ЛИТЕРАТУРА
6. Brener A.M., Muratov A.S., Tashimov L. Non-linear model of time-dependent relaxation cores for the
systems with cross transfer effects// Adv. Comp. Methods in Heat Trans., VIII, 2004, WIT Press, P. 323-333.
7. Reese J.S., Raimondeau S., Vlachos D.G. Monte Carlo algorithms for complex surface reaction mechanisms:
Efficiency and accuracy// Jour. of Comp. Physics, 173(10, 2001, P. 302-321.
8. Кутепов А.М., Полянин А.Д., Запрянов З.Д., Вязьмин А.В., Казенин Д.А. Химическая гидродинамика.
М., Квантум, 1996, 336 с.
9. А.В. Смирнов, А.С. Бартов, Вероятностный подход в оценке селективности мембраны по отдельным
ионам// Мембраны, 2005, №2 (26), С. 23-30.
10. Накагаки М. Физическая химия мембран. М.: Мир, 1991.- с. 255.
●
Техникалық ғылымдар
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014
271
REFERENCES
6. Brener A.M., Muratov A.S., Tashimov L. Non-linear model of time-dependent relaxation cores for the
systems with cross transfer effects// Adv. Comp. Methods in Heat Trans., VIII, 2004, WIT Press, P. 323-333.
7. Reese J.S., Raimondeau S., Vlachos D.G. Monte Carlo algorithms for complex surface reaction mechanisms:
Efficiency and accuracy// Jour. of Comp. Physics, 173(10, 2001, P. 302-321.
8. Kutepov A.M., Polyanin A.D., Zapryanov Z.D., Vyazmin A.V., Kazenin D.A., “Chemical hydrodynamics”,
Quantum, 1996, 336 pp.
9. Smirnov A.V., Bartov A.S., Probabilistic approach in assessing the selectivity of the membrane to separate
ions / / Membranes, 2005, №2 (26), p. 23-30.
10. Nakagaki M., Physical chemistry of the membranes. М.: Mir, 1991.- p. 255.
Умарова Ж.Р., Құрақбаева С.Ж., Жәңгір Н.Б.
Мембрана мен микросүзу үрдісінің құрылымын модельдеу
Түйіндеме. Бұл мақалада сепарация үрдісінің локальді емес бейнеленуі глобул жүйесіндегі ұзақ уақытты
эффектілерді және жүйенің марковеместігін есепке алумен алынады. Бұл мінездемелік көрсеткішке
2
1
H
мәнін беру көмегімен алынды. Сонымен қатар, диффузияның эффективті коэффициенті кинетикалық зона
құрылымының өзгеруімен мембрана арқылы ағуына қарай өзгереді.
Негізгі сөздер: мембраналар, сепарация, бөлшектер, модельдеу, диффузия, глобулдар, үлестіру
тығыздығы.
Умарова Ж.Р., Куракбаева С.Д., Жангир Н.Б.
Моделирование структуры мембран и микрофильтрационного процесса
Резюме. В данной статье получено нелокальное описание процесса сепарации с учетом долговременных
эффектов запоминания в системе глобул и немарковости системы. Это было достигнуто путем придания
характеристическому показателю значений
2
1
H
. Вместе с этим интенсивность дрейфа на временных шагах
зависит от предыстории процесса. Причем эффективный коэффициент диффузии изменяется во времени при
изменении структуры кинетических зон при течении смеси через мембрану.
Ключевые слова: мембраны, сепарация, частицы, моделирование, диффузия, глобулы, плотность
распределения.
Umarova Zh.R., Kurakbayeva S.D., Zhangir N.B.
Modeling of the membrane structure and microfiltration process
Summary. A non-local description of the separation process with account long-term effects in the system
memory and non-Markov system globules is given in this paper. This was achieved by giving the characteristic
parameter values. At the same time the intensity of drift time steps depends on the history of the process. Moreover, the
effective diffusion coefficient varies in time with the kinetic patterns of zones in the flow mixture through the
membrane.
Key words: membranes, separation, fraction, modeling, globules, distribution density.
УДК 620.92
Г.У. Мыңжасарова, Г.С. Ж ұманова, А.С. Сатарбаева, А.Т. Исанбекова
(әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Алматы, Қазақстан Республикасы)
ЭНЕРГИЯ- ЖӘНЕ РЕСУРС ҮНЕМДЕЙТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Андатпа. Экономикалық дамуды экологияландырудың негізгі бағыттарының бірі – энергия және ресурс
үнемдейтін технологияны дамыту болып табылады. Аз қалдықты (қалдықсыз) технологиялар адамзат
қажеттіліктерін қамтамасыз ету аясында табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
үшін ғылыми жетістіктер мен әртүрлі қондырғыларды іс жүзінде оңтайлы қолдану болып табылады.
Негізгі сөздер: табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, энергия- және ресурс үнемдейтін технологиялар,
аз қалдықты (қалдықсыз) технологиялар, қоршаған ортаны қорғау.
Ғылыми-техникалық даму - табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың
алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп
жіберді. Оның даму барысында негізгі бағыттың әрқайсысы оларды шешудің өзіне ғана тән
жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін алға тартуда. Мұны кең
●
Технические науки
№2 2014 Вестник КазНТУ
272
ауқымда қарастыратын болсақ, ол кез-келген өндіріс деңгейінен ұлттық экономикаға дейін ұласатын
ұғым, яғни бұл жаңа техника, технология, материалдар, баламалы энергия түрлерін қолдану және
жаңа әдістер мен өндірісті жаңаша басқару ісі болып табылады.
Жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізу қарама-қайшы пікірлерді жиі тудыратын өте
күрделі үрдіс. Технологиялық жүйені жетілдіру еңбек күшін жеңілдетіп, сапасы жоғары, құны арзан
өнім алуға мүмкіндік беруі мүмкін. Алайда, көп жағдайларда техникалық даму «қымбат үрдіс»,
өйткені жаңа қондырғыларды жасау, оларды өндіріске енгізу, бұрынғы желілерді өзгертіп жетілдіру,
компьютерлік басқару, қоршаған ортаны қорғау шаралары қосымша шығындарды талап етеді. Бұған
қарамастан кез-келген өнім бәсекелестік нарығында сапасы жоғары, сұранысы көп және материалдық
ресурстарды барынша тиімді пайдаланып шығарылуы тиіс болады.
Қазіргі таңда ел экономикасының күн санап өсіп отырған энергетикалық сұраныстарын қамтамасыз
ету үшін баламалы энергия көздерін дамылсыз іздестіру мен энергия- және ресурс үнемдейтін
технологияларды жетілдіру мәселелері шешімін табуы қажет өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Еліміз ресурстардың қоры, оларды өндіру мен экспорттау бойынша дүние жүзінде алдыңғы
қатарда тұрған елдердің бірі. Алайда, тиімділік төмен болған жағдайда, осы ресурстарды өндіру мен
тұтыну мөлшері көп болған сайын, биосфераға тигізетін шығын мөлшері де көп болмақ.
Минералдық тыңайтқыштарды өндіру саласында ресурс және энергия үнемдейтін
технологияларды жасауда жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Солардың бірі – «Ресейлік химиктердің
Кеңесі» және «Инфохим» Халықаралық ғылыми-ақпараттық компаниясы қолдауымен жыл сайын
өтетін «Минералдық тыңайтқыштар өндірісінің энергия және ресурс үнемдейтін технологияларының
заманауи дамуы» атты конференциясы. Бұл конференцияға ТМД елдері мен шетелдік химия саласы
кәсіпорындарының, жобалау институттары мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші
мамандары қатысады. Олар химия өнеркәсібін қайта жарақтандыру мен жетілдіру мәселелері,
қалдықтар мөлшерін азайту, энергия және ресурс үнемдейтін технологияны қолданудың заманауи
әдістері, соның ішінде минералдық тыңайтқыштар өндірісіндегі алдыңғы қатардағы энергия, ресурс
үнемдейтін технологияларды іс жүзінде қолдану жайлы ой бөлісіп, ақпарат алмасады [1].
Минералдық тыңайтқыштар өндірісінің негізі Кеңес Үкіметі дәуірінде қаланған. Бұл
технологиялар Батыс елдерде ғана емес ішкі нарықта да бәсекелестікке жарамайды. Баршамызға
белгілі, кез-келген технологиялық үрдістердің орындалуы міндетті маңызды бірнеше көрсеткіштері
бар, олар: экологиялық, энергетикалық және шикізатты қолдану көрсеткіштері [1]. Қазіргі кезде
«КуйбышевАзот» БАҚ-да циклогексан өндірісі әйгілі DSM халықаралық компаниясының энергия
үнемдейтін заманауи технологиясымен жүргізіледі, өндіріс өнімділігі жылына 140 мың т. Бұл
технология алдыңғы қатардағы әлемдік аналогтар деңгейіне жетеді және циклогексан капролактам
өндірісінде қолданылатын негізгі шикізат болғандықтан оның, өндірісін қарқындатып, тиімділігін
айтарлықтай арттырады [2, 3].
Аммиак өндірісін қарқындату және энергия шығындарын азайту мақсатында «Энтехмаш»
ҒӨФ-ы технологиялық ауаның құбырлық компрессорлық қондырғыларын жетілдірген [4].
Фосфор тыңайтқыштарының қоры жеткіліксіз болып отырған жағдайда, өсімдікті теңестірілген
кешенді тыңайтқыштармен қоректендіру қолайлы шешім болып табылады. Сондықтан, кешенді
тыңайтқыштарды өндіру үрдісі жоғары дәрежеде тиімді болатын әдіске бағытталуы тиіс. Сондай
әдістердің бірі – NPS және NPKS кешенді тыңайтқыштарды карбамид-суперфосфаттық жүйеде алу.
Бұл әдіс табиғи фосфаттарды қышқылдық ыдырату сатысында түзілетін пульпаны сүзу сатысы
болмайтын ресурс үнемдейтін аз қалдықты технология [5-8]. Бұл технология бойынша түзілетін
фосфогипс мөлшері өте аз, сонымен бірге алынған тыңайтқыш қоректік заттардың бірі күкіртпен
байытылған.
Сондай-ақ, Ресейлік ауыл шаруашылық жерлер ғылыми-зерттеу институтының соңғы
жаңалықтарының бірі – биобелсенді тыңайтқыштар мен мал азығына қосылатын биологиялық қоспа
алатын ресурс үнемдейтін жаңа технология болып отыр [9]. Бұл технология бойынша қиды
жертезекпен немесе ағаш ұнтағымен арнайы қондырғыға салып, бір аптадан соң, экологиялық таза
биотыңайтқыш алған. Олар ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге жұмсалатын тыңайтқыштар көлемі
төрт есеге қысқаратынын дәлелдеген. Осы кездегі алынатын өнім мөлшері 1,5 есе артқан. Ал, қидан
алынған биоқоспаны мал жем-шөбімен араластырып, сауын сиырларды азықтандырған кезде олар екі
есе көп сүт берген.
Аталған өзекті мәселелерді шешу мақсатында, елімізде де көптеген жұмыстар жасалып жатыр.
Солардың бірі – Қаратау фосфоритінен концентрат алып, оның негізінде қос суперфосфат алудың
●
Техникалық ғылымдар
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014
273
ресурс үнемдейтін қарқынды технологиясы [10]. Осы технология бойынша, алынған химиялық-
механикалық байыту концентратының құнының жоғарылығына қарамастан, құны қатардағы кеннен 5
есе арзан жұтаң Қаратау кені (14% Р
2
О
5
) өңделеді, яғни фосфаттың өндірістік базасын кеңейтуге
мүмкіндік береді. Артық шығын концентратты экстракциялық фосфор қышқылын және
тыңайтқыштар алу мақсатында өңдеу үрдістерінде қайтарылады. Атап айтқанда, өндіріс
қалдықтарындағы фосфор мөлшері аз болады, ал экстракциялық фосфор қышқылының құрамындағы
1 т Р
2
О
5
үшін 663 кг күкірт қышқылы және электроэнергия шығыны 20%-ға үнемделеді [10].
Сонымен бірге, Р
2
О
5
мөлшері жоғары концентратты өңдеу есебінен жүйенің өнімділігі артып,
көбіктену болмайды, осының нәтижесінде реакторларды пайдалану дәрежесі 20%-ға артады, ыдырату
уақыты 6 сағаттан 4 сағатқа қысқарады, ал сүзу өнімділігі 400-ден 2500 кг/м
2
сағ арту есебінен
жүйенің өнімділігі 5-6 есе өседі. Фосфор қышқылын экстракциялаудың технологиялық циклында
сүзу сатысы лимиттеуші саты болғандықтан, 1 т экстракциялық фосфор қышқылының құнын
есептеудің шартты-тұрақты шығындар бөлімінде айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізуге болатындығы
анықталған [10].
Химиялық технологиядағы энергия- және ресурс үнемдеу әдістері мен жолдары туралы
академиктер Кафаров В.В., Кутепов А.М. және т.б. ғалымдардың жұмыстарында көрсетілген [11-16].
Олардың ұсыныстары:
-химиялық-технологиялық үрдістердің (ХТҮ) қозғаушы күшін тиімді пайдалану;
-рецикл арқылы шикізатты барынша толық өңдеу;
-химиялық-технологиялық жүйеге (ХТЖ) кіретін қондырғылар мен машиналарды қызметтік-
құрылымды тиімді пайдалану;
-тиімді бейімделген басқару жүйелерін қолдана отырып, қондырғыларды ресурс үнемдейтін
режимде жұмыс істету қажет.
Іс жүзінде ресурс үнемдеудің әртүрлі әдістері ХТЖ мен ХТҮ-ді режимдік-параметрлік,
қондырғылық-технологиялық, конструкциялық, техникалық-ұйымдастырушылық және техникалық-
экономикалық оңтайластыру және оларды тиімді басқару арқылы жүзеге асады.
Түйіршіктеу және кептіру сатыларының тиімді параметрлерін анықтау арқылы күрделі
минералдық тыңайтқыш диаммонийфосфат (ДАФ) алу өндірісінің ресурс үнемдейтін технологиясы
жасалған [17]. Анықталған параметрлер мен олардың өзгеріс шегі технологиялық жүйелерді сенімді
жүргізе отырып, тек алынған өнім сапасына ғана емес, сонымен бірге, үрдіс өнімділігіне де елеулі
әсер еткен. Осы кезде өндірістік қондырғыларда орташа есеппен 57 т/сағ ДАФ алынған. Ал, бұл
ДАФ-тың құнын арзандатуға мүмкіндік береді және өндірістің бір желісіне ғана аммонизатор-
түйіршіктегіш пен кептіргіштің тиімді режимдерін енгізу кезіндегі экономикалық есептеу 55 т/сағ
орнына 61,4 т/сағ екендігін көрсетті, яғни жылына шамамен 118 млн. рубль
құраған.
«Акрон» және «Дорогобуж» БАҚ-ының материалдық және электрлі энергиялық шығындарды
көп қажет ететін минералдық тыңайтқыштар алу өндірісінде табиғи газ, апатиттік концентрат және
сильвин (калий хлориді) қолданылады [18]. Азот тыңайтқыштарын алу үшін қажетті аммиакты
табиғи газдан алуда қолданылатын қондырғыны жетілдіру арқылы 1 тонна аммиакты алуға
жұмсалатын табиғи газ шығынын 46 м
3
азайтқан. Ал, күрделі тыңайытқыш азофосканының 1 т алуға
жұмсалатын апатиттік концентрат пен сильвин (калий хлориді) шикізаттарын қолдану мөлшері
дайын өнімдегі қоректік заттардың тиімді қатынасын сақтау арқылы азайтылған. Технологиялық
үрдісті жүргізу кезіндегі апатит концентратының жоғалу мөлшері 0,2%, ал сильвин үшін 0%. Электр
энергиясын үнемдеу үшін ескі қондырғыларды электр энергиясын аз жұмсайтын жаңа
қондырғылармен ауыстырып, қалдықтарды өртеу арқылы ыстық бу алып, екіншілей энергиялық
ресурстарды қолдану жолға қойылған.
Қорыта айтсақ, Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы тұсында елімізде жасалып жатқан
жұмыстар, соның ішінде ресурс және энергия үнемдейтін технологияларды жасау, энергияның
баламалы түрлерін қолдану бойынша іс-шараларды әзірлеу және оларды өндіріске енгізу, энергия
ресурстарын тұтынуды қысқарту мақсатымен агрегаттар мен технологиялық үрдістерді жаңарту
шаралары табиғатты тиімді пайдалану бойынша өзекті мәселелерді шешуде оң нәтиже берері сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. http://www.vto-promtech.ru/grodno_azot (Современные тенденции энерго- и ресурсосберегающих
технологий в области основных процессов производства минеральных удобрений).
●
Технические науки
№2 2014 Вестник КазНТУ
274
2. http://chemunion.org.ua/ru/novosti/168 (Конференция главных инженеров «Современные тенденции
энерго- и ресурсосберегающих технологий в области основных процессов производства минеральных
удобрений»).
3.
http://chronograf.ru/articles
(Экономичная химия).
4.http://www.entechmach.com/ru (Научно-производственная фирма Энтехмаш).
5. Способ получения сложно-смешанного удобрения: пат. 10656 Республики Беларусь, опубл. 30.06.08.
6. Способ получения аммонизированного гранулированного суперфосфата пат. 11210 Республики
Беларусь, опубл. 30.10.08.
7.Способ получения гранулированного сложного удобрения – положительное решение по заявке
№а20061142 Республики Беларусь, заявл. 16.11.06.
8. Ресурсосберегающая малоотходная технология получения серосодержащих комплексных NPS и NPKS
удобрений на основе карбамид-суперфосфатных систем/ Науч. рук. - д.т.н. Дормешкин О.Б., асп. - Гаврилюк
А.Н., кафедра ТНВиОХТ.
9.http://www.gov.cap/home/49/baner/2009/energi/index.htm (Ресурсосберегающие технологии).
10. Исследование интенсивной ресурсосберегающей технологии получения концентрата и на его основе
двойного суперфосфата из фосфоритов Каратау/ Науч. рук. - д.т.н. Арынов К.Т., к.х.н. Садырова А.Т., асп. –
Мынжасарова Г.У., ИХН им. А.Б.Бектурова.
11. Теоретические основы создания, оптимизации и управления энерго- и ресурсосберегающими
процессами и оборудованием: Сборник трудов Международной научной конференции. -Том 1 (Иваново, 3-5
октября 2007 г.)
12. Кафаров В.В. Принципы создания безотходных химических производств.- М.: Химия, 1982.-288с.
13. Кутепов А.М., Бондарева Т.И., Беренгартен М.Г. Общая химическая технология. -М.: ИКЦ
Академкнига, 2003.-528с.
14. Кафаров В.В., Мешалкин В.П. Ресурсосберегающие химические производства // Итоги науки и
техники.- "Процессы и аппараты химической технологии", т. 15. М.: ВИНИТИ, 1987. -с.85-158.
15. Левеншпиль О. Инженерное оформление химических процессов. Пер. с англ. /Под ред. Слинько
М.Г. -М.: Химия.- 1969.-624с.
16. Нагиев М.Ф. Химическая рециркуляция. -М.: Наука.- 1978. -87с.
17.Кочергин С.А. Повышение эффективности производства сложных минеральных удобрений путем
оптимизации процессов гранулирования и сушки: диссертация ... кандидата технических наук: 05.17.08 /
Кочергин С.А.; [Место защиты: Иван. гос. хим.-технол. ун-т].- Иваново, 2008.- 114 с.: ил. РГБ ОД, 61 09-5/824.
18.
http://2010.annualreport.acron.ru
(Отчет об использовании основных видов сырья и внедрении энерго-
и ресурсосберегающих технологий).
REFERENCES
1. http://www.vto-promtech.ru/grodno_azot (Modern trends in energy- saving technologies in the field of basic
processes of production of fertilizers).
2. http://chemunion.org.ua/ru/novosti/168 (Chief engineers Conference "Modern trends in energy - saving
technologies in the field of basic processes of production of mineral fertilizers").
3. http://chronograf.ru/articles (Economical chemistry).
4. http://www.entechmach.com/ru (Scientific and Production Company Entehmash).
5. A method for producing hard - mixed fertilizers: stalemate. 10656 Republic of Belarus.- publ. 30.06.08.
6. A method for producing granulated superphosphate ammoniated stalemate. 11210 Republic of Belarus.- publ.
30.10.08.
7. A method of granular fertilizer complex - a positive decision on the application number a20061142 Republic
of Belarus, appl. 16.11.06.
8. Resource-saving low-waste technology for producing sulfur-containing complex and NPS NPKS fertilizers
based on urea - superphosphate systems / Scientific. hands. - Dr.Dormeshkin O.B., pg. - Gavriliouk AN, Department
TNViOHT.
9. http://www.gov.cap/home/49/baner/2009/energi/index.htm (Saving technologies).
10. Research intensive resource-saving technology and concentrate production on its basis of double
superphosphate phosphate Tau / Scientific. hands. - Dr. Arynov K.T., Ph.D. Sadyrova A.T., pg. - Mynzhasarova GU,
IHN them. A.B.Bekturov.
11. Theoretical basis for the creation, optimization and control of energy and resource processes and equipment:
Proceedings of the International Scientific Conference. - Volume 1 (Ivanovo, 3-5 October 2007).
12. Kafarov VV Principles of creating waste-free chemical industries.-Khimiya.-1982. - 288s.
13. Kutepov A.M., Bondarev T.I., Berengarten M.G. General chemical technology.-M . : ICC Akademkniga ,
2003. - 528s.
14. Kafarov V.V., Meshalkin V.P. Resource- chemical production // Results in science and technology.
- "Processes and devices of chemical technology", v.15. VINITI.- 1987. -p.85 -158.
●
Техникалық ғылымдар
ҚазҰТУ хабаршысы №2 2014
275
15. Levenshpil O. Engineering design of chemical processes. Lane. with Engl. / Ed. Slin'ko M.G. -M.:
Chemistry. - 1969. - 624s.
16. Naghiyev M.F. Chemical recycling. -M.: Science. - 1978. - 87C.
17.Kochergin S.A. Improving the efficiency of the production of complex fertilizers by optimizing the processes
of granulation and drying : the dissertation ... candidate of technical sciences : 05.17.08 / Kochergin SA ; [a protection
Place : Ivan. Reg. chemical- primary process. Univ ]. Ivanovo - 2008. - 114 p.: il. RSL OD, 61 09-5/824.
18. http://2010.annualreport.acron.ru (Report on the use of basic raw materials and the introduction of energy -
saving technologies).
Мыңжасарова Г.У., Жұманова Г.С., Сатарбаева А.С., Исанбекова А.Т.
Энергия және ресурс үнемдейтін технологиялар – заман талабы
Түйіндеме. Техникалық және ақпараттық инновациялардың қарқынды дамуы еліміздің экономикасына
ел болашағын айқындайтын бірқатар жауапкершілікті артады. Әлемдік сарапшылар, дүниежүзілік
экономиканың дамуын болжай отырып, оның ең маңызды факторы энергия-, ресурс үнемдейтін
технологияларды дамыту деп таниды. Бұл мақалада ғылыми-техникалық даму нәтижесінде туындайтын
талаптардың бірі – табиғатты тиімді пайдалану мәселелері, жаңа әдістер мен өндірісті жаңаша басқару ісін
ұйымдастыру, минералдық тыңайтқыштар өндірісіндегі энергия және ресурс үнемдеу технологияларын жасау
және оларды өндіріске енгізу мәселелері қарастырылған.
Негізгі сөздер: табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, энергия және ресурс үнемдейтін технологиялар,
аз қалдықты (қалдықсыз) технологиялар, қоршаған ортаны қорғау.
Мынжасарова Г.У., Жуманова Г.С., Сатарбаева А.С., Исанбекова А.Т.
Энерго-
и ресурсосберегающие технологии – условие современности
Резюме. Стремительное развитие технических и информационных инноваций ставит перед экономикой
нашей страны определённый круг задач, от решений которых будет зависеть положение и роль нашей страны в
ближайшем будущем. Группа мировых экспертов, прогнозируя развитие всемирной экономики, определяют
одним из важных факторов развитие энерго- и ресурсосберегающих технологий. В данной статье рассмотрены
главные вопросы, возникающие в результате научно-технического прогресса, такие как рациональное
использование природных ресурсов, новые методы и организационные мероприятия по новому управлению
производства, создание ресурсо- и энергосберегающих технологий производства минеральных удобрений и их
внедрение в производство.
Достарыңызбен бөлісу: |