Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау



Pdf көрінісі
бет7/183
Дата12.10.2022
өлшемі10,03 Mb.
#42549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   183
Стандарттау - туындаған, көбінесе тапсырмаларға қатысты 
жалпылай, көп қайтара жэне ерікті қолдану үшін жағдайларды 
орнату арқылы өнімге, қызметке жэне үрдіске деген талаптарды 
реттеудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған сала.


I тарау. Стандарттау 9
Стандарттау жүмысының нәтижесі өнімнің, қызметтің
үрдістің функционалдық қызметіне сәйкестігі, халықаралық 
саудадағы техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық 
прогреске үлес қосу жэне түрлі салаларда әріптес болу.
Стандарттауды жүргізудің негізгі қагидалары: келісімдік, 
ашықтылық, еріктілік, ыңғайлылық, экономикалық тиімділік.
Стандарттаудың мақсаты өнімге қойылатын талаптар- 
ды, әдістерді белгілі бір салада эрдайым кеңінен қолдану арқылы 
туындаған немесетуындауы мүмкін мәселелерді шешіп, сол саланы 
оңтайлы дәрежеде ретке келтіру. Жалпы алғанда стандарттаудың 
мақсатына мыналарды жатқызуға болады:
- Өнім, жүмыс жэне қызметтің мемлекеттік мүддесі мен 
қоршаған ортаға жэне адам денсаулығына қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету;
- Ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын 
жоғарылату арқылы түтынушы талабын қанағаттандыру;
- Еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің 
экономикалық көрсеткіштерін жақсарту;
- Өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою, 
өнімнің халықаралық жэне ішкі нарықтағы бәсекелестік 
қабілетін арттыру;
- Өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттің 
қорғаныс 
қабілеті 
мен 
жұмылдыру 
дайындығын күшейту;
- Табиғи жэне техногендік апаттың әсерінен пайда болуы 
мүмкін залалдан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін 
қамтамсыз ету.
Стандарттау объектілері өнім, өндіріс, үрдіс, қызмет -
осыларға арнап талаптар, сипаттамалар, параметрлер, ережелер 
бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет