3. Компания "КАГА ИМПЕКС" [Электронды ресурс]:
http://www.dn-
club.com/states.php?aid=49&cat=day
4. J2. Cloud Services for Business [Электронды ресурс]: j2 Global
Communications. 2011. URL:
http://www.j2.com
5. NAO [Электронды ресурс]: ALDEBARAN ROBOTICS. 2011.
URL:
http://www.aldebaran-robotics.com
6. Робот-полицейский не метит в генералы [Электронды ресурс]:
Хронология
роботов
2007.
http://myrobot.ru/news/2007/06/20070614_1.php
7. LabView – практикум по основам измерительных технологий.
В.К. Батоврин.
5.5. ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ
ПАЙДАЛАНУДЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
А.Е. Абдуакитова
Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті
(Семей қ., Қазақстан)
Электрондық ресурстарды қолданып, информатиканы оқытудың
тиімділігіне білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолданып,
берілген пәнді оқытуға бағытталған сәйкес әдістемелік әдістерді
жасамай қол жеткізу мүмкін емес.
Біздің
Семей
мемлекеттік
медицина
университетінде
электрондық ресурстарды қолдану арқылы оқыту тәжірибелік
сабақтар көлемін кеңейтуде.
Жоғары оқу орындарында қолданылат кез – келген жаңа
электрондық ресурстарын оқытушыға оны оқу процесінде жоғары
тиімділікте қолдануға мүмкіндік жасалған.
131
Қазіргі уақытта республиканың бағдарламалық өнімдер нарығына
түсіп отырған және жоғары кәсіби білім беру жүйесінде қолданылатын
білім беру. Электрондық ресурстардың көпшілігі оқу процесін
ақпараттандыруға бағытталған. Бұл жағдайда, осындай білім беру
электрондық
ресурстарын
қолданудың,
педагогикалық
мақсаттылығының ерекшелігі сабақ құрылымындағы қолданылу орны
мен
қолданылын
отырған
ресурстың
жоғары
оқу
орнында
информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің мақсаттары мен
шаттарына сәйкестендірілген.
Білім беру электрондық ресурстарының информатика бойынша
лекциялық және лабораториялық сабақтардағы орны осы пәнді оқыту
әдістемесімен анықталады.
Әдістеменің жеткіліксіздігі ресурстың практикалық қолданылу
тиімділігін төмендетеді. Осыған байланысты, білім беру электрондық
ресурстарына кіретін барлық әдістемелік материалдардарға қатаң
талаптар қойылды. Осындай әдістемелік ерекшеліктерді қадағалау,
жоғары оқу орындарында информатика бойынша студенттерді
дайындаудың оқу процесіне білім беру электрондық ресурстарын
ендіруде туындайтын қиындықтарды жояды.
Информатиканы оқыту мақсаты бойынша телекоммуникациялық
желілердегі электрондық ресурстарынан алынатын оқу ақпараттарын
қолдану.
Көптеген
жоғары
оқу
орындарындағы
информатика
оқытушыларының алдында, білім беруді жаппай ақпараттандырудың
оқу әдебиеттері мен оқытудың тиімді құралдарын таңдау мәселесі тұр.
Бұл мәселе оқу процесінде бүкіл әлемдік компьютерлік желілерде,
әсіресе қазақстандық сегменттегі интернет желісінде жариялаған білім
беру электрондық ресурстарынан алынатын, педагогикалық оқу
ақпараттарын қолдану барысында шешілуі мүмкін.
Информатикада
электрондық
ресурстар
оқытушылар
мен
студенттерге телекоммуникация құралдарында жарияланған нақты
педагогикалық
ақпараттарды
қолдануға
мүмкіндік
беретін
телекоммуникациялық желілерде немесе локальды жүйеде орнатылуы
мүмкін. Екі жағдайда да зерттелетін ақпараттық құралдарды жоғары
кәсіби
білім
беру
орындарында
информатика
мамандарын
дайындаудың
әдістемелік
нұсқаулары
бойынша
сипатталатын
құралдар ретінде қарастыруға болады. Бұндай ақпараттық құралдарды
қолдану үшін алдынала электрондық ресурстардан қажетті ақпаратты
таңдауды және студенттерге информатиканы оқытуда олардың
қолдану
әдістерін
біліп
алуы
керек.
Оқытушы
электрондық
ресурстарды
лекция
конспектілерін,
лабораториялық
және
практикалық жұмыстарды, тест және бақылау тапсырмаларын, оқудан
тыс жиындар бағдарламаларын және т.с.с. дайындауда қолдана
алады.
132
Жоғары оқу орындары студенттерінің телекоммуникациялық
желілердегі мағыналы ақпараттарды пайдалануының төмендегідей
сипаттамалық ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
-
мүмкіншілігі
(электрондық
ресурстарға
кезкелген
компьютерден қол жеткізуге болады, бұл әдіс әрбір оқытушылар үшін
де, студенттер үшін де тиімді);
- жанжақтылығы (ақпаратты берудің гипермәтіндік жүйесі,
сонымен бірге электрондық телекоммуникациялық басылымдардағы,
сайттар
мен
порталдардағы
ресурстар
интеграциялылығы
студенттерге
информатика
курстарын
оқып
үйренуге,
өз
мамандықтарын игеруде білімдерін тереңдетіп және кеңірек білуге
мүмкіндік береді);
- берілген материалдың визуалды тиімділігі (электрондық
ресурстарды
құруда
қолданылатын
мультимедиатехнологиялар
көмегімен оқу материалдарына иллюстрация, анимация, жоғары оқу
орындарында
қолданылатын
ғылыми
оқузерттеу
нәтижелерін
құрастыруға болады);
Оқу процесінде электрондық ресурстарды пайдалану (сонымен
бірге
телекоммуникация
желілері
ресурстары)
информатиканы
оқытуда,
негізгі
ақпаратты
іздеуде
жоғары
оқу
орындары
студенттерінің біліктілігін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осыған
байланысты оқытушылар студенттердің өзіндік жұмыстарында және
кеңес беру процесінде электрондық ресурстарды қолданудың
қосымша әдістерін пайдаланулары керек.
Оқу қызметтерінде бұндай әдістемелік нұсқаулар информатика
курсының тақырыптық бөлімдерінің мазмұны мен құрылымының негізгі
түсініктерін
қалыптастыратын
арнайы
алгоритмдер
мен
жеке
ақпараттандыру құралдарын толықтыру немесе телекоммуникация
желілерінің
электрондық
ресурстарын
көруге
болатындығын
қарастырады.
Бұл
әдістемелік
нұсқаулар
телекоммуникация
желілері
ресурстарының адрестерін білуді және электрондық ресурстарды
қолдануды
білетіндігін
талап
ететін
жаңадан
бастаушыларға
ұсынылады.
Оқу
қызметінің
бұл
түрінің
кемшілігі
ретінде
информатиканы игеруде студенттердің көңілін бөлетін нақты оқу
тапсырмаларын шешу жағынан алғанда ақпараттың жеткіліксіздігін
айтуға болады. Бір жағынан алғанда электрондық ресурстарды
пайдалану қосымшадан негізгіні ажыратуды талап етеді және мақсатқа
жетуге тәрбиелейді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Білім технологиялары - 2012. - № 2.
2. Қазақстан мектебі - 2012. - № 7.
3. Ашық сабақ факультативті сабақтар. 2011. - № 4.
133
4. Қазақстан кәсіпкері – 2011. - № 9.
5. Педагогикалық ізденіс. – Алматы қаласы, 2010-2012 жылғы
баспасы.
6. Информатикалық
пәндерді
оқытудың
педагогикалық
технологиясы. Қазақстан мектебі. № 11. - Алматы, 2012.
7. Оқыту–тәрбиелеу
технологиясы.
Республикалық
ғылыми-
әдістемелік журнал, № 3, 2012 ж.
5.6. РЕФЛЕКСИЯ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ ҚҰРАЛЫ
К.С. Бақтыбаева
«Өрлеу» Біліктілік арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының
филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
(Тараз қ., Қазақстан)
Предметом обсуждения в статье является сущность педагогической
рефлексии
как
инструмента
профессионального
развития
учителя.
Рассматривается психолого-педагогическое содержание рефлексии, ее виды,
роль и место в деятельности учителя.
Соңғы онжылдықта аса елеулі өзгерістер болған біздің
қоғамымызда дамудың негізгі ресурсы ұтқыр және икемді, жоғары
білікті адам капиталы болып табылады, бұл білім берудің сапалық
жаңа деңгейіне қол жеткізуді талап етеді. Ал білім берудің жаңа
сапасы алдыңғы кезекте мектептерде қолға алынып жатқан жаңару
үдерістерімен байланысты. Қазіргі кезеңде заман талабына сай
мектепті дамытудың негізгі факторы инновациялық өзгерістер болып
табылады. «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес білім беру
ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университеті
Білім беру факультетімен бірлестікте дайындаған бағдарламасы
бойынша ұйымдастырылған, мұғалім тұлғасының шығармашылық
қырларын дамытуға, өз жұмыстарының мазмұны мен еңбегінің
нәтижелері үшін жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған курстар
оқу үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде мұғалімнен «кез келген кәсіби жағдаятты байыппен
қарсы алып, жедел өзгеретін жағдайларда қайта даярлыққа дайын
болу» талап етіледі. Бұл курстар педагогтердің кәсіби қызметтегі
өзгерістерге бейімделуіне, өзін-өзі және қоршаған ортаны түсіне білу
қабілетін қалыптастыруына, үнемі өз бетінше білім алуға және
практикалық қызметке дайын болуына мүмкіндік береді. Осыған
байланысты мұғалімнің өзіндік танымы мен қызметін танып-білуі мен
талдауы, яғни өзінің ойлауы мен іс-әрекетіне сырт көзбен қарау
ретіндегі рефлексия педагогикалық қызмет құрылымындағы аса
134
қажетті және маңызды құрамдас бөлімі болып табылады деген
тұжырым жасауға болады. Рефлексия өз қызметінің мақсаттары мен
нәтижелері сәйкес келмеген жағдайда пайда болатын проблемалық
жағдайларды тани білуді, олардың себептеріне талдау жасау мен
шешу тәсілдерін қарастыруды қамтиды.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «кәсіби педагогикалық
рефлексия» термині жиі қолданылады. Авторлар тобының пікірі
бойынша (Р.М. Грановская, Ю.С. Крижанская, И.Н. Семенов, С.Д.
Степанов және т.б.), рефлексия – бұл санадағы, мінез-құлықтағы,
қарым-қатынастағы, ойлаудағы таптаурын болған қағидаларды ой
елегінен өткізу, іс-әрекет түрлеріндегі таптаурындарды сыни және
эвристикалық ой елегінен өткізу [1].
Педагогтің кәсіби рефлексиясы — педагогтің өзін-өзі кәсіби
маман ретінде бағалап, өзінің қызметін өз шығармашылық көзқарасын
білдіру және оқушылармен қарым-қатынас орнату нысаны ретінде ой
елегінен өткізуін қамтитын кәсіби тұрғыдан аса маңызды дағды.
Рефлексия оқу-тәрбие үдерісін тұлғалық, қызметтік және интерактивті
деңгейде басқару тәсілі ретінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейін
анықтайды.
А.А. Бизяева педагогикалық
рефлексияны мұғалімнің өз
қызметіне және оның субъектісі ретінде өзіне сыни талдау, мәнін ұғыну
және оқушының тұлғасын дамытудағы тиімділігін бағалау мақсатында
белсенді зерттеушілік көзқарас ұстану қабілетін байқататын күрделі
психологиялық феномен ретінде түсіндіреді.
Кәсіби қызметтегі рефлексияның рөліне айрықша мән беретін
бірнеше мәселеге назар аудару қажет: біріншіден, рефлексия кәсіби
қызметті меңгеруде аса қажет; екіншіден, рефлексияның негізінде
игеру үдерісін бақылау және басқару жүзеге асырылады; үшіншіден,
рефлексия
кәсіби-білім
беру
қызметінің
шарттары
өзгерген
жағдайларда қажет; төртіншіден, рефлексия қызметтің өзін дамытудың
негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.
Мектептегі тәжірибе кезінің барлық кезеңдерінде мұғалімдер
сабаққа талдау, яғни рефлексия жүргізеді. Бұл тұтас құрылымды
құрамдас бөліктерге бөлуді де, мұғалімнің іс-әрекетті ойша немесе
жазбаша сипаттап, сабақ барысын егжей-тегжейлі баяндауды да
қамтиды.
Рефлексия
барысында
мұғалім
іс-әрекеттің
әртүрлі
аспектілеріне назар аудара отырып, бұрын қолданылған әдістер
көзделген нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермеген жағдайда, білім
беру мен оқытудың жаңа әдіс, тәсіл, түрлерін қарастырумен
айналысады. Рефлексия педагогтің өзін кәсіби маман ретінде таныта
білуіне, өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, дербес білімдік
қажеттіліктерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ рефлексия мұғалімге кері байланыс алу үшін және
алдағы жұмыстарды жоспарлау үшін, өзінің сабаққа көзқарасын
тұжырымдау және қалыптастыру үшін қажет.
135
Сонымен қатар, рефлексия – оқушылардың мұғалім тарапынан
ұсынылған ережелерді қабылдайтынын және оқу үдерісіне белсенді
қатысуға дайын екендігін айқын білдіретін белгі болып табылатынын
да ескеру қажет. Рефлексия жазу сабаққа қатысты өз ойларын ретке
келтіріп түзуге, тіпті сезімдерін ой-тұжырымдарға айналдыруға
мүмкіндік береді, өйткені ішкі сезімдерді сипаттауға талпыныс жасау
олар туралы ойланып тұжырым жасауға алып келеді.
Мұғалімдерге өз тәжірибесінде рефлективті есеп жазуда
төмендегідей бірқатар сұрақтарға жауап беруді ұсынамын:
- Сабағыңызда қандай мақсаттарды көздедіңіз? Сіздің ой-
ниетіңіз қандай болды?
- Алға қойылған мақсаттарға жеттіңіз бе, үмітіңіз ақталды ма?
Егер солай болса, ненің көмегімен жеттіңіз деп ойлайсыз?
Егер ақталмаған болса, неліктен деп ойлайсыз?
- Сіздің оқушыларыңыз сабақта нені қалады? Олар не туралы
ойланды?
- Сіз нені жүзеге асыра алдыңыз? Оқушыларыңыз не істеді?
- Сабақ барысында қандай әрекеттеріңіз орынды болды? Сабақ
қалай өтті?
- Оқушылар мен өзіңіз үшін не тиімсіз немесе қолайсыз болды?
- Алдағы уақытта не істеу керек?
- Сабақтарда қандай әрекеттерді жоспарлайсыз? және т.б.
Қазіргі заман талабына сай, білім беру саласында және жалпы
қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістерді сезіне білуге қабілетті,
өзінің педагогикалық қызметін жүйелі реттеуді жүзеге асыра алатын
мұғалімнің «жаңару» проблемасы бүгінгі білім беру саласында
алдыңғы кезекте тұр. Мұғалімнің өзіне, өзінің қызметіне және оның
тиімділігіне рефлексивті-көзқарасы болмайынша, оның тұлғалық және
кәсіби дамуын жүзеге асыру, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін
анықтау және ұғыну, яғни «жаңашыл» мектепке тән тактикалық және
стратегиялық білім беру міндеттерін табысты шешу мүмкін емес болып
табылады. Қазіргі кезге дейін кез келген мұғалім өз тәжірибесінде
кездесетін қиындықтарды өздігінен еңсеруге және педагогикалық
рефлексияның қазіргі деңгейін жетілдіруге қабілетті бола бермейтін.
Мұғалімдердің өз қызметінде кәсіби рефлексияны дамытуы курста оқу
кезеңіндегі маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырылады. Бұл
курстар мұғалімдерге өздерінің кәсіби қызметіне сыни тұрғыдан қаруға
мүмкіндік берді, бұл олардың рефлексивті есептерінде айқын көрініс
табады.
Рефлексия – бұл мұғалімнің сабақ бойынша ой-сезімдері ғана
емес, сабақ туралы ойланып-толғануы болып табылады. Демек,
мұғалімге сабақты, педагогикалық жағдаяттарды, жалпы білім беру
нәтижелерін өз бетінше талдау арқылы өзінің қызметін ұғыну және ой
елегінен өткізудің сындарлы дағдыларын меңгеру қажет. Іс-тәжірибені
ой елегінен өткізу өз іс-әрекетінің нәтижелері үшін жауапкершілікті
136
арттыруға себепші болады. Демек, шығармашылық тұрпаттағы
мұғалімге төмендегідей бірқатар тұлғалық қасиеттер тән болады:
рефлексияны меңгеру, педагогикалық қызметтің тұлғалық мән-
мағынасын қабылдау, өзінің жеке тәжірибесін басқаларға таныстыруға
қабілетті болу және т.б [2].
Курста оқудың аяғына қарай педагогтерде рефлексивті кәсіби
қызметке бағытталу (қажеттіліктердің, уәжділік пен құндылыққа
бағытталудың қалыптасуы), жаңалықтар мен инновацияларды жүзеге
асыруға ұмтылысы, стандартты емес кәсіби міндеттерді шешу
үдерісіне қамтылуы, өзінің жеке тұлғалық және кәсіби стереотиптерін
ой елегінен өткізу, өзін-өзі барабар бағалау, өзінің кәсіби өсуін талдай
білу қабілетін қалыптастыру елеулі түрде артады, осының барлығы
рефлексияны дамытудың қолайлы динамикасын құрайды.
Рефлексия – адамның өз әрекетіне, жай-күйіне және болған
оқиғаларға талдау жасауға бағытталған ой толғанысы. Рефлексияның,
яғни өзінің іс-әрекетіне талдау жасаудың жан-жақты және толық болуы
адамның білімділік деңгейіне, моральдық күйі мен өзін-өзі бақылай
білу дәрежесіне байланысты болады. қарапайым тілмен айтқанда,
рефлексияны «өзімен-өзі кеңесу» деп атауға болады. Рефлексия сөзі
латынның reflexio – бұрынғыға оралу деген сөзінен бастау алады.
Шетел сөздерінің сөздігінде рефлексияға өзінің ішкі жағдайы туралы
толғану, өзін-өзі тану деген түсінік берілген. Орыс тілінің түсіндірме
сөздігінде рефлексия өзіне-өзі талдау жасау ретінде қарастырылады.
Қазіргі педагогика ғылымында рефлексия іс-әрекет пен оның
нәтижесіне өздігінен талдау жасау ретінде түсіндіріледі [3].
Сабақтағы дамытушы ортаны қалыптастырудың міндетті шарты
рефлексия кезеңі болып табылады. Ол оқушылардың қол жеткен
нәтижелерін
дұрыс
тұжырымдауға,
жүргізілетін
жұмыстардың
мақсатын нақты белгілеуге, одан кейінгі іс-әрекеттерін түзетіп отыруға
мүмкіндік береді. Әсіресе, рефлексия оқушы мен мұғалімнің арасы
алшақ жағдайда қашықтан оқыту формалары үшін өзекті болып
табылады. Мұндай жағдайда оқушыға өзінің іс-әрекетін танып-білу
мүмкіндігімен қатар, қашықтан оқытушы педагогке де үйрену барысын
бақылауға мүмкіндік туады. Рефлексия аса маңызды әрекетпен –
мақсатты тұжырымдаумен тығыз байланысты. Оқушының өзінің білім
алу мақсаттарын белгілей білуі олардың орындалуына және қойылған
мақсаттарға жету жолдарын саналы түрде ұғынуына ықпал етеді.
Рефлексияның түрлері:
а) жеке – нақты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру (-не үшін өз
жұмысыңды бағалай аласың? - өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша
оқушымен сұхбат жүргізу, -неліктен осы немесе басқа деңгей
таңлады?
б) топтық – қойылған мақсатқа жетуде ең жоғары нәтижеге жету
үшін топтың әр мүшесі әрекет етуінің құндылығына назар аудару
137
(«Егер бізбен бірге ... (есімі) жұмыс істемегенде, біз осыны орындай
алар ма едік » «Жұмыс барысында ... (есімі) қандай көмек берді»).
Топтық рефлексияның алгоритмі
1. Жұмыс барысындағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына
қалай ықпал етті?
оны бұрынғыдан тиімді етті
тапсырманың орындалуын тежеді
тапсырманы дәл орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым-
қатынасқа кері әсерін тигізді
2. Қандай деңгейде топтағы қарым-қатынас барынша кеңінен
жүзеге асырылды?
ақпарат алмасу
өзара әрекет
өзара түсіністік
барлық деңгейлер біркелкі қамтылды
3. Топ
мүшелері
тапсырманы
орындау
барысында
қандай
деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарға кездесті?
ақпараттың жетіспеуі
қарым-қатынас құралдарының тапшылығы (сөйлеу үлгілері,
мәтіндер және т.б.)
қарым-қатынас жасаудағы қиыншылықтар
4. Жұмыста қандай қарым-қатынас стилі басым болды?
адамға бағдарланған
тапсырманы орындауға бағдарланған
5. Тапсырманы орындау барысында топтың бірлігі сақталды ма?
топтағы бірлік пен әріптестік қарым-қатынас сақталды
жұмыс барысында топтың бірлігі бұзылды
6. Топта орын алған жағдайда кім шешуші роль атқарды?
жұмыс барысында айқындалған көшбасшы тұлға
топ мүшелерінің басым бөлігінің байланыс орнатуды қаламауы
бірлескен жұмысты орындау үшін белгіленген мақсатты
түсінбеу
қойылған міндеттің өзі қызықтырмайтын, қиын тапсырма
болды
Психологияда
әдетте
рефлексияның
бірнеше
түрі
қарастырылады:
Коммуникативтік – оның қарастыру нысаны басқа адамның ішкі
жан дүниесі мен оның әрекеттерінің себептері туралы түсінік.
Мұнда рефлексия басқа адамды танып-білудің тетіктері ретінде
қолданылады.
Тұлғалық – танып-білудің нысаны ретінде танумен айналысатын
тұлғаның өзі, оның қасиеттері мен сапалары, мінез-құлық
сипаттамалары,
басқалармен
қарым-қатынас
жасау
жүйесі
қарастырылады.
138
Интеллектуалдық – әртүрлі міндеттерді шешу барысында, шешім
табудың түрлі жолдарын талдап, тапсырманың шарттарына
бірнеше қайтара оралып, ең тиімді тәсілдерін таба білу қабілеті
арқылы айқындалады [4].
Рефлексияны тек сабақтың соңында ғана емес, кез келген
кезеңінде жүзеге асыруға болады. Рефлексия өтілген материалды
ұғынуға, ортақ жинаққа әрбір топ мүшесі тарапынан ойластырылған,
түсінген нәрселерді жинақтауға бағытталған. Оның мақсаты сабақтан
бекітілген нәтижемен шығу ғана емес, тұтас мағыналық тізбек құру,
басқалардың
қолданатын
әдіс-тәсілдерін
өзінің
қолданғанымен
салыстыру болып табылады. Рефлексияның міндеттеріне қарай
төмендегідей топтастыру қолданылып жүр (кесте №1):
1. Көңіл-күй және эмоционалдық ахуал рефлексиясы
2. Іс-әрекет рефлексиясы
3. Оқу материалының мазмұны бойынша рефлексия
Кесте № 1. Рефлексияның міндеттеріне қарай топтастырылуы
Түрлерге
жіктеу
Сабақтың
кезеңі
Міндеттері
Тәсілдері
Сұрақтар
Көңіл-күй
және
эмоцио-
налдық
ахуал
рефлек-
сиясы
сабақтың
басында
топпен
эмоционалдық
байланыс
орнату
Адам
бейнесі
бейнеленген
карточкалар,
көңіл-күйді
сипаттайтын
бейнелер,
эмоционалдық-
көркем
Достарыңызбен бөлісу: |