Үй жануарлары



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі0,8 Mb.
#13901
1   2   3   4   5   6   7
Үй жануарлары

Үй жануарлары, доместикация - жануарлардың қолға үйретілген түрлері. Сондық-тан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды.

Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық,үй қояны, теңіз тышқаны;

құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер;

Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал ара мен жібек көбе-легі), құстардың 10 - 12 және сүтқоректілредің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен.

Үй жануарларын қолға үйре-ту алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 - 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам ба-ласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.

Қазіргі кезде

170 млн-ға жуық қой — Австралияда;

197 млн-нан астам ірі қара мал — Үндістанда;

7 млн-дай түйелер — Сомалиде өсіріледі деп саналады.



Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қа-зына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесін-де бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзге-рістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы - сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит - чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысы-ғының салмағы - 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық - рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Те-гіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер бай-қалады. Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пай-да болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, жұ-мыртқа, сүт, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.

Ит.

Иттің белгілі бір қызмет атқаруға, аң аулауға үйретілген, үйде сәндік үшін асы-райтын тұқымдары бар. Қызмет иттерінің тұқымдары әскер, шекара күзеті, кеден, полиция істерінде, әр түрлі нысандарды күзетуде, мал бағуда пайдаланылады. Иттің бұл тұқымда-ры: неміс овчаркасы (шығыс еуропалық), Кавказ овчаркасы, Орта Азия овчаркасы, орыс-тың оңтүстік овчаркасы, шотланд овчаркасы (колли), ротвейлер, эрдельтерьер, қара терьер, ризеншиауцер, Мәскеу күзет иті және сүңгуір ит (иьюфаудлендтің ресейлік түр).

Аңшы иттердің тұқымдары: тазы, орыс төбеті, хортай, жүйрік иттер (орыстың ала иті, эстон иті), сақ иттер (орыс – еуропалық, батыс сібірлік, шығыс сібірлік, карелофиндік иттер), жатаған иттер (неміс жатағаны, ирланд, ағылшын және шотланд сеттері, пойнер), спаниел, інге салғыш иттер (фокстерьер, такса).

Жалпы, аңшы иттердің 100-ден астам тұқымы бар. Қазақтың тазы тұқымды иттері-нің тұмсығы үшкір, аяқтары сидаң әрі жіңішке, тұрқы ұзын, қимылы шапшаң келеді. Қаза-қы тазы тұқымы Қарқаралы өңірінде көп кездесетінді, қазір олар азайып кетті. Бұрындары аң ұстайтын иттер үшін қазақтар ондаған жылқы беріп, «қарғыбауын» төлеп тұрып, қалап алатын. 


Мысық.


Соңғы деректер бойынша, мысықты қолға үйрету мұнан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептелген, өлгенде бальзамдалып, саркафагтарда жерленген.
Қазір кең тараған мысықтың 80 түрі бар. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Мая аралының шолақ құйрық мысығы, Сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысы-ғы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары және т.б. Мұның сыртында мысықтарды түр түсіне, мінез қылығына, көз жанарының түсіне, басқа да белгі-леріне қарап ажыратып, атайды.

Бір мысық 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары көзін 7-10 күн толғанда барып ашады, есейгенше ене-сінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына 2 рет, жекелеген түрлері 4 рет балалайды. Үй мысығы таза хайуан болғандықтан, оның табиғи қажеттілігі үшін пә-терде ішіне құм, топырақ салынған жәшік қою қажет, оны уақытылы ауыстырып, мысық-тың баласын серуенге енесімен бірге алып шығып, оның мойнына жіп тағып, ұстап жүреді.


Үй мысығының негізгі тамағы: ет, балық (буға пісіріп, не жеңіл қуырып), сүт. Ет та-ғамдарының ішінде мысыққа пайдалысы: ішек-қарын, бауыр, жүрек. Мысықты нанға, сор-паға, ботқаға, шикі көкөніске, жеміске жастай үйретсе, оңай болады.

Қой 

Қой (лат. Ovis aries) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұ-яқты мал.

Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан.

Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60-110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55-100 сантиметр. 12-15 жыл тіршілік етеді. 5-7 айлығында жетіледі, 15-18 айында ғана күйекке жіберіледі. Сау-лықтарының буаздық мерзімі 145-



155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туа-ды. Қозылар 1,5 айлығында отармен бірге бағылады, 3-4 айлығында енесінен айырып, ер-кек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағыда басқа деп атайды; төлдеген қойлар – саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар – қы-сыр, бірнеше жыл төлдемегендерін – ту қой деп атайды.



Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салм. 70-140 килограмм; 50-70 кг. тар-тады. Олардан тиісінше 10-15; 4-8 кг. (биязы жүнділерінен) 7-10; 3-6 кг. (биязылау жүнді-лерінен); 4-6; 2-4 кг. (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады.

Түйе

Түйе малының адам үшін қызметінің бағалы екенін таныту. Қазақ халқы – күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе малын ерекше бағалаған. Сондықтан түйе туралы мәліметтер мен оның емдік қасиеттерін жинақтауды мақсат еттім. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы – түйе. Көшіп-қону үшін жылқыдан да артық бағаланған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер»,



«Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтай түседі. Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе, түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. Түйе алпыс күн аштыққа, отыз күн шөлге шыдайды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады. Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған. Түйенің шығу тарихы. Түйелер – ірі табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі – жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның екі туысы бар: бірі – түйе, екіншісі – лама. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмаңы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі – жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені – төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін – «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.

Жылқы

Қазақ жылқысының тұқымдары ерте кездерденақ пайдаланылып, көптеп өсіріліп келеді. Бұлар осіп-өну ортасына қарай әр түрлі болып келеді.

Қазақ жылқылары онша ірі болмағанымен, шыдамдылық, еттілік, сүттілік, күш-көліктік жағынан жақсы жетілген. Қөшпелі тұрмысқа сәйкес қазақ халқы жылқыларды қысы-жазы бағуға қолайлы болуы үшін, үйірлерге бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болды. Мұндай айғырлар үйірінен шашау шығармай,

үйірін қорғап, ит-құсқа жегізбей қысы-жазы қориды. Бірнеше үйір жылқы қосылып, бір табын құраған. Үйіріндегі жылқылардың көп болып жүруі,



аттардың үйірге қосылуы айғырға байланысты. (Бір табында 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Қазақ «табын» орнына «қос» деп те атайды.

Күйлі айғыр сәүір айынан бастап 15 шілде дейін үйіріндегі биелерді бауырына алады. Осы мерзімнің ішінде биелер құлындап, күйлі биелер мен байталдар айғырдан ерте шығып кетеді. Ал қоңсы, күйі төмен биелер айғырдан кеш шығып, кенже құлындайтын болады.

Айғырдан шығып кеткен биелер 10 айдан кейін құлындайды. Жақсы айғырлар 25 биеден 30 биеге дейін шығарады. Піштірілмеген жылқы төрт жасында үйірге түсуге жарайды да, құнажын байталдар айғырдан шығып, дөнежінінде құлындайды.

Құлынды биелердің құлыны қара құлақ болып, отығып жетілген кезінде байланылып, күніне 4-5 сауылғаннан кейін, ағытылады. Жас құлындағандарын бір-екі жұмадан кейін байлап, 2-3 сауылғаннан соң ағытып жібереді. Қазақ биені алты айға дейін сауады.

Сәүір айынан бастап тайларды, құнандарды, байталдарды, қысыр биелерді күзеп жібереді.
Байталдың, қысыр биенің жалы күзелгенде, кекілі мен шоқтығын қалдырып, құйрығы екі кертіле (бунақ сала) күзеледі. Қүнанның жалы күзеліп, құйрығы күзелмейді. Тайдың жалын тегіс, құйрығынан шыбын қағар қалдырып күзейді.

Қазақ жылқылары салт мініс пен ауыр-жеңіл жұмыстарға да мықты, жүріске берік, төзімді келеді. Бұлардың тұқымдары пайдалануларына қарай бірнешеге бөлінеді. Оларды шаруалар өскен жеріне, тұқымдарына, түстеріне, жал, құйрық бітістеріне, жыныстарына, түрлі жүрістеріне, тағы басқадай ерекшеліктері мен өмір тіршіліктеріне қарай әр түрге бөліп атайды.
Қазақ жылқыларының ішінде аяңшыл-жорғасы, желісті, жүйрігі, баяу жүретін шабандары да бар. Оларды күнделікті тұрмыстық қажеттеріне қарай салт мініс көлігі, жұмыс күш келігі, сауын биесі, т. б. деп бөледі, ерекшелейді. Осыған байланысты да жылқының толып жатқан атаулары бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет