Үй жануарлары


Балаларға үй жануарын танстырудағы тәсілдер



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі0,8 Mb.
#13901
1   2   3   4   5   6   7
Балаларға үй жануарын танстырудағы тәсілдер.

Жұмбақ жасыру, мақал мәтел және төлін табу арқылы үй жануарларын таныстыру.

  1. «Жұмбақ айтады.

Өзі жап-жас, мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тонын шұп-шұбар.

Тәрбиеші: Жұмбақтың шешуін таптыңдарма?

Бұл кім?


Балалар: Мысық.

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы мысық, үй жануары ма әлде жабай аң ба ?

Балалар: Үй жануары.

Тәрбиеші: Неге мысық үй жануары деп ойлайсыңдар?

Балалар: Үйде тұрады.

Тәрбиеші: Дұрыс. Ал енді қандай үй жануарларын білесіңдер?

Балалар: Түйе, сиыр, қой, ешкі, жылқы, ит.

Тәрбиеші: Мына суретте үй құстары бейнеленген. Қандай үй құстарын білесіңдер? Оның баласын қалай айтамыз.

Балалар: Әтеш, тауық, балапан.

Тәрбиеші: Олай-былай жүгіріп,

Ала мысық ойнамай,

Аша алмаса есікті

Дыбыстайды ол қалай?

Балалар мысық қалай дыбыстайды ?

Балалар: Ми-яу, ми-яу.

Тәрбиеші: Қалған үй жануарлары қалай дыбыстайтынын сұрайды?

Балалар: Ит: АФ-аф,

Сиыр: му-у, му-у,

Түйе: Бө-бө,

Қой: Ма-ма,



  1. «Төлін тап.»

Балалар:

Сиыр-бұзау,

Ешкі-лақ,

Қой-қозы,

Түйе-бота,

Жылқы-құлын

Түлкі-мыршай,

Аю-қонжық,

Қасқыр-бөлтірік,

Қоян-көжек.



3. Төрт түлікке байланысты мақал – мәтелдер.

1. Түйенің бурасы жақсы,

Сөздің турасы жақсы.

2. Алып анадан туады,

Тұлпар биеден туады.

3. Сиыр сипағанды білмейді,

Жаман сыйлағанды білмейді.

4. Қойшы көп болса

Қой арам өледі.

Жоғарыдағы келтірілген мысалдар балалардың ойлау қабілетін арттырады және де тез ойлануға шапшандыққа үйретеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет