарлар орталығы (
kalmsaigak@elista.ru
) жəне А.Лущекина, экология жəне эволюция
проблемалары Институты (
rusmabcom@gmail.com
); Түркменстан: Дж. Сапармурадов, шөл, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесінің ұлттық институты (
saparmuradov@mail.ru
); Өзбекстан: Е. Быкова и А. Есипов, зоология Институты
(
esipov@sarkor.uz
).
Сіздерді көрсетілген алты тілдің бірінде жазылған материалдарыңызды жіберуге шақырамыз. Оларды мына
адреске жіберіңіздер:
esipov@sarkor.uz
,
saigaconservationalliance@yahoo.co.uk
немесе редакторлардың біріне.
Бюллетень жылына екі рет шығады.
Бұл басылымды мынандай online табуға болады:
www.saiga-conservation.com
,
http://bcc.seu.ru/programs/saigak/publications.html
,
www.iccs.org.uk/saiganews.htm
жəне
http://www.wildlifewarden.net/wcs/mini/Saiga-Chinese.pdf
, сондай-ақ pdf-ден немесе оның көшірмесін ағылшын, қазақ,
қытай, моңғол жəне орыс тілдерінде өздеріңнің мəлімдемелерің бойынша алуға болады.
Шығуына қаржылай
көмектескен:
Қосымша қаржы:
Детеныш монгольского сайгака.
Моңғол ақбөкенінің лағы. Сурет Б. Чимеддоржанікі
12
2008 ж. Моңғолияда
биология
институты
WWF-Моңғолия
қорымен
жəне
жергілікті
инспекторлармен
бірлесе
отырып,
ақбөкен популяциясына
санақ
жұмысын
жүргізген.
Топографиялық
карталарды пайдалана
отырып, Шаргин Гоби,
Хуйсин Гоби, Дурген
ойпаты мен Манхана
территорияларын
қамтитын əрбір
екі
шақырымнан
кейін
параллель маршруттар
жасалған. S.t.mongolica
жалпы
саны
əдетте
пайдаланатын əдістер
арқылы
тұрақты
маршруттарда
анықталды.
9
2
Ақбөкенді сақтау Альянсы шығарады
2008-2009 ж. қысы: 8-шы шығарылуы
Saiga News
Жалғасы (басы.1 бетте.)
Қыс мезгілінде ақбөкеннің жоғарғы тығыздығы Шаргин
Гобиде байқалды Бұл уақытта жануарлар қары бос
участкелерде көбірек ұшырасты. Ақбөкен популяциясының
саны үнемі өзгеріп отырды (сурет). Əртүрлі зерттеушілер өз
жұмыстарында əртүрлі əдістемелерді пайдаланса да, аң
санының жалпы өзгеру бағытын түсінуге болады. 1998 ж.
бастап ақбөкен популяциясы өсті; 2000 ж. саны 5000-ға жетті.
20 желтоқсанда Ташкенте Өзбекстанда
экологиялық журналистика саласындағы 7-шы
Ұлттық Конкурстың қортындысы шығарылды.
Конкурс экологиялық журналистиканы дамыту
жəне қоғамда қоршаған ортаны сақтау жəне
табиғат ресурстарын тұрақты пайдалану
мəселелерін
насихаттауды
күшейту
мақсатында өткізілді.
Консурсты
ұйымдастырушылар:
Өзбекстанның
Госкомприродасы, Өзбекстанның экологиялық қозғалысы,
Өзбекстанның НПО экофорумы жəне экологиялық баспа
компаниясы «Чинор ЭНК». Кокурсқа экологиялық тақырыпқа
арналған 80-нен аса жұмыстар түсті: видофильмдер,
телевизиялық жəне радиопрограммалар, мақалалар, фото
мəліметтер, жаңалықтар жəне экологиялық баспа жұмыстар.
«Ең жақсы экологиялық басылымдар» номинациясында бірінші
орынды «Saiga News» бюллетені жеңіп алды. Конкурстың
жеңімпаздары
жəне
жүлдегерлері
экологиялық
журналистканың халықаралық конкурстарына ұсынылатын
болды. Толық мəлімет:
www.eco.uz
,
www.ecoforum.uz
.
2008 ж. 29-31 қазанында Алматыда ақбөкенді сақтау
альянсының (SСА) мəжілісі өтті. Бірінші күні отырыста қоныс
аударатын түрлер конвенциясының (CMS) ақбөкенді сақтау
жөніндегі
өзаратүсінісу
меморандумының
ортамерзімді
программасының орындалуына баға беру мəселесі талқыланды
(программа саидта:
www.saiga-conservation.com
).
Программаның əр бөлімінің орындалуына тоқталып, оның
А1 категориясының орындалуы үшін үлкен маңызы барлығы
аталып, 1-2 жылда орындалу керектігі сөз болды. Мəжіліске
көптеген
ұйымдардың
қатысуына
байланысты
жаңа
мəліметтерде айтылды. Сондықтан да, қазірде қойылып
отырған мəселе жөнінде толық түсіністік етек алды. Прогрестің
бар екендігі белгілі болды.
Мəжілістің екінші күнінде «Ақбөкен мониторингі-табысты
тəжрибе алмасу» тақырыбында алынған ғылыми мəліметтер
Бірақ қысы суық жұт жылдары жəне құрғақшылық
кезеңдердің көп болуы ақбөкен санының 2001-2002 жж. 750-
ге дейін азаюына əкеп соқты. Ал 2005 ж. популяция қалпына
келе бастап, саны 1500-ге жетті (Амгалан, 2005).
Манхан группировкасы 1982 ж. 130-дай болса, 1983-1984
жж. (жұт жылдары) 30-дай ғана қалды; 1993 ж. -70-тей, ал
1998 ж. – 50-дей ғана болды (Shar, 1998). Біздің зерттеулер
ақбөкен санының азаюы жалғасып келе жатқанын көрсетті,
ал 2008 ж. бар болғаны 15-тей ғана особь саналды (кесте).
Бұл нəтижелер Моңғолияда əлі де ақбөкендер қауіпті
жағдайда
қалып
отырғанын
көрсетеді.
Авиацияны
пайдаланып, моңғол популяциясын толық зерттеу ұсынылып
отыр, сондай-ақ ақбөкен таралған барлық аймақтарда
браконьерлермен күресу үшін жедел қаржы табу да керек.
Сонымен бірге, Моңғолияда ақбөкен популяциясына ауа
райының
əсерін
зерттеу
үшін
инспекторларды
метеорологиялық мəліметтерді жинауға жұмылдыру да
қажет.
Бұл проект WWF-Моңғолия қорының тұрақты қаржылай
көмектесуі арқасында жүзеге асып отыр. Қосымша қаржы
MAVA қорынан да алынды. Инспекторларда жақсы жұмыс
істеді жəне бұл зерттеулердің табысты аяқталуына
көмектесті. Бұл мекемелер мен адамдарға, əсіресе, мр.
Цевенравнаға - Ховдағы WWF-Моңғолия директоры,
алғысымызды айтамыз.
талқыланды. Ақбөкен мекендейтін елдердің ғалымдары өз
елдерінде ақбөкенді зерттеу мен бақылау программалары
қалай орындалып жатқанын баяндады. Мониторингке
инспекциялар мен жергілікті тұрғындардың (коллективтік
мониторинг) қатысуы, авиасанақ, білезіктеу арқылы радио
мен жердің жасанды серігі арқылы бақылау мəліметтері
кеңінен сөз болды. Бұл материалдар ақбөкенді сақтау
мəселесімен айналысып жүргендерге бұл жөнінде қандай
жетістіктер мен əртүрлі зерттеу əдістемелерін де кемшіліктер
бар екендігіне көздерін жеткізді.
Соңғы күні SCA-ның жылдық мəжілісі өтті. Екі жылда
Альянс ұзақ жолдан өтті жəне біраз мəселелерді талдау керек
болды. 2007 жылы кіші грант программасын жеңіп алғандар
өздерінің алған нəтижелерін баяндады.Сондай-ақ 2008 ж.
гранттарын жеңімпаздарға беру де қаралды.
Сурет.. Моңғол ақбөкенінің популяциялық
динамикасы.
Saiga News лайыкты наградасын алды!
Жаңалықтар
Біздің бюллетень жеңді! Сурет А.Есиповтікі
Алматыдағы ақбөкен жөніндегі мəжіліс
3
Ақбөкенді сақтау Альянсы шығарады
2008-2009 ж. қысы: 8-шы шығарылуы
Saiga News
Сонымен бірге, 2009 жылдың кіші гранттар Программалары
талқыланып, оның жеңімпаздары анықталды. Вебсайтты
жақсарту, қаржы табу стратегиясы, Saiga News проблемасы,
маркетинг пен мерчандайзинг, Альянстың Өзбекстандағы жəне
Қалмақиядағы бөлімдерінің əр қарай жұмыс істеуі мəселелері
талқыланды. WCN көрмесі туралы да əңгіме болды (ол туралы
Saiga News-тің осы нөмерінде айтылады).
Элизабет Уайтбред
Қазан айының басында (2008 ж.) Елена Быкова, Анна
Лущекина жəне мен Сан-Франциско қаласында өткен қоршаған
табиғатты сақтау жүйесінің жылдық кормесіне қатыстық.
Донорлармен кездескенше үшкүндік семинар өтті. Онда
өткізілетін шараларға қатысатын тамаша адамдармен танысуға
мүмкіндік туды. Мұнда табиғатты қорғау проблемасында
ерекше ролі бар Иан Дуглас-Гамильтон, пілдерді сақтау
фондысы (Save the Elephants); Лори Маркер, қабыланды сақтау
фондысы (Cheetah Conservation Trust) жəне Родни Джексон,
барысты сақтау фондысы (Snow Leopard Conservancy). Маған
осындай тамаша компанияға ақбөкен проблемасын баяндау
мүмкіндігі туды.
Маған семинар сондай ұнады – біз Google Earth
программасын зерттедік, бізге GIS программасының кейбір
жаңа мүмкіндіктерін ұғуға мүмкіндік берді; ең таңдаулы
директорлар советін тағайындау керектігі жəне «əсерлі сөзді»
қалай дайындауға болатындығы сөз болды, яғни 2 минуттың
ішінде сіздің проектіні қаржыландыру-мүмкіндігін дəлелдеуге
болады. Табиғат қорғау жұмыстарының табысты болу үшін
көптеген мəселелерді шешуге тура келеді. Бірақ оларды жүзеге
асыру үшін уақыт, ақша, немесе кейде білім жетіспейді. WCN
(жабайы табиғатты сақтау ұйымы) осы мəселелерді қалай
Мəжіліске
қатысқандарға
əрі
кездесуді
ұйымдастырушыларға: CMS, Лондонның Королдық қоғамына,
WCN спонсорлық көмектері үшін, Қазақстанның Зоология
институтына жылы қабылдағана үшін үлкен алғысымызды
білдіреміз.
Толық
мəлімет
алу
үшін
Элизабет
Уайтбредке
хабарласыңыз:
elisabeth.whitebread07@imperial.ac.uk
шешуге болатынын баяндап берді.
Жұма күні кешке біздің донорлармен бірінші кездесуіміз
болды; WCN ұйымдастырушылардың бірі - Акико Янг үйінде
өтті. Кеш өткен ат манежі əртүрлі жануарлардың суреттерімен,
аффикалық жануарлардың пластикалық фигураларымен
безендірілген.
Біз
өзіміздің
бұрынғы
доноралармен
əңгімелесумен қатар кейбір жаңа адамдармен де жақсы əңгіме
болды. Бұл кеште ақбөкен туралы əңгіме 4 сағатқа созылыпты!
Келесі күні көрме ашылды. Біз көрмеге ақбөкен туралы
мəлімет беретін бұйымдарды жəне Өзбекстан мен Қалмақияда
жасалған əсем заттарды көрсеттік. Көрмеге келгендер бұрын
көрмеген жануар - ақбөкенге үлкен қызығушылық байқатты.
Былтырғы жылы ұйымдастырылған көрмеге қатысқан Окленд
хайуанаттар паркінің жасөспірімдерінің үлкен тобы тағы да
осы көрмеге келгісі келді. Олар дала көркі - ақбөкен туралы
көп білгісі келді! Олар жергілікті тұрғындармен ақбөкен
туралы қалай жұмыс істеліп жатқаны туралы Елена Быкованың
лекциясына қатысты. Ақбөкенге байланысты товарларды 1000
долларға саттық; біздер бұл жануарлар туралы көп білгісі
келетін əрі оларды қалпына келтіруге көмектескісі келетін
SCA командасы WCN Экспо-2008-де.
Сурет Е.Быкованікі
Америка өзі үшін ақбөкенді ашты.
Сурет Е.Быкованікі
Қоршаған табиғатты сақтау жүйесінің көрмесі
SCA президиум мүшелерінің мəжілісі.
Сурет А.Есиповтікі
Ақбөкенді сақтау Альянсының 2-ші мəжілісіне қатысушылар
(Алматы, қазан 2008 ж.).
Сурет А.Есиповтікі
4
Ақбөкенді сақтау Альянсы шығарады
2008-2009 ж. қысы: 8-шы шығарылуы
Saiga News
адамдармен əнгіме өткіздік. Бұл ауыр, бірақ өте пайдалы күн
болды.
Соңғы күні Лос Альтостағы атқарушы директор Чарли Ноуза
үйінде қабылдауда болдық. Күні боты қонақтармен
əңгімелестік. Қатысушылардың бəрі өздерінің жұмыстары
туралы қысқаша хабарлады. Еленанің əңгімесі өте қызықты
болды. Əстресе, жергілікті тұрғындардың бірі өздерінің үгіт-
насихат жұмыстарының нəтижесінде оның ұлы семьясын
ақбөкен етін жеуден бас тартуға үгіттеді.
Көрме WCN қызметкерлері мен волонтерлер арқасында өте
табысты өтті. Осы жақсы форумды табысты өткізген оларға
үлкен алғысымызды білдіреміз. Əсіресе, SCA жұмыстарын
көрсетуге жəне жаңа донорлар кездестіруге мүмкіндік бергені
үшін рахмет. Осындай серіктестік арқасында, сөз жоқ,
ақбөкенді сақтау альянсының (SCA) беделі күшті болады.
Қосымша мəліметті алу үшін Элизабет Уайтбредке хабарлас:
elisabeth.whitebread07@imperial.ac.uk
2008 ж. қыркүйек айының басында проф. Ю.Арыловтың
(Қалмақиядағы жабайы жануарлар орталығының директоры)
шақыруымен Ресейге Conservation Centers for Species Survival
(CCSS) командасы келді. Команда құрамында жабайы
жануарлармен жұмыс істейтін екі дəрігер маман – д-р Нэнси
Бедекер, Ұлттық зоопарк, Вашингтон, округ Колумбия жəне д-
р Рейчел Вейсс, Wilds, Камберленд, штат Огайо, сондай-ақ мал
шаруашылығында жəне басқаруда көп жылдық тəжрибесі бар
екі маман - Рэнди Ричеса, Зоологиялық қоғам, Сан-Диего,
Калифорния и Дэна Битема, Wilds. Д-р Анна Лущекина (МАВ-
тың Ресей комитеті) бұл сапарды ұйымдастыруға көмектесті.
Алдымен жұмыс Элистеде Қалмақия университетінде
Қалмақ мемлекеттік зоотехниктер мен Ставрополь мемлекеттік
ауыл шаруашылық университетінің мал дəрігерлік медицина
мектебінің қызметкерлерінің кездесуімен басталды. Одан кейін
Республикада ақбөкенді сақтау программасының орындалуына
баға беру үшін табиғи ресурстар министрінің орынбасары
Ю.Каминовпен кездесті. Министерствода пресс-конференция
ұйымдастырылып, онда ақбөкен сақтау проблемасын жақсарту
мəселесі талқыланды.
Элистадан жабайы жануарлар Орталығының жұмысымен
танысу үшін CCSS командасы Яшкөл поселкасына барды.
Сапардың негізгі міндегі – ауырттырмайтын жаңа препараттың
ақбөкенге əсерінің тиімділігіне баға беру еді. Команда
Орталыққа құрал-жабдықтар əкелді; оның ішінде Огайодағы
Маскингам (Muskingum) колледжі
сыйлыққа
тартқан
микроскопта
бар.
Бұлар
жануарларды
зерттеуде
пайдаланылатын болады. Жергілікті телевидения операторлары
бұл кездесуді телевизорда көрсетуге түсірді.
Одан əрі CCSS командасы «Степной» қорықшасына
аттанды. Онда қорықша директоры А.Хлудневпен жəне
инспекторлармен кездесті. Табиғи жағдайда ақбөкен жəне
тағы басқа жануарларды бақылауға мүмкіндік болды.
Инспекторлардың алдында тұрған проблемаларымен бірге
олардың білімдік программаларымен танысты.
Орталықта пайдалану үшін CCSS командасы мал
дəрігерлік диагностика тестісі, жануарларды жансыздандыру
жəне оларды күту жөніндегі оқу материалдарын орыс тіліне
аудару үшін даярлайтын болды. Эндокринология мен
жануарлардың қолда көбеюту технологиясын дамыту
жоніндегі ғылми зерттеулерге қызығушылық байқалды.
Орталықта мұндай жұмыстар Ставрополдағы мал дəрігерлік
медицина мектебімен бірлесіп атқару жоспарланып отыр.
Ресейде ақбөкенді сақтап қалу үшін CCSS келешекте
халықаралық байланысты дамыту жолдарын іздестіреді.
Қосымша мəлімет алу үшін Дэн Битеммен хабарласу
керек:
djbeetem@yahoo.com
Достарыңызбен бөлісу: |