Й менеджмент и технологии в эпоху глобализации 10-17 января 2014 г. (Bogmallo Beach Resort, Гоа, Индия) Том II bogmallo Beach Resort, 2014 2



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата31.03.2017
өлшемі4,13 Mb.
#11002
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
өзіндік  саралауды  дамытуда,  өз  бетімен  жұмыс  жасауда  маңызы  зор. 
Кейс  әдісін  қолдану  тек  оқытумен  ғана  шектелмейді,  бұл  әдіс  зерттеу 
әдісі  ретінде  де  белсенді  қолдануға  болады.  Сонымен  қатар,  оқудағы 
оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік 
құзыреттілігін  жоғарылатудың  нақты  тәсілдерінің  бірі.  Бұл  әдістің 
тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысу мүмкіндігінің болуы 
және  болашақ  педагогтарды  әртүрлі  педагогикалық  ситуациялардан 
шығу жолдарын іздестіруде алатын орны ерекше. 
 

206 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Покушалова  Л.  В.  Метод  case-study  как  современная 
технология  профессионально-ориентированного  обучения  студентов. 
2008. 
2.    Пахомова  Н.Ю.  Метод  учебного  проекта  в  образовательном 
учреждении .  - М.:  Аркти, 2005. 
 3.  Козина  И.  Case-study:  некоторые  методические  проблемы  // 
Рубеж. – 2004. – С. 177-189. 
4.  Фливберг  Б.  О  недоразумениях,  связанных  с  кейс-стади  // 
Социологические исследования. – 2005. - № 4.  
 
 
5.20. ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ  
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ  МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
А. Ұстағалиева 
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  
Жамбыл облысы бойынша  
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 
(Тараз қ., Қазақстан) 
 
Резюме: 
В  статье  рассматривается  роль  применения  современных  технологий  в 
обучении. 
Разносторонне 
описываются 
возможности 
и 
преимущества 
информационно-коммуникационных  технологий  при  обучении  в  школах  и  высших 
учебных заведениях.   
  
Еліміздегі  білім  беру  жүйесін  әлемдік  деңгейге  көтеру  қазіргі 
кезде  мемлекеттік  маңызы  бар  мақсаттардың  біріне  айналып  отыр. 
Қазіргі  заман  талабы  жоғары  оқу  орындарында  мамандар  даярлау 
сапасына  және  мектеп  оқушыларына  білім  беру  ісіне  үлкен 
жауапкершілік  жүктеп,  маңызды  міндеттер  қоюда.  Бәсекеге  қабілетті 
болудың  басты  көрсеткіші  білім  болғандықтан,  бұл  салада  Президент 
Жолдауының  аясында  ауқымды  жұмыстар  жүргізілуде.  Елбасының 
«Қазақстан-2050» атты Жолдауында айтылғандай, «Бәсекеге қабілетті 
дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге 
айналуымыз  керек».  Біздің  азаматтарымыз  қазіргі  заман  талабына 
бейім  болуы  үшін  жас  ұрпақтың  сапалы  білім  алуына  көңіл  бөлу  аса 
маңызды міндеттердің бірі болып табылады.  
Бұл  міндеттерді  ойдағыдай  орындау  үшін  жоғары  оқу  орындары 
мен  орта  мектептердегі  оқу  үрдісінің  тиімділігін  арттыру  және  өмір 
талабына  сай  жаңа  технологиялар  мен  тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолдану 
қажеттілігі туындайды.  
Қазіргі  заман  мұғалімі  –  өз  қызметінде  заманауи  ақпараттық 
технологиялар 
мен 
интербелсенді 
әдістемелерді, 
ХХІ 
ғасыр 

207 
 
ғылымының  барлық  жетістіктерін  тиімді  қолдана  білетін  кәсіби 
біліктілігі 
жоғары 
педагог. 
Педагог 
мамандарға 
қойылатын 
талаптардың 
бастысы 
– 
мұғалімдердің 
кәсіби 
құзырлылығын 
қалыптастыру  мен  біліктілігін  үздіксіз  арттыру,  ғылыми-әдістемелік 
қызметтің 
жаңашылдығын, 
түрлері 
мен 
әдістерін 
іздестіруді 
қамтамасыз  ету,  оны  үйлестіре  білу  болып  табылады.  Педагогикалық 
тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  білім  беру  үдерісіндегі  кез  келген 
жаңашылдық  оқу  үрдісін  жоспарлауда  елеулі  өзгерістер  енгізеді. 
Сапалы  білім  беру  жүйесін  қалыптастыру  үшін  оқытудың  белгілі  бір 
жекелеген  әдісі  немесе  тәсілі  емес,  алға  қойылған  дидактикалық 
мақсаттарға  жетуді  қамтамасыз  ететін  әдіс-тәсілдердің  жиынтығы 
болып табылатын тұтас педагогикалық технология қажет. 
Оқу  орындарында  қазіргі  заман  талабына  орай  оқытудың 
интербелсенді  әдістерін  қолдану  білім  сапасын  жоғарылатып,  білім 
алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.  
Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  адам  қызметінің 
барлық  салаларына  –  ғылымға,  өндіріске,  тұрмыс  пен  білім  беру 
салаларына енген қазіргі кезеңде қоғам дамуының жаңа, компьютерлік 
дәуірі  туғаны  туралы  айтуға  болады.  Қазіргі  кезде  электрондық 
құралдарды пайдалана білу екінші сауаттылық деп қабылданатыны да 
белгілі.  Білім  беру  саласын  компьютерлендіру  тек  компьютерлік 
сауаттылық  немесе  информатика  негіздерін  үйреніп  қою  ғана  емес. 
Бұл  –  ең  алдымен,  оқытушылардың,  оқушылар  мен  студенттердің 
еңбек  өнімділігін  жоғарылату  құралы,  оқыту  мен  өз  бетінше  білім 
алудың қарқындылығы мен тиімділігін арттыратын тәсілдер.       
Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдаланбай, 
дәстүрлі  әдістермен  сабақ  өткізу  барысында  оқытушы  үйреншікті 
кестелер  мен  сызбалар  жиынтығын  ғана  пайдаланумен  шектеледі,  өз 
бетінше  түрлі-түсті  плакат,  суреттерді,  сызбаларды  дайындау  көп 
еңбек  пен  уақытты  қажет  етеді.  Сабақты  қызықты  ұйымдастырып 
өткізу, іс жүзінде эксперимент жүргізу бірқатар себептерге байланысты 
мүмкін бола бермейді.  
Қазіргі  заманғы  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар 
қажетті  мәтінді  экраннан  көрсетуге  ғана  емес,  кез  келген  графикалық 
сызбаларды,  жоғары  сапалы  фотосуреттерді,  слайдтарды  көрсетіп, 
анимацияларды,  дыбысты  және  бейнефильмдерді  пайдалануға  мол 
мүмкіндіктер береді. 
Лекциялық 
сабақтарды 
өткізуде, 
практикалық 
және 
лабораториялық 
сабақтарда 
көрнекілік 
ретінде 
электрондық 
құралдарды  пайдаланудың  көптеген  артықшылықтары  қазіргі  кезде 
тәжірибе  жүзінде  байқалып  жүр.  Біріншіден,  терминдер  мен 
кестелерді,  басқа  да  қажетті  мәліметтерді  тақтаға  жазу,  графикалық 
элементтердің  сызбасын  салу  сабақ  өткізу  кезінде  оқытушының 
біршама  уақытын  алады.  Кейде  белгілі  бір  мәселе  бойынша  сұрақтар 
туындап,  тақтаға  салынған  кестеге  қайта  оралған  жағдайда,  оны 

208 
 
қайтадан  сызу  қажет  болады.  Ал  электронды  құралдарды  пайдалану 
кезінде  ақпараттық  мәліметтердің  кез  келгенін  қажет  болған  кезде 
пайдалануға  болады.    Екіншіден,  егер  дәріс  оқу  кезінде  экраннан 
қажетті мәліметті жазып алуға немесе көшіріп сызып алуға үлгермеген 
жағдайда  сабақ  аяқталғаннан  кейін  электронды  құралдың  өзіне  керек 
бетін  ашып,  қажетті  мәліметті  алуына  мүмкіндік  бар.  Үшіншіден,  дәріс 
алушылардың  сабақтың  алдында  дәрісте  баяндалатын  тақырыпқа 
қатысты  ақпаратпен  алдын  ала  танысуларына  мүмкіндіктері  бар. 
Төртіншіден, басты мәселені немесе тақырыпты белгілі бір түске бояу, 
астын 
сызу, 
анимацияның 
көмегімен 
беру 
арқылы 
оған 
тыңдаушылардың назарын аудартуға болады. Бесіншіден, дәріс оқуда 
қолданылатын  компьютерлік  технологиялардың    жаңашылдығы  білім 
алушылардың  қызығушылығын  арттырып,  тақырыпты  жан-жақты 
меңгеруге ынталандырады.  
Қоғамдық  дамудың  бағыттарынан  туатын  педагогикалық  теория 
мен  тәжірибенің  міндеті  білім  беруді  қазіргі  заман  талабына  сай 
жүргізе білуде болып табылады. Білім берудің  ойдағыдай жүргізілуінің 
тиісті  нәтижесі    білімгерлердің  меңгерген  білімі  мен  дағдыларының, 
танымдық  түсініктерінің  жоғары  деңгейде  болуымен  айқындалады  [1, 
15 б.]. 
Жоғары  оқу  орындары  мен  мектептерде  оқу  материалының 
әдістемелік  жағына  жеткілікті  дәрежеде  көңіл  бөлінбеуі  танымдық 
қызмет 
тәсілдерін 
үйретуде 
кері 
әсерін 
тигізеді. 
Оқу 
бағдарламаларында  оқушылар  мен  студенттер  меңгеретін  білім  мен 
дағдылар ғана емес, сонымен қатар оқу пәнінің әдістемелік міндеттері 
де, 
яғни 
меңгерілген 
білімді 
дағдыға, 
іс-әрекет 
тәсілдеріне 
айналдыратын  әдістер  де  қамтылғаны  дұрыс.  Оқытудың  принциптері 
мен  ережелері  деген  ұғым    әрекет  ету  тәсілдерін,  белгілі  бір 
құбылысты  зерттеу  әдістерін  нақты  сипаттайтындай  дәрежеде 
қолданылуы тиіс. 
Оқу материалының әдістемелік міндеттерін арттыру оқушыларды 
оқу  курсының  әр  тақырыбы  бойынша  алған  білімдерін  қолдануға 
қатысты  ережелердің  барлығын  жаттап  алуға  міндеттеу  болып 
табылмайды.  Мұндай  ережелерді,  білім  берудің  әдіс-тәсілдерін  тиімді 
қолдануды  компьютерлі  технологияларды  оқу  үрдісінде  пайдалану 
арқылы қалыптастыру қажет.  
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
теориялық, 
практикалық  және  лабораториялық  сабақ  түрлерінде  қолданудың 
мүмкіндіктері мен қажеттілігінің шарттары төмендегідей: 
-  білім  беру  барысында  қолданылып  жүрген  әдістемелік  және 
дидактикалық принциптерге сәйкес нақты мақсаттарды белгілеу; 
-  тыңдаушылар  контингентін,  олардың  жас  ерекшеліктерін, 
дайындық деңгейін және оқу топтарының құрамын ескеру қажет;    

209 
 
-  оқу  сабақтарында  көру  арқылы  элементтерді,  есте  сақтауға 
арналған  терминдер,  мен  формулаларды,  ережелерді  ұсынудың 
қажеттілігі; 
-  сабақ  барысында динамикалық жүйелілік пен  бейнеүзінділерді 
қолданудың қажеттілігі; 
-  оқытушының  компьютерлік  бағдарламаларды  пайдалана  білу 
сауаттылығы; 
-  оқу  аудиториялары  мен  сынып  бөлмелерінің  қажетті  құрал-
жабдықтармен және бағдарламалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі; 
-  бұрын  дайындалған  немесе  оқытушының  өзі  дайындаған 
электронды құралдарды қолдану; 
- дайындық деңгейі әртүрлі топтарда мазмұны жағынан біртектес, 
қарастыру  және  талдау  деңгейі  әртүрлі  ақпараттық  материалдарды 
пайдалану.   
Қазіргі 
кезде 
оқытушылардың 
өз 
тәжірибелері 
мен 
шығармашылық  шеберлігін  пайдаланып,  кез  келген  оқу  пәні  бойынша 
авторлық  курс  дайындауға  мол  мүмкіндіктер  бар.  Бұл  сабақ 
барысында  теориялық  материалды  көбірек  мөлшерде  беруге  және 
уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.       
Қазақ  тілі  сабақтарында  интербелсенді  әдістерді,  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  қазіргі  кездегі  заман 
талабына  сай  кең  өріс  алуда.  Болашақта  тіл  мамандары  болатын 
білімгерлердің  тілдік  материалды  теориялық  жағынан  жете  меңгеріп, 
танымдық  және  машықтық  дағдыларын  қалыптастыруда  тілдік  талдау 
жүргізудің  маңызы  зор.  Тілдік  талдау  –  теориялық  материалды  жете 
меңгеріп, оны саралауға, білімді тиянақтауға, білімгерлердің танымдық 
ынтасын  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  қолайлы  тәсіл.  Тілдік 
талдауларды  орындау  тәсілдерін  үйретудің  нәтижелі  болуы  оқу 
материалында  оқытудың  әдістемелік  негіздерінің  тиімді  берілуімен 
айқындалады.  Қазақ  тілінің  әр  саласы  бойынша  талдау  жұмыстарын 
жүргізу білімгердің теориялық білімін іс жүзінде – жаттығу жұмыстарын 
орындауда  қолдануға  дағдыландырады,  оның  тілді  зерттеуде  өз 
қабілетін  жан-жақты  дамытуына  жағдай  жасайды.  Сонымен  қатар, 
талдау  жұмыстарын  жүргізе  отырып,  пән  оқытушысы  әр  білімгердің 
белгілі  бір  тақырыпты  қалай  меңгергенін,  қандай  кемшіліктері  бар 
екенін анықтап, сол бойынша жұмыс бағыттарын белгілей алады.  
Теория  мен  әдістемелік  принциптердің  тығыз  байланысы 
білімгердің практикалық дағдылары қалыптасуының нәтижесінде оның 
алған  білімінің  тереңірек  және  мазмұндырақ,  яғни  теориялық  жағынан 
тиянақты  және  терең  болуынан  байқалады.  Осы  тұрғыдан  алғанда, 
соңғы 
жылдары 
мектептер 
мен 
жоғары 
оқу 
орындарының 
бағдарламаларына    кеңінен  енгізіле  бастаған  оқытудың  жаңа 
технологиясы  бойынша  тілдік  материалдарды  сатылай  кешенді  
талдаудың  маңызы  ерекше.  Тілдің  әр  саласы  оқулықта  болсын, 
ғылыми  еңбекте  болсын  белгілі  бір  жүйемен  беріледі.  Тілдік  талдау 

210 
 
осы  жүйені  негізге  ала  отырып,  сатылы  түрде  жүргізіледі.  Сатылай 
кешенді    талдау  –  тілдік  материалды  білімгерлерге  ғылыми  негізде 
меңгертудің  бір  жолы.  Сатылай  кешенді    талдау  жүргізуде  тілдік 
материалды  белгілі  бір  жүйемен  орналастырған  сызба  басшылыққа 
алынады.  Тілдік  материалды  белгілі  бір  жүйе  бойынша  талдау 
оқушылардың    теориялық  материалды  жан-жақты  жете  меңгеріп,  әр 
сала  бойынша  тиянақты  талдау  дағдыларын  қалыптастыруына  зор 
ықпалын тигізеді [2, 27 б.].  
Оқушылардың  қазақ  тілі  пәні  бойынша  меңгерген  теориялық 
білімдерін 
тиянақты 
бекітуде 
қазіргі 
кезде 
оқытудың 
жаңа 
технологиясы  бойынша  жүргізілетін  сатылай  кешенді    талдауды 
меңгертудің  маңызы  зор.  Тілдің  әр  саласы  бойынша  сатылай  талдау 
жүргізуде 
компьютерлік 
технологияларды 
пайдалану 
талдау 
дағдыларын  қалыптастырудың  тиімділігін  одан  әрі  арттыра  түсетін 
маңызды  фактор  болып  табылады.  Тіл  сабақтарында  қолдануға 
арналған  электронды  құралдарды  дайындау  және  пайдалану  үшін 
бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс [3, 21-22 б.].  

Оқытушының 
қолданылып 
жүрген 
компьютерлік 
технологияларды  терең  зерттеп,  оларды  тиімді  пайдалануды  үйренуі 
немесе  бағдарламашы  маманның  қатысуымен  өзінің  электронды 
құралын дайындау; 
-    Электронды  құралға  енгізілетін  теориялық  материалдарды 
мұқият  іріктеп,  оның  компьютер  арқылы  берілу  мүмкіндіктерін  ескере 
отырып  үлгілеу,  сұрақтар  мен  тапсырмаларды,  талдау  жүргізу 
үлгілерін 
дайындау, 
олардың 
қолданыстағы 
білім 
беру 
стандарттарының талаптарына сәйкес болуын қадағалау, электрондық 
құралға  енгізілетін  материалдарда  стандартты  терминология  мен 
талдаудың шартты белгілерін пайдалану; 

 
Қажетті 
теориялық 
материалдардың, 
сұрақтар 
мен 
тапсырмалардың  базалық  дайындыққа  қажетті  көлемін  оқу  түрін 
есепке ала отырып белгілеу; 
-    Оқушылардың  немесе  студенттердің  бұған  дейін  тіл  білімі 
саласының  теориялық  курсы  бойынша  меңгерген  білімі  мен 
дағдыларының  деңгейін,  пәнаралық  байланыстар  туралы  алған 
мағлұматтарын қамтитын дайындық деңгейін ескеру; 
-  Электронды  құралдың  сыртқы  көрнекілік  түрінің  эстетикалық 
тұрғыдан жағымды қабылдануына міндетті түрде мән беру қажет. 
Сабақтарда 
электронды 
құралды 
тиімді 
пайдалануды 
қамтамасыз ететін шарттар: 
-  Берілетін  теориялық  материалдар  мен  талдау  үлгілері 
оқушының қабылдауына қиындық туғызбайтындай мөлшерде және оқу 
бағдарламасының аясында берілуі тиіс; 
-  Ақпараттық  мағлұматтарда  жекелеген  тараулар,  тақырып 
атаулары ерекшелеп бейнеленуі тиіс; 

211 
 
-    Электронды  құралды  көрсететін  жабдықтың  ерекшеліктеріне 
байланысты (компьютер мониторы,  теледидар,  проектор  қондырғысы) 
жазу шрифтілерінің көлемі мен бояуын дұрыс таңдау қажет; 
-  Суреттер  мен  жазулардың,  талдау  үлгілерінің  бейнеленуі 
жеткілікті  деңгейде  түрлі-түсті  болуына,  түстердің  көзге  кері  әсер 
етпейтіндей үйлесімді болуына назар аудару қажет; 
-  Электронды  құралда  әртүрлі  кестелерді,  тақырып  мазмұнына 
сәйкес анимациялық және бейнекөріністерді қолдануға болады. 
-  Ұсынылатын  материалдың  күрделілігіне  және  оқу  тобының 
дайындық  деңгейіне  қарай  құралдың  әр  тарауға  немесе  тақырыпқа 
байланысты теориялық бөлімдер бойынша білімді тексеруге  арналған 
тест  сұрақтары  немесе талдау тапсырмалары берілуі тиіс.  
Электронды  оқу  құралдары  берілетін  мағлұматты  көрнекі, 
бейнелі  және  әсерлі  жеткізуге,  сабақ  барысында  тыңдаушылардың 
ынтасын  арттырып,  тақырыптың  басты  мәселесін  үнемі  назарда 
ұстауға  мүмкіндік  береді.  Оқу  топтарының  дайындық  деңгейіне  қарай 
бір  тақырыптағы  лекциялық  немесе  практикалық  сабақты  электронды 
құралдың  көмегімен  әртүрлі  нұсқада  түрлендіріп  өткізуге  де  болады. 
Бұл  оқытушылардан  инновациялық  технологияларды  пайдалана 
отырып,  өзінің  тәжірибесін  жетілдіруде  және  шеберлігін  арттыра 
түсуде шығармашылықпен жұмыс істеуді талап етеді. 
Қазіргі  кезде  қазақстандық  оқу  орындарының  басым  көпшілігі 
ғаламдық  Интернет  жүйесіне  қосылған.  Пән  мұғалімдерінің  біліктілігін 
көтерудің 
маңызды 
аспектісіне 
оқытудың 
ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларын  пайдалану  арқылы  оқыту  үдерісін 
ұйымдастыруды  жаңа  деңгейге  көтеру  болып  табылады.  Қазіргі  таңда 
пәнді  оқытуды  сапалы  ақпараттық  технологиялармен  қамтамасыз  ету 
өте  өзекті,  ал  оларды  пайдалану  бойынша  пән  мұғалімдерінің 
біліктіліктерін  жетілдіру  одан  да  маңызды  болып  табылады.  Оқыту 
үдерісінде  компьютерді  тиімді  пайдалану  ерекше  ақпараттық  ортаны 
тудыра отырып, оқушылар мен студенттердің пәнді зерделеуге, танып-
білуге 
деген 
қызығушылығының 
артуына, 
шығармашылық 
белсенділігінің дамуына зор ықпал етуі тиіс.    
 
                                               Әдебиеттер: 
1.  Жадрина  М.Ж.  Проблема  определения  многоуровневой 
системы ожидаемых результатов обучения в школе. Открытая школа, 
№ 8. 2004. - 15 с. 
2. 
Мейірманқұлова 
Т. 
Білім 
берудегі 
инновациялық 
технологиялар. А., 2005. - 27 б.    
3. 
Тыщенко 
О.Б. 
Дидактические 
условия 
применения 
компьютерных технологий в обучении. М., 2003. 21-22 б.  
 
 
 

212 
 
5.21. МҰҒАЛІМ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ 
 
А. Ұстағалиева 
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша  
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 
(Тараз қ., Қазақстан) 
 
Резюме: 
В  статье  рассматриваются  особенности  внедрения  современных  методов 
повышения 
квалификации 
учителей 
и 
их 
значение 
в 
повышении 
профессионального мастерства  педагогов. 
 
Қазіргідей  ғылым  мен  технологиялардың  қарқынды  дамыған 
заманында  болашақ  ұрпақты  заман  талабына  сай  қажетті  біліммен 
қаруландырып,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  ретінде  қалыптастыру  білім 
беру 
мекемелерінің 
басты 
мақсаты 
болып 
отыр. 
Қазақстан 
Республикасының  жалпы  білім  беретін  мектептері  педагогтерінің 
біліктілігін  арттыру  курстарының  үшінші  деңгей  Бағдарламасынан 
күтілетін  нәтижелер  мұғалімдердің  оқушыларды  қалай  оқу  керектігіне 
үйрете  отырып,  өз  ойы,  өзіндік  пікірі,  сенімі  мен  сыни  көзқарасы 
дамыған,  өзін-өзі  реттеу  дағдысы  қалыптасқан  тұлғаның  дамуына 
қалай  ықпал  ететіндігіне  жол  көрсету  болып  табылады.  Бұл 
бағдарлама  сындарлы  оқытуға  бағытталғандықтан,  оның  мақсаты  – 
оқушының  пәнді  терең  түсіну  қабілетін  дамыта  отырып,  алған 
білімдерін өмірдегі кез келген жағдайда пайдалана алуына көмектесу. 
Бағдарламаның  абыройлы  міндеті  мұғалімдерді  қарқынды  өзгеріп 
жатқан  орта  жағдайында  үздіксіз  кәсіби  дамуға  дайын  болуға 
ынталандыру және оларға көмектесу болып табылады.   
Заманауи  өзгерістерге  байланысты  білім  беру  саласына  жаңа 
талаптар  қойылуда.  Бүгінгі  таңда  оқушыларға  дәстүрлі  білім  беру 
тәсілімен  дайын  күйінде  берілген  мәліметті  қабылдауы  емес,  өз 
бетінше ойланып түсінген нәрсесін қолдана білуін басты назарға алуға 
басым  көңіл  бөліне  бастады.  Сондықтан  оқушыларға  білім  беруде 
оның  ойын  дамыту,  сыни  көзқарасын  қалыптастыру  басты  назарда 
болуға тиіс.  
«Мұғалім  неліктен  өзгеруі  қажет?  Сіздің  өзгеруіңіз  қажет,  себебі 
әлемдегі  барлық  адамдардың  ішінен  мұғалімдер  ғана  үзіліссіз  оқудың 
бағасын 
түсінеді. 
Қарым-қатынастың 
маңыздылығын 
түйсініп 
түсінгендіктен,  басқа  балалар  үшін  істеген  істеріңіз  арқылы  өз 
балаларыңызға  мұра  қылып  қалдыруға  мүдделі  болғандықтан,  сіз 
өзгересіз.  Оқу  бір  жерде  тұрмайтынын,  өзгерістің  болмауы  өсудің 
тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен, сіз өзгересіз» [1, 17 б]. 
Өз 
тәжірибелерінің 
негізінде 
қалыптасқан 
өзіндік 
кәсіби 
ұстанымдары  бар,  бірақ  алдыңғы  қатарлы,  жаңашыл  идеялардан 
үйрену  мақсатымен  үшінші  деңгейлі  біліктілік  арттыру  курсынан  өту 

213 
 
үшін  менің  алдыма  келген    мұғалімдерді  өзгерістерге  жетелеу  үшін, 
алдымен  менің  де  өзгеруім  керек  екен.  Үшінші  деңгейлі  үш  айлық 
курстан  алдымен  өзіміздің  өтуіміз  және  тренер  ретінде  осы 
бағдарламамен  мұғалімдерді  оқытуымыз  бұл  істің  аса  үлкен 
жауапкершілік жүктейтін маңызды жұмыс екенін жақсы танытты.     
Елбасымыз  Н.  Назарбаев  «Өмір  бойы  білім  алу  әрбір 
қазақстандықтың 
жеке 
кредосына 
айналуы 
тиіс» 
деп 
атап 
көрсеткендей,  біліктілігін  арттыруға  келіп  отырған  мұғалімді  білім 
нәрімен  сусындатып,  жаңа  бағдарлама  идеясын  бойларына  сіңдіру 
және  меңгерген  жаңа  әдіс-тәсілдерді  өз  тәжірибесіне  қалай  енгізуді 
жоспарлауға  үйрету  біздің  тренерлік  міндетіміз  болып  табылады.  
Курсты  жүргізу  барысында  мұғалімдермен  тығыз  қарым-қатынаста 
жұмыс істеуде  біздің оларға үйреткеніміз ғана емес, олардан өзіміздің 
де кейбір нәрселерді үйреніп, тәжірибе алмасуымыз біз үшін маңызды 
болды.     
Тренерлерге  мұғалімнің  кәсіби  өсуін  қолдау  мақсатында  сыртқы 
және  ішкі  өзгерістерге,  маман  ретінде  жетілуіне  ықпал  етуге  қадам 
жасап,  кедергілерді  жеңе  отырып  жұмыс  жасауға  тура  келеді.  Курсты 
жүргізу  барысында  байқағанымыздай,  мұғалімдердің  табысты  білім 
алуында  олардың  ұстаздық  тәжірибесі,  маман  ретінде  қол  жеткізген 
кәсіби  білік-дағдылары  ескеріліп,  мықты  негіз  ретінде  қолданылса, 
олардың  өмірлік  тәжірибесіне  сүйенетін  болса,  тыңдаушылардың 
оқып-үйренуі де анағұрлым табысты бола бастайды. 
Курс  басталғанда  мұғалімдер  алғашқыда  жаңа  терминдер  мен 
түсініктерді  сенімсіздікпен,  қобалжи  отырып  қабылдағанымен,  бірте-
бірте  бағдарламаның  модульдері  туралы  түсініктері  қалыптаса 
бастаған соң, бір-біріне және топпен жұмысқа үйреніп, сенімділік пайда 
болады.  Әдетте,  топтық  жұмыстарды  тиімді  ұйымдастыру  арқылы 
мұғалімдердің  жеке  адамгершілік  қасиеттерінің  арқасында  топта 
шынайы  ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыруға  болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет