Й менеджмент и технологии в эпоху глобализации 10-17 января 2014 г. (Bogmallo Beach Resort, Гоа, Индия) Том II bogmallo Beach Resort, 2014 2



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата31.03.2017
өлшемі4,13 Mb.
#11002
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Әдістердің  тиімділігін  зерттеу  оқытудың  жергілікті  тәжірибесін 
жетілдіру үшін пайдалы бола алады.Осы  арқылы оқушылардың  жаңа 
материалды  қаншалықты  қабылдайтындығы  мен  қалай  оқу  керектігі 
арқылы  ерекшеліктерін  түсіну  үшін  олармен  қандай  жұмыс  жүргізу 
керектігін  білу  менің  қызметімдегі  маңызды  құндылық  болып 
табылады.  
Шолиердің    «Өзгеріс      -    өткінші  оқиға  емес,  ол  уақытты  керек 
етеді».  Уақыт  өте  келе,  егер  өзгеріс  табысты  өтетін  болса,  осы 
процесс  үлкен  сенімділікті  және  жеке  танымды  сездіреді.  Уақыт  өткен 
сайын  осы  практика  және  оның  принциптері  басқа  ойлану  аспектілері 
мен  практикасына  байланысты  немесе  оларға  интеграцияланған 
өзіңіздің  жеке  практикаңызға  және  оның  принциптеріне  айналады»  - 
деген  тұжырымына  толық  келісуге  болады.  Қорыта  келгенде, 
әдістемелік  жүйедегі  өзгеріс,  мұғалімнің  және  өзімнің  өзгерісім  мен 
дамуыма  негіз  болғанын  және  көшбасшылықтың  нақты  тәсілі  екенін 
түсінуге болады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  3  (негізгі)  деңгей.  «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Астана. 2012. 
2.  «Қазақстан  Республикасындағы  біліктілікті  арттыру  жүйесінің 
жаңа  үлгісі:  тенденциялар  және  даму  перспективалары»  атты 
Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ, Алматы, 2013. 
3.  Формативное  оценивание  в  начальной  школе.  Практическое 
пособие  для  учителя.  Сост.:  О.И.  Дудкина,  А.А.  Буркитова,  Р.Х. 
Шакиров. Бишкек. 2012. 
 
 
5.10. ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМ 
МЕН ОТБАСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТІ 
 
А.А. Жүсіпова 
Инновациялық Еуразия университет 
(Павлодар, Қазақстан) 
 
Бүгінгі  күні  біздің  қоғамыздың  алдында  білім  сапасын  көтерудің 
өзекті  мәселесі  тұр.  Әлем  тәжірбиесі  көрсеткендей,  дамудың  озық 
әдістерін,  білім  беру  сапасында  пайдалана  білу  елге,  аймаққа  тарту 
және  оның  гуманитарлық-технологиялық  құрылым  жағынан  алға 

156 
 
шығуының  алғы  шарты  болып  отыр.  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  білім  және  ғылым  қызметкерлерінің 
съезінде  (2001  ж.)  “Білім  мен  ғылымды  өз  дәрежесінде  меңгерген 
елдер  ғана  әлемде  дамудың  алдында,  озық  күштің  бұйда  ұстар 
тұсында болады” деп көрсеткен еді. 
Отанымыз  -  Қазақстанның  2030  жылға  дейінгі  кезеңге  арналған 
даму  стратегиясын    жүзеге  асыратын  болашақ  ұрпаққа  сапалы  білім, 
саналы  тәрбие  беру  тек  ұстаздар  қауымының    кәсіби  шеберліктеріне 
байланысты ғана болмай, сонымен бірге ата- аналардың әрекетіне де 
тікелей байланысты. 
Қазіргі  кезде  біздің  облысымызда  балалардың  15  пайызы  табыс 
деңгейі  төмен,  әлеуметтік  жағдайы  нашар  қамтылған  отбасында  өсіп 
жатыр. Міне көбіне жиі сабақ жіберетін де осы балалар.   
Медициналық  тексерудің  мәліметтері  бойынша  12  мен  18  жас 
аралығындағы оқушылардың 56,7 пайызында әр түрлі аурулардың бар 
екендігін анықтады [1].  
Балаларға берілетін тамақтың құнарлығы мен витаминдік сапасы 
нашар.  Осындай  қанағатсыз  тамақтан  баланың  асқазан  ауруларына 
шалдығуы,  қан  құрамының  нашарлауы  жиі  кездесіп,  жұмыс  қабілеті 
кемиді.  Осының  бәрі  келіп,  оқушының  оқу  бағдарламасын  өз 
дәрежесінде меңгере алмауына әкеліп соқтырады. 
Кешенді  тексерудің  нәтижелері  талапкерлердің  білім  деңгейінің 
жоғары  еместігін  көрсетеді.  Қанағаттанарлық  емес  баға    алғандар 
үлесі  5  жыл  бойы  өзгеріссіз  қалып  отыр  және  олар  28-30  пайызды 
құрайды. 
2006 
жылғы 
ұлттық 
бірыңғай 
тестілеудің 
(ҰБТ) 
қорытындылары  мектеп  бітірушілердің  24,2  пайызы  жинауға  болатын 
120 
балдық 
40 
балдық 
өту 
деңгейін 
жинай 
алмағанынын, 
оқушылардың  тек  0,7  пайызы  101-120  балл  жинап,  үздік  бағаларын 
дәлелдегеніні көрсетеді [2].  
Біздің  қоғамымызда  мектеп  білім  мен  тәрбие  беру  мәселесі 
болып,  ал  отбасы  қоғамның  бастауыш  ұйымы  ретінде  саналады. 
Мектеп пен отбасының мақсаты бір. Сондықтан отбасындағы баланың 
оқу еңбегі- бұл негізгі іс- әрекет, үй жағдайында мектепте алған білімді 
игеру.  Үйге  берілген  оқу  тапсырмасын  орындау  бала  зейінінің 
жинақтылығына, саналы күш салуына байланысты. Осыған орай қатаң 
регламенттің,  еңбекті  демалыспен  кезектестірудің  және  гигиеналық 
талаптардың сақталғаны жөн.  
Балалардың үйге берілген оқу тапсырмасына ата-аналар ерекше 
көңіл аударуы қажет. “Сіз балаңыздың үйге берілген оқу тапсырмасын 
бақылайсыз  ба:”  деген  сұраққа  54  ата-аналардың  46  пайызы-  үнемі 
бақылаймын,  39  пайызы-  кездейсоқ,  15  пайызы-  бақыламаймын  деп 
жауап берді. 
Социологиялық зеттеру мәліметтеріне қарағанда бірсыпыра  ата- 
аналардың  әлі  де  өз  балаларының  үйге  орындауға  берілген  оқу 
тапсырмасын яғни оқу іс- әрекетін бақыламайтындығы байқалды. 

157 
 
Әрбір  отбасы  баланың  үйде  сабаққа  дайындалуына  толық 
жағдай  жасауы  қажет.  Бұл  баланы  жинақтылыққа,  тәртіптілікке, 
ұқыптылыққа  үйретіп,ол  еңбекке  ынтыға  құштарланады.  Отбасы 
жағдайында  ата-  ана  баланың  үйде  орындайтын  оқу  тапсырмасын 
шебер  басқаруы  тиіс.  Бақылау  немесе  балаға  үйде  жәрдем  беру 
әңгіме  түрінде  өтеді.  Онда  ұру,  балағаттау,  жекіру    сияқты  теріс 
қылықтарды қолдануға  болмайды. Өйткені, бала  абыржиды,  оны үрей 
билейді,  пайымдылығы  нашарлайды.  Сондықтан  ата-ана  тарапына 
ұстамдылық,  баламен  қарым-қатынас  жасай  білу,  жауапкершілік 
сияқты қасиеттердің басым болуы баланың іскерлігін дамытуды, оның 
ынтасы көтеріңкі және ширақ  болады. ең  бастысы  баланы-өз  бетімен, 
жүйелі  еңбек  етуге  үйрету.  Ата-анаға  қоятын  талаптар  бала  үшін 
әдетке айналуы керек [3]. 
Бала  оқуының  сапасы  тек  мұғалімдерге  ғана  емес,  ата-анаға  да 
байланысты.  Оқу  ісі  мектеп  қабырғасымен  шектелмейді,  оның  бір 
бөлігі  үйге  берілген  тапсырманы  орындау.  Баланың  жас  ерекшелігіне, 
қабілеттілігіне,  білім  көлеміне,  жақсы,  орташа,  нашар  оқуына  қарай 
үйге берілген тапсырманы орындауда ата – ананың басшылығы қажет. 
Ең  алдымен,  баланың  үйдегі  оқу  жұмысына  жағдай  туғызып,  оларды 
оқулықтар,  оқу  құралдарымен  қамтамасыз  ету,  оқу  бұрышын 
жабдықтау  керек.  Оқу  бұрышында  стол,  орындық,  кітап  қоятын  сөре, 
парта, шкаф болғаны қолайлы. Сабақ дайындайтын бөлме желдетіліп, 
жарық  сәулесі  мол  түсуі  керек,  әрбір  сабақтан  кейін  5-10  минут  үзіліс 
жасауы  нерв  жүйесіне  игі  әсерін  тигізеді.  Балалардың  күн  режимі 
олардың  мектеп  пен  үйде  орындайтын  жұмыс  түрлерін  түгелдей 
қамтып,  үйдегі  және  мектептегі  уақытын  дұрыс  және  орынды 
пайдалана  алуын  мүмкіндік  беретіндей  болуға  тиіс.  Сонымен  қатар 
міндетті  түрде  күн  режимінің  күн  сайын  орындалуын  қадағалап  отыру 
қажет.  Осының  нәтижесінде  ғана  бала  күнде  белгілі  бір  уақытта 
сабағын  әзірлеуге,  ойнауға,  үй  ішіне  жәрдемдесуге  жаттығып, 
дағдыланады.  
Ата-ананың  басшылығы  баланың  оқуына  жағдай  туғызумен  ғана 
шектелмеуі  тиіс.  Ең  маңыздысы  -  үй  тапсырмасын  орындауда 
көмектесу.  Ата-аналардың  баласының  оқу  ісіне  көмектесуінің  өзі 
түрліше,  кейбіреулері  баланың  сабақ  әзірлеуіне  мүлде  араласпайды. 
Ал екіншілері керісінше, балаларына “қамқорлығын” ерекше арттырып, 
үй тапсырмасын өздері орындайды. Соңғы жағдайда бастауыш сынып 
оқушыларының  үй  тапсырмасын  орындауында  көбірек  кездеседі. 
Бұның екеуі де дұрыс емес. 
Балалар  үй  тапсырмасын  орындағанда,  қиыншылдықтарға 
кездесіп,  кейбір  сөздердің мағынасын түсінбейді, оқиғалардың  немесе 
құбылыстардың  арасындағы  байланыстың  заңдылықтарын  айқындай 
алмайды.  Осындайда  ата-ана,  үлкендердің  басқа  біреуі  оқушы  іздеп 
таба  алмай  отырған  шешімге  бағыттарлық  жетекші  сұрақтар  арқылы 
оқушының өзін шешімге керекті жауапты табуға келтіру керек. 

158 
 
Кейде  көмектесу  -  үй  тапсырмасының  орындалуын  тексеріп 
отыру түрінде ғана іске асырылады. Төменгі сынып оқушыларының  үй 
тапсырмасын  тексергендер  жаттаған  тақпағын  тыңдау  немесе  оқыған 
материалын  қайталап  айтқызу,  жазба  жұмысын  тексеріп  шығуға 
болады.  жаттаған  тақпағын  тыңдағанда,  баланың  мәнерлеп  айтуына 
көңіл  бөлу  керек.  Мысалы,  2  сыныптың    ата-тілі  сабағында  М. 
Әлімбаевтың  “Ұқыпты  оқушы”  деген  өлеңі  үйде  жаттауға  берілген. 
Бірақ  оқушылардың  көпшілігі  жаттамай  келіпті.  Тапсырған  тақпақ  бір- 
ақ шумақ: 
Кітапты орап тыстаймын, 
Жыртылмасын, 
Мұқабасы бүктеліп 
Қырқылмасын. 
Таза болсын беттері, 
Кірлемесін,  
Көрген кісі кітабы  
Кір демесін. 
Балаларды  сабақ  соңынан  қалдырып,  осы  өлеңді  жаттатық. 
Жаттағанда  ойланбай  әрбір  сөзді  бірнеше  рет  қайталап,  олардың  көп 
уақыт жіберетінін байқадық.  
Мұндай  жағдайда  қиындықтан  құтқару  үшін,  әуелі  балаға 
тақпақтық  мазмұны  мен  жеке  түсініксіз  сөзді  түсіндіріп,  айтуға 
қиналатын  сөздерін  буынға  бөлгізіп,  тіпті  қағазға  жазып  қойып, 
дауыстап немесе іштен (ойша) қайталап жаттығу керектігін айтып, оған 
дағдыландыру керек.  
Төменгі  сынып  оқушыларының  тапсырмасын  тексеру  үшін  ата- 
ананың терең білімді болуы шарт емес. Мәселен, ана тілі, табиғаттану 
сияқты  сабақтардан  үйге  оқып  келуге  берілгендерді  әрбір  одан 
ұққанын  айтқызуға  болады.  кейде  сол  мазмұннан  туатын  бірнеше 
сұрақты  ата-  анаға  өздері  –  ақ  қояды.  Мысалы,  1  сыныптың  ана 
тіліндегі ”Ақшақар” деген тексті оқытып тыңдап: «Кәне одан не ұқтың?, 
Ақшақар  деген  қандай  қар?,  Ақшақармен  байланысты  не  айтылып 
тұр?» деген сұрақтарды көмектесуге шын ықыласты әрбір ата- ана қоя 
алады.  
Ал  қазақ  және  орыс  тілі  сабақтарынан  жаттығу  жұмыстары  үйге 
жиі беріледі.  Міне, осы жаттығу жұмыстарын орындауда  кейбір  оқушы 
ойланудан  қашып,  кейбірі  жаттығудың  орындалу  шартын  ұмытып 
қалып  тек  тексті  көшіре  салады.  Осындайда  үлкендер  тарапынан 
қандай  жаттығу  беріледі.  Оны  орындаудың  шарты  қандай  екенін 
тексеру артық болмайды.  
Мұнымен  қатар  ата-аналар  оқушылардың  табельдері  мен 
күнделіктеріндегі  алған  бағаларын  тексеріп,  жеті  сайын  қол  қойып, 
сабақтан  себепсіз  қалмауын  және  мектепке  кешікпей  баруын 
қадағалап  отырулары  керек.  Сабағына  жауапкершілікпен  қараған 
баланы  мадақтап  отыру  қажет.  Бала  қай  сыныпта  оқымасын,  үйге 

159 
 
берілген 
тапсырманы 
өздері 
тексеріп 
үйренуге 
тәрбиелеудің 
педагогикалық маңызы зор.  
Ата-  аналар  үй  тапсырмасымен  бірге  баланың  сыныптан  тыс 
оқуын  қадағалап,  оларға  тиісті  газет-  журналдарды,  көркем  әдеби 
кітаптарды  сатып  әпергені  жөн.  Радионы  тыңдауға  үйретудің  де 
баланың ой- өрісінің дамуына тигізетін әсері мол. 
Баланы  көркем  әдеби  кітаптарға  үйір  етіп,  қызықтыру  үшін,  ата- 
аналары  немесе  басқа  жақын  -  туыстары  оның  елеулі  бір  ісі  үшін,  не 
туған  күні  т.б.  ретті  жағдайларла  көркем  әдеби  кітаптар  сыйлау 
орынды. 
Қазір  оқушылар  емтихан  тапсырады.  Сондықтан  емтиханға 
әзірлік  кезінде  жәрдемдесу  мен  тексеруді  күшейте  түскен  жөн. 
Әзірлену  кезінде  материал  пысықталып,  бұрынғы  түсініксіз  болған 
сұрақтар  анықталады,  демек,  жыл  бойы  алған  білімін  тереңдете 
түседі.  Емтиханға  әзірлік  кезінде  үй  ішінің  шаруасымен  байланысты 
тапсырмаларды  азайту  керек.  Әрине  балаларды  өзін-өзі  күтуден,  үй 
шаруасына  көмектесуден  мүлде  босатуға  болмайды.  Оқушылар  үй 
тапсырмасын  орындағанда,  емтиханға  әзірлену  кезінде  бірнеше 
оқушының  қосылып  әзірленуін  қуаттаған  дұрыс.    Мұнын  өзі  жас 
өспірімдердің  жұмысты  ұжымды  болып  істеуге,  олардың  жолдастық 
қарым- қатынас сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Бірлесіп оқуға 
үлгере алмайтындар мен дербес орташа өз алдына жұмыс істеп, көпке 
әдеттенбеген оқушылар үшін де пайдалы. 
Емтихан  кезінде  балалар  өз  біліміне  сенбей:  “Мен  еш  нәрсе 
білмеймін”,  “Мен  бүгін  емтиханда  құлаймын”  -  деген  сөздерді  жиі 
айтады.  Бұл  шынында  нақ  солай  емес.  олардың  еш  нәрсе  білмеуі 
және  9  айдың  ішінде  өткенін  бірден  еске  түсіруі  мүмкін  емес. 
Сондықтан  үйде  баланың  туыстары  ақыл  айтып,  жігерлендіріп, 
тапсырған  емтиханына  мән  беріп  отырулары  керек.  Ол-оқушының 
көңіл күйін көтеріп, өзіне сенімін арттырады.  
Емтиханға  билетпен  ғана  дайындалмай,  жалпы  материалды  бір 
шолып өтуі орынды, содан кейін билетпен танысады. Емтихан билетін 
алғанда саспай, білімін іштей тұжырымдап, бір жүйеге келтіріп, түйінді 
мәселелерді жазу керек.  
Кей  балаларда,  керісінше,  өзіне-өзі  шамадан  тыс  сенімділік 
пайда болады. бұл дұрыс емес. Мұндайда оқушыға  байыптылық, тым 
ұшқалақтамай  ойлану  керектігін  ескерткен  жөн.  Емтихан  уақытында 
оқушылар  мезгілімен  дұрыс  тамақтануы  тиіс.  Дұрыс  тамақтанудың 
организмге  қажетті  заттарды  жеткізіп  тұрудың  пайдасы  зор.  Тамақ 
алуан түрлі (сүт, жас көкөніс, жеміс, балық т.б.) болуы керек.  
Қорыта келе айтатынымыз, тапсырманы мұқият, ұқыпты орындау 
баланың  оқуға  деген  ынтасын  арттырады.  Келешекте  қиыншылықты 
жеңуге, азамат болғанда жұмысты ықыласымен адал істеуге үйретеді. 

160 
 
Отанымыздың игілігі үшін әрқашанда еңбек етіп, қоғам дамуының 
талаптарына  сай  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  ісінде  егемендік  идеяларын 
жүзеге асыру үшін мүмкін нәрсенің бәрін пайдалануы қажет.  
Елбасы  және  үкіметіміз  қоғам  өмірінің  барлық  салаларын 
жаңарту  жайлы  шешімдер  қабылдады.  Солардың  бірі  отбасында 
балаларды  тәрбиелеу  процесін  жетілдіру  болды.  Еліміздегі  реформа 
бойынша  балалы  отбасыларға  көмекті  ұлғайту,  әйелдердің    еңбек 
және  тұрмыс  жағдайын  жақсарту,  балаларды  күту,  өсіру  және 
тәрбиелуде  ата-аналарға  көмек  көрсету,  отбасыларға  берілетін 
барлық  жеңілдіктер  мен  артықшылықтарды  ұлғайту,  мектеп  жасына 
дейінгі балалар мекемелерін салу сияқты нақты шаралар белгіленді. 
Балаларды  тәрбиелеуді  ойдағыдай  жүзеге  асыруда  мектеп 
ұжымдары,  ата-аналар,  өдіріс  және  еңбек  ұжымдары,  қоғамдық 
ұйымдар мен мекемелер ерекше орын алады. 
Қазақстанда мектептер мен жұртшылықтың белсенді қатысуымен 
ата-  аналардың  педагогикмәдениетін  көтеру,  саяси,  педагогикалық 
және  психологиялық  білімді  насихаттаудың  басты  формалары  пайда 
болды.  Ендігі кезек оларды пайдалануды дәсүрге айналдыру.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Дубровина  И.В.  "Возрастные  особенности  психологического 
развития детей" М., 1982.  
 
2. Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі. Алматы, 2004. 
 
3. Берікбаев С. Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Тәрбие құралы 
№ 3, 2004. 
 
4. Галиев Е. Мектептің отбасымен байланысы. Тәрбие құралы. № 
6, 2003. 
 
5. Қожахметова Қ.Ж. Сынып жетекшісі. Алматы, 2000. 
 
6.  Мұсырманов  А.  Ата-ана  және  мектеп  ынтымақтастығы. 
Қазақстан мектебі. № 11, 2004 . 
 
7. Тәлім –тәрбие тұжырымдамасы. Қазақ мектебі. 5 ақпан, 1993. 
 
8.  Жарықбаев  К.  Қалиев  С.  Қазақтың  тәлім  тәрбиесі.  Алматы. 
1995. 
 
9.  Құрманалина  Ш.Х.,  Мұқанова  Р.Ж.,  Ғалымова  А.У.,  Ильясова 
Р.К. Педагогика. Астана , 2004.  
 
10. Сагындыкұлы Е. Педагогика. Алматы. 1999. 
 
11.  Қоянбаев  Ж.  Семья  және  балалар  мен  жетекшілер  тәрбиесі. 
Алматы, 1990. 
 
12.  Жарықбаев  Қ.,  Қалиев  С.  Қазақ  тәлім  -  тәрбиесі.  Алматы, 
1995. 
 
 
 
 
 

161 
 
5.11. ОРТА МЕКТЕПТЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ 
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Н.А. Ибраимова 
№ 169 Н. Илялетдинов атындағы орта мектеп 
(Қызылорда облысы, Жанақорған к., Қазақстан) 
 
Аннотация: 
В  статье  автор  затрагивает  вопросы  выявления  талантливых  и  одаренных 
детей,  показывает  пути  ее  реализации.  Также  в  статье  освещены  методы  и 
способы  реализуемые  учителем  на  практике,  на  примере  воспитательных 
мероприятий проведенных в рамках исследований в действий.  
 
Дарынды  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуді  ұйымдастырудағы 
басты  міндет  -  балалардың  қабілеттері  мен  таланттарын  жан-жақты 
аша  түсу  үшін  дарындылықтың  ерекшеліктерін  анықтау  мен  айқындау 
болып табылады. 
 Дарынды  балаларды  анықтау  –  баланың  дамуын  талдаумен 
байланысты  ұзақ  процесс.  Дарындылықты  қандай  да  бір  әдіспен 
анықтау  мүмкін  емес.  Дарынды  баланы  тәрбие  беру  мен  оқыту 
барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. 
Балалар  бойындағы  дарындылықты  анықтау  –  маңызды 
мәселелердің бірі.  Дәл  қазіргі  уақытта баланы дарынды және дарыны 
жоқ  бала  деп  бөле  отырып,  біз  баланың  келешек  өміріне  жасанды 
түрде  қол  сұғып  отырмыз.  Өйткені  баланың  бойындағы  қайталанбас 
ерекшелігі  өсе  келе,  баланың  шын  мәнінде  талантты  болатынына 
кепіл бола алмайды. 
Жоғарыда  айтылғандарды  есепке  ала  отырып,  дарынды 
балаларды анықтаудың мына ұстанымдары тұжырымдалды: 
1)  түрлі  ақпарат  көздерін  пайдаланып,  бала  қабілеттерін  кең 
көлемде  қамтуға  мүмкіндік  беретін  баланың  мінез-құлқы  мен 
іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешендік сипаты; 
2)  баланы  танып-білумен  зерттеудің  ұзақтығы  (баланың  түрлі 
жағдайдағы іс-әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау); 
3)  баланың  қызығушылығы  мен  бейімділігіне  барынша  сәйкес 
келетін  қызмет  аясында  баланың  іс-әрекетіне  талдау  жүргізу 
(арнайы 
ұйымдастырылған 
пәндік-ойындық 
сабақтарға 
қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс-шараларға қатыстыру); 
4)  дамытушылық  ықпал  ете  отырып,  баланың  психологиялық 
«кедергілерін»  жоюға  мүмкіндік  беретін  тренингтік  әдістерді 
пайдалану; 
5)  баланың бойындағы қандай да бір дарынды бағалауда жоғары 
санатты 
тәжірибелі 
мамандарды 
тарту 
(математиктер, 
филологтар, шахматистер, инженерлер және т.б.); 

162 
 
6)  баланың  дарындылық  белгісін  оның  психикалық  дамуының 
нақты  деңгейінде  ғана  емес,  сондай-ақ  оның  болашақтағы 
даму мүмкіндігін де есепке ала отырып, бағалау; 
7)  жұмыс нәтижесін талдау, бақылау , әңгімелесу, мұғалімдермен 
ата-аналардың 
сараптамалық 
бағалары, 
баланың 
эксперимент  жағдайындағы  нақты  іс-әрекетін  бағалаумен 
байланысты  психодиагностикалық  эксперименттік  маңызды 
әдістеріне сүйену. 
Демек,  дарынды  балаларды  анықтау  –  арнайы  бағдарлама  мен 
білікті  мамандардың  қатысуын  қажет  ететін  өте  күрделі  мәселе  және 
дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. 
 Дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау мәселесі – білім 
беру  ұйымдарындағы  балалардың  танымдық  және  тұлғалық  дамуы 
үшін жағдай жасау мәселесі деп қарастырылуы қажет [1, 4-5 б.]. 
  Орта  мектеп  оқушыларының  дарындылық  дейгейін  анықтау, 
олардың  білім  алудағы  қажеттіліктерін  өз  деңгейінде  қанағаттандыру 
үшін  мектеп  пен  оқушы  және  оның  ата-анасы  арасындағы  көпірше  –
мұғалім  тұлғасының  рөлінің  маңызы  зор.  Жеке  тұлғаға  бағытталған 
оқытуды  жүзеге  асырмас  бұрын,  өз  сыныбымдағы  оқушылардың  оқу 
үдерісіне  деген  көзқарасына  талдау  жасап  шықтым.  Ол  үшін 
оқушылардан  «Ең  жақсы  сабақтар  мыналар:»  деп  басталатын 
сауалнама  алынды.  Талдау  қорытындысы  бойынша  барлық  дерлік 
оқушылар  «ойын  немесе  жарысты  қамтыса»,  «сабақ  үстінде  менің 
пікірімді  сұрайды»,  «сабақ  үстінде  маған  ойлануға  уақыт  беріледі»  
деген  жауаптарды  таңдаған.  Сауалнаманың  ең  төменгі  бөлігіне 
«оқушылардың  өздері  қосқан  пайымдаулар»  бөлімі  қосылды.  Бұл 
жерде  оқушылар  «сабақ  үстінде  барлық  оқушылар  бірдей  қатысса, 
және  барлығы  бағаланса»,  «сабақ  еркін  өтуі  керек»,  «бағалау  кезінде 
тек  мұғалім  қоймай,  оқушылармен  ақылдасқанын  қалаймын»,  «сабақ 
үстінде  көп  пікір  алмасып,  бір-біріміздің  ішкі  дүниемізбен  жақынырақ 
таныссақ» деген ойлар орын алды. 
Оқушы  пікірлерін  ескере  отырып,  «Алгебра»  және  «Геометрия» 
пәндеріне  арнап  орта  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  жоспарлар 
дайындалды.  Тәжірибеден  өту  кезіндегі  таңдап  алынған  «Геометрия» 
пәнінің  сабақтар  топтамасы  төрт    сабақтан  тұратын:  біріншісі  -  жаңа 
тақырып;  екіншіс  -  есептер  шығару;  үшіншісі  -  тест  тапсырмалары; 
төртіншісі  -  қорытынды  сабақ.  Алғашқы  сабақтан-ақ  оқушылардың 
оқытудың  жаңа  әдістеріне  деген  қызығушылығы  байқалып,  жекелеген 
топтар  бөлініп  шыға  бастады.  Әсіресе  топпен  жұмыс  істеу  олардың 
ойынан  шығып,  көптеген  талаптарын  қанағаттандырғандығын  сабақ 
соңында алынған рефлексияда атап көрсетті. 
Соңғы сабақта мен өз оқушыларыммен бірге бағдарламаның жеті 
модулін толық атқарып шықтық. Әрине бұл оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығының  және  еңбекқорлығының  арқасында  жүзеге  асты. 
Оқушылар  өздері  бөлген  топтар  бойынша  тақырыпты  бөліп  алып, 

163 
 
оқулықпен  жұмыс  жасады,  қосымша  ақпарат  көздеріне  алынған 
материалдарды қосып, презентация дайындап алып келді. Топтағы өз 
ролдерін  өте  жоғары  деңгейде  бөліп  алған.  Сабақ  соңында  жеңіс 
ағашына  жапсырған  стикерлерден  оқушылардың  өз  еңбектеріне 
көңілдері  толғандығын  көріп,  мен  де  өз  орнымда  көшбасшылық 
еңбегімнің толық орындалғандығына қуандым. 
Тәжірибе  соңында  оқушылардың  пәнге  көзқарасының  өзгеріс 
деңгейін анықтау үшін «Хороший ли учитель математики у Вас?» атты 
тест  алынды.  Тест  нәтижесі  бойынша  мұғалімге  берілген  жиырма 
сипаттаманың  он  екісін  қанағаттандырған  екенмін.  Бұл  жаңа 
технологиямен өткен төрт сабақ үшін берілген тамаша баға.   
  Ұстаз  жетістігі  -  оқушылардың  жетістіктерінен  құралатын  дүние 
десек,  бұл  сабақ  топтамасы    оның  алғашқы  тамшысындай  еді.  Сыни 
тұрғыдан  ойлау,  өз  пікірін  ашық  айта  білу,  өзіне  және  жолдастарына  
шынайы  баға  бере  білу  сияқты  қабілеттерін  дамыту  нәтижесінде 
оқушылар  өз  менталитетіне  тән  ұялшақтық,  сенімсіздік  қасиеттерінен 
алшақтай бастады. Өз-өздеріне деген сенімділік пайда болып, ғылыми 
жұмыстарға  бет  бұрған  оқушылар  жоғары  жетістіктерге  қол  жеткізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет