Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау


-сурет. Кеден О д а г ы н ы ң к у р ы л ы м ы



Pdf көрінісі
бет61/183
Дата12.10.2022
өлшемі10,03 Mb.
#42549
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   183
2-сурет. Кеден О д а г ы н ы ң к у р ы л ы м ы


I тарау. Стандарттау 87
Енді Кеден Одағының құрылымына келсек, ол Мемле- 
кет басшылары деңгейіндегі жэне мемлекет үкімет басшылары 
деңгейіндегі Мемлекетаралық Кеңес, Кеден Одағы комиссиясы
оның хатшылыгы жэне Қоғамдастық Соты.
Мемлекетаралыц Кеңес Кеден Одағының жоғарғы органы. 
Құрамы мемлекет президенттері мен өкілдерінен тұрады. Бір- 
лестікке қатысушы мемлекеттердің ортақ қызығушылықтарын 
қарастырыу, стратегиялық жэне даму перспективаларының 
бағытын анықтаумен қатар, оны жүзеге асыру барысында шара- 
лар қолданады. Кеден Одағы мақсаттары мен мүдделерінің жүзеге 
асыру барысындағы бағыттарды анықтайды. Мемлекетаралық 
Кеңес мемлекет президенттерінің шеңберінде кемінде жылына 
бір рет, өкілдер арасында жылына кемінде екі рет бас қосуы тиіс. 
Кеден Одағын Мемлекетаралық Кеңесі консенсум арқылы шешім- 
ге келеді. Қабылданған келісімдерді қатысушы мемлекеттердің 
орындауы міндетті.
Мемлекетаралық Кеңестің төрағасы Қазақстан Республикасы- 
ның Президенті Н.Ә. Назарбаев.
Кеден Одагы комиссиясы Кеден Одағының реттеуші органы бо- 
лып табылады. Комиссияның негізгі міндеті Кеден Одағының жүмыс 
істеуі жэне дамуы жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.
Кеден Одағы комиссиясының шешімі Қазақстан - 21,5, Бе­
ларусь - 21,5, Ресей - 57 дауысқа ие көпшілік дауыспен, яғни 
дауыстың үштен екісімен қабылданатын болады. Егер жақтардың 
бірі Кеден Одағы комиссиясының қабылдаған шешімімен келіспе- 
ген немесе қажетті дауыс саны жиналмаған жағдайда, мәселе кон­
сенсус шешімін қабылдайтын мемлекет басшылары деңгейіндегі 
Кеден Одағы жоғарғы органына қарауға беріледі. Комиссияның 
отырыстары айына кемінде бір рет өткізіледі. Тараптардың тым 
болмаса бір өкілінің өтініші бойынша Комиссияның кезектен тыс 
отырыстары өткізілуі мүмкін.
Комиссиядағы төрағалық Кеден Одағының жоғаргы органы 
белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2007 жылғы Кеден Одағы комиссиясын қүру туралы келісім- 
шарт бойынша Кеден Одағы қүрушы мемлекеттер сыртқы сау- 
даны реттеудің нақты салаларында комиссияның қүзырына


88 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіідері
бірқатар үлттық өкілеттіктерді міндетті түрде кезең-кезеңмен 
беру қарастырылған. Мемлекет басшыларының 2009 жылғы 
27 қарашада қабылдаған шешімдеріне сәйкес 2010 жылдың 1 
қаңтарынан бастап, кедендік тарифтік жэне кедендік емес реттеу 
салаларындағы өкілеттілік комиссия құзырына толык берілген.
Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- Кеден Одағының жогарғы органы қабылдаған шешімдерді 
орындайды;
- Кеден Одағын қалыптастыру жөніндегі халықаралық 
шарттардың орындалу мониторингін жүзеге асырады;
- Кеден Одағы қалыптастыру және оның жүмыс істеу 
мәселелері бойынша Тараптар үкіметтерінің қатысуымен 
Кеден Одағының жоғарғы органы үшін үсынымдар 
әзірлейді;
- өзінің өкілеттіктері шегінде Кеден Одагының шарттық- 
қүқықтық 
базасын 
қалыптастыратын 
халықаралық 
шарттардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
- Еуразиялық 
экономикалық 
қоғамдастықтың 
Сотына 
жүгінгенге дейін дауларды Кеден одағының шеңберінде 
реттеуде Тараптарға жэрдем көрсетеді;
- өзінің өкілеттіктері шегінде Тараптардың мемлекеттік билік 
органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Кеден Одагын қалыптастыру жөніндегі халықаралық 
шарттардың депозитарий! функциясын атқарады.
Комиссияның өз қызметінің нақты салаларындағы функция- 
ларын жүзеге асыру тэртібі мен талаптары Тараптар арасындағы 
жекелеген халықаралық шарттармен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет