«Ақ сҿйле жүрегім»
Ш бҿлім.
Дәйексӛз: «Ӛлең!
Ӛлең!
Ӛлең боп ӛтер үміт,
От ӛріліп, биікке кетер іліп.
Сағыныштан ӛлеңге деген тағы.
Шықты бүгін қызуым кӛтеріліп.
Ж.Набиуллин.
Кітап кӛрмесінің ІІІ бӛліміне ақын шығармашылығы
туралы әдеби-сын еңбектер, мақалалар қойылады.
15
ҚҰШАҒЫНДА БІР ҒАЖАЙЫП САЯ БАР
Поэзия кешінің жобасы
Залда Ж.Набиуллиннің 75 жылдығына орай кітап кӛрмесі
койылады. Кеш басталар алдында сахнада қазақтың ән-күйлері
ойналады.
І жүргізуші: Армысыздар поэзия кешіне жиналған жыр
сүйер қауым!
П жүргізуші: Бүгін Нарын құмның перзенті Ж.Набиуллин
75 жасқа толып отыр. Поэзия шаһарында жанған жарық жұлдыз
Жанғали ақын шығармашылығы туралы 60-жылдардың басында
Ғафу ағамыз былай деп баға берді: «Жырларындағы ақын тілінің
тегеуріні, уыты, салмағы сүйсіндіреді, ӛзгеше үн, ӛзгеше
интонация іздегені кӛрініп тұр. Ақын диапазоны, тынысы кең,
жалған айғай жоқ және сенетін даусы бар. Ӛлең ӛрнектері,
формасы, техникасы, буын, ырғақ- бәрі айтар тақырыпқа бағынған
палитрасы бай».
І жүгізуші: Ж.Набиуллин қасіретті Ұлы Отан соғысына да
қалам тербеген ақын. Балалық шағы соғыстың ауыр кезеңіне тап
келген ақын мәңгілік есінде қалған жастықтың жасын,
жарқылының табын үлкен эпикалық суретке айналдырып, поэма-
дастандарына ұластырады. Тұңғышынан қара қағаз келген кездегі
ана тұлғасы былай болып ӛрледі:
Жаманат па?
Бұл жаманат қас қой дерсің нақ әлі,
Жылт еткен бір қуанышты ӛштесіндей бағады.
Сол күні анам тұңғышынан айырылып,
Сол күні мен жоғалтыппын ағаны.
Деме қайғы: «Міне тағы бір жігерге жетті әлім»
Адамдарды қаралама: Жасық екен деп бәрін.
16
Сол күні де шығып анам сабанға,
Жыртып қайтқан тиісті бес гектарын.
Міне табиғатынан қайсар ер ананы қара түнек қасірет,
зілзала сұмдық та жасыта алмайды.
«Соңғы хаты Сталинградтан», «Соғыстың соңғы күні»
ҿлеңдері оқылады. ("Жетінші перне" П том. 194, 236-бет.)
П жүргізуші: Ақындық жолын XX ғасырда бастаған Ж.
Набиуллин XXI ғасырға шашасына шаң жұқпаған күйде келіп
отыр.
Соңғы
бір-екі
жылдың
бедерінде
таңдамалы
туындыларының 5 томдығын шығарды.
Кӛлемді кітап «Аллаһу Акбар», «Аласапыран», «Шексіздік
формуласы», «Қарама-қарсы тербелістер» деп аталатын үлкен-
үлкен 4 бӛлімнен құралған. Нәтижесінде жинақтың әрбір бӛлімін
оқып шыққанда, біртұтас шығармамен, шығармадан гӛрі жасы
үлкен, ақылы кемел, сонысына қарамастан сені жатсынбайтын
сырлас адаммен сұхбаттасқандай боласың.
І жүргізуші: Ақын әлемі - таңғажайып байтақ әлем. Ақын
аспаны астында күн күлімдей қарап, самал жел билеп, таулар
теңселіп, орман-тоғай сауық салады. Ақын жүрегі әлем табиғатын
алдын-ала болжайтын кӛріпкел сияқты. Байқампаз, талғампаз,
сыршыл Жанғали ақын адамның кӛз алдында ӛтіп жатқан қас
қағым шақтарды, ӛмірдің осынау бір сындарлы сәттерін
ӛлеңдеріне арқау ете отырып, жұмбақ ӛмірдің, соның тӛрешісі
адам тағдырының тербелмес таразысы - уақыттың сан
қырларының сырын ашады.
17
«Бақыт туралы баллада» ҿлеңі оқылады.
(«Жетінші перне» І-том. 16-бет.)
П жүргізуші: Жанғали Набиуллиннің шетінен ойдым-
ойдым ойға, шебер түйілген шумақтарға, шиыр-шиыр жыр
жолдарына аз сӛз бен мол мағына беретін лирикалық ӛлеңдерімен
бірге монолог-толғау, баллада жанрына қосқан үлесі бар. Бұл
орайда суреткердің «Жұлдызды Жайық», «Кеш жарық», «Жесір»,
«Ана» деген монолог-толғауларын айтуға болады.
Осы туындыларына ӛміріне "маңдай термен есеп берген",
ақ жүрегімен үн қатқан ақын адалдық пен биіктіктің тұғырынан
кӛрінеді. Ақын Жанғали жыр ӛлкесінің тынысы терең, ағынды
арнасы поэма жанрында да еркін самғайды. Осы арынды арнаға
тегеурінді толқынмен қуат беріп, дастан, поэма түрлерін байытып,
ӛзіндік ӛрнегін салады. Ақын дастандары композициялық
құрылысы мен сюжетінің нақты, оқиғалы, фактілі баяндалуымен,
шындықты шынайы бейнелеуімен, образды мінездеу, мүсіндеу
суреткерлігімен ерекшеленеді. Ол - ӛлеңде ғана емес, поэмада да
сыршыл лирик.
«Ҿз елім» әні орындалады. Әні: Н.Тілендиев.
Сөзі: Қ.Мырзалиев.
(«Ҽн жҽрмеңке» кітабы. 14-бетте)
І жүргізуші: Ақын ӛлеңдерінде ӛршіл рух, қайсар мінез
бар. Жанғали шығармашылығы - ӛлеңді кәсіп еткен немесе ермек
кылған кісінің ісі емес, поэзияны жанына сыңарындай сырлас
серігі еткен ақынның дүниесі! Ақын ӛлеңдері кӛңілге қонымды,
жүрекке сіңімді болуы - оның ӛлеңге деген адалдығы. Қоңыр
сазды ӛлеңдері шындықты айтады, ақ сӛйлейді.
Саналы ӛмірін сарп етіп, мына жалған дүниенің қызылды-
жасылды қызықтарынан баз кешіп, ӛлеңнің ғана отын үрлеп келе
жатқан ірі ақынымыз ӛзіне лайықты бағаны енді-енді ғана ала
бастады.
18
«Жиырмасыншы ғасыр басы» ҿлеңі оқылады.
(«Ақ сҿйле, жүрегім» кітабы 42- бет)
ІІ жүргізуші: Ӛмірі ӛлеңге айналған ақынның мына бір
жыр жолдарына кӛз жіберсек:
Күндіз-түні ой кенін бұрғылайын
Мынау жарқын ӛмірді жыр қылайын
Бұдан былай күшім бар шабыт деген,
Ӛлең деген бар менің бір құдайым
Күн туса да жүретін ӛте налып
Кезіксем де сан-сынға тӛте барып
Жұмсармын ӛмірімді ӛлең үшін
Бет қызылын жұмсамай ӛте анық.
Біз бұл жолдар арқылы Жанғалидың ақындық, азаматтық
кредосын байқаймыз. Жанғали Набиуллин ӛз ақындық жолында
Отан, туған жер, азаматтық борыш, бақыт, еңбек, адалдық,
бейбітшілік, болашақ, перзент сияқты мәңгілік тақырыптарды
барша күрделілігімен ӛлеңдеріне арқау ете отырып, ӛзінше илеп,
ӛзінше иінін қандырады.
І жүргізуші: Бүгінгі Ж.Набиуллиннің 75 жасқа толуына
арналған кешімізді аяқтаймыз.
19
ЖЫР МҰХИТЫНЫҢ ЖИҺАНГЕРІ
Ж.Набиуллиннің шығармашылығын насихаттауға арналған
әдеби-сазды композиция.
Кеш басталар алдында қазақы музыка ойналып, іңгәлаған
сәбидің үні естіледі. «Сүйінші» ӛлеңі оқылады:
Оят, қалқам, кӛршіні оят барып,
Қуанышымды алдына қой ақтарып!
Мынау күнде оныкі неткен ұйқы?-
Шапшаң келіп, берсін де той атқарып.
Оят, қалқам, ауылды оят барып,
Қуанышымды алдына қой ақтарып!
Ырыздық та, кӛңіл де ортаймайды.
Түгел келіп, берсін де той атқарып...
«Ауылым-ҽнім» әні орындалады. Әні: Е.Хасанғалиев.
Сөзі: Б.Тәжібаев.
(«Ҽн кҿңілдің ажары» кітабы. 305-бетте)
Жүргізуші: Нақ қасымнан кенет бір дыбыс шықты.
Соның да ӛзі бірауық дұрыс тіпті.
Ананың сҿзі: Тентегім-ау,
баяғы сен боларсың
Бұзып түрған әулие тыныштықты.
Түсінбейсің кӛп жайды дұрыс бүгін,
Бірақ саған ол үшін ұрысты кім?!
Тек ӛскенде осылай бұзсаң жақсы
Қара бастың бойкүйез тыныштығын...
................................................
Бас ауырып,
қол тоңып, иық талып...
Марқая бер сан ӛткел, биікті алып,
20
Марқау тірлік ауылыңнан қашық жүрсін,
Түсіндің бе?
...жүр, енді ұйықталық.
"Ана туралы жыр" ӛлеңі орындалады. Әні: Ш.Қалдаяқов,
сөзі: Ғ.Қайырбековтікі.
("Ҽн кҿңілдің ажары" кітабы. 209-бетте).
Жүргізуші: Балалық шақ - бал шақтан аларыңды ал,
Нұр заманда туыпсың, - талабың бар.
Ойна, ойна!...
Ойыннан басқа сенің
Қазір енді қандай да алаңың бар!...
(Ж.Набиуллин "Қас қағым" кітабы 19-бетте).
Бала Жанғали
бейнесіндегі оқушы: Ауылда ӛстім.
Шаруамын күн қақтаған
Жӛргегімді жасыл жел құндақтаған.
Сол ауылдың беймаза тірлігі де
Жаннатынан жалғанның қымбат маған...
.............................................................
Биік ұстап мақсатым - шынарымды,
Білем анық сан сынға шыдарымды
Оттай ыстық жолдармен жерді бірақ
Қанша айналып, кім білсін, шығарымды!
"Балалық шаққа саяхат" ӛлеңі оқылады.
Жігіт Жанғали
бейнесіндегі бозбала: Болды, болды...
бәрі де ӛтті бастан!
Ӛтті бастан жастық шақ-отты дастан!
Қалтыратқан кӛрдім мен қаңтарды да,
Нӛсерлерді бойдағы ӛртті басқан...
...............................................................
21
Солай, тағдыр, тағы да сынап қара,
Сынап қара,
қойма тек сұрап қана!
Менің жеке ӛмірім -
енді ешқашан
Қайталанбас түпнұсқа бір-ақ дана.
"Түпнұсқа" ӛлеңі оқылады.
"Жас дҽурен" ӛлеңі орындалады. Сөзі: Қ.Аманжоловтікі.
Әні:Б.Тәжібаевтікі.
Жүргізуші: Ӛлең - құдірет! Ӛлең - кие! Бірде аспанға
шарықтатып, кейде баянсыз фәниден бездіретін шабыт деген тағы
бар. Ж.Набиуллин басқа да ақындар секілді осынау күйді бастан
кешеді. Шабыты келсе, қырандай қалықтап, шабытсыз шағында,
Бұл не болды?
Неліктен тоқырадым?
Қиял қалай ұйытты шоқырағын?
Ертеңді - кеш жаңа ӛлең тумаса да,
Ертеңді - кеш орнымда отырамын, -деп
баяғы басқа ешкімге ұқсамайды, ӛзінше жырлайды.
"Ақ Жайық" ӛлеңі орындалады. Сөзі: Қ.Мырзағалиевтікі.
Әні: Н.Тілендиевтікі.
Музыка
аяқтала
беріп,
сахнаға
бозбалалар
мен
бойжеткендер шығып, ӛлеңдер топтамасын оқиды.
І бозбала: Пейілі таңғы майда желден желең,
Сергек ой сенімі мол шелденбеген,
Ізгілік бастау алған баршасынан
Ғажап бір ертегідей елден келем...
"Жайықтың арғы жағы" ӛлеңі
("Қас қағым" кітабы. 28-бетте)
22
І бойжеткен: Кӛтергендей шырқауға таланты тік
Тұра алмайтын шағымда тағат күтіп
Ақ Жайықты биіктен кӛру үшін
Кейде маған кетеді қанат бітіп...
"Жұлдызды Жайық" ӛлеңі
("Қас қағым" кітабы. 29-бетте).
П бозбала: Жарылқаса бір тӛзім бітіп маған,
Сол тӛзімді қайтсем де күтіп бағам
Бассам сосын құмына Ақ Жайықтың
Табанымды жүйрік жел қытықтаған!..
("Қас қағым" кітабы. 33-бетте).
"Махаббат вальсі" ӛлеңі орындалады. Сөзі: Б.Жамақаевтікі.
Әні: Н.Шәкеновтікі.
ІІ бойжеткен: Қош келдің,
Ӛзіңдікі тӛрім бүгін,
Ақ ниет, алау жүрек - кӛрімдігім.
Сенімен шаңқай түсте жұлдыз санап,
Сенімен түн кӛгінен кӛрінді Күн...
("Жетінші перне" П-том 260-бетте).
І бозбала: Ұзақ жол шет-шегі болып қайғы
Жүргендер, бір шындық бар, соны ұқпайды:
Тезірек табысуды армандайды,
Ақыры сосын да тез жолықпайды...
( "Жетінші перне"кітабы 261-бетте).
І бойжеткен: Мен саған кездеспесем қайтер едің?
Жазғырман қиын сауал сұрады деп,
Бақыттың біз білмейтін тұрағы кӛп.
Ойлар ем махаббаттан емес, ӛмір
Тек қана сағыныштан тұрады деп...
( "Жетінші перне" кітабы 261-бетте).
23
«Туған жер ҿзің дегенде» ӛлеңі орындалады.
Әні мен сөзін жазған Б.Тәжібаев.
(«Ҽн жҽрмеңке» кітабы. 42-бетте)
ІІ бозбала: Мен
әкесі - жасыл жер,
анасы -Күн
Қасиетті қазақтың даласының
Құрсағынан
тоғыз ай тулап түскен
Жиырмасыншы ғасырдың баласымын...
( "Жетінші перне" кітабы ІІ том 318-бетте).
П бойжеткен: Сәл жақсылық болмай-ақ тартқан үлгі,
Айтатын да қалдырсақ артқа мінді,
Аң-таң болып кейде мен отырамын
Білмей кімге ӛзімнің тартқанымды...
("Жетінші перне" кітабы ІІ том 320-бетте).
І бозбала: Ұстанған бір сертім бар айтар мығым,
Қиындығы жоқ ешбір байқар мұның.
Тірліктегі бір ғана сүйенерім
Намысым мен қайыспас қайсарлығым...
І бойжеткен: Ілесіп жүріп соңынан шалғы ізінің,
Ұзақ жылдар ұмытқан жан қызығын.
Әкеміздің "мойынына бұршақ салып,
Тілеп алған Тәңірден"
Жалғызымын.
П бозбала: Кӛз жазбасын деп сайын дала гүлден,
Сын сәттерде сабырлы қала білген.
Мен тез ӛскен ұрпақпын
ӛз нанын да
Ӛзі ӛсірген балауса бала күннен...
24
Ж.Набиуллиннің сӛзіне жазылған "Ауылдың қара
кҿздері"ӛлеңі оқылады. (" Жетінші перне" Ш том. 192-бетте)
Сахнаға оқушылар шығып, ақынның егде тартқан шақтағы
ӛлеңдерін оқиды.
І оқушы: Биік ұстап бүгінім - бірлігімді,
Еркін күтіп ертеңім - нұрлы күнді,
Орбитамда адал мен айналамын
Жұмыр Жердей
Тербеген тірлігімді.
П оқушы:Құлап тұрып, құлди қағып, кідіріп,
Ӛле жаздап, сосын қайта тіріліп
Делқұлымын қуып жүрген
алпыс жыл
Аты да жоқ, заты да жоқ
Бір үміт.
....................................................
Білгенімнен кӛп болса да білмесім,
Соңғы кезде мазалайды бір кесім:
Шынында да,
ӛзім қуған сол үміт
Зорықтырып,
мені қуып жүрмесін!
І оқушы: Беу, менің бедірейген алпыс бесім!
Біреу: "Бұл - еркек үшін талтүс!" десін,
Білмеймін алпыспысың, талтүспісің,
Кӛремін түлкіге сап қар түскесін.
.....................................
Дәурен - ай
Небір сұлу бетті іздейтін,
Бетті іздеп -
Кӛк аттыны ӛткізбейтін!
Күні ертең кәрілік те келер ме екен
25
Кемсеңдеп,
Кемпірлер де жеткізбейтін!?
ІІ оқушы: О, ғасырым!
Күш беріп саяң маған,
Бір жан кӛрсең еңбектен аянбаған,
Ол - менмін
Үш мыңыншы жылға қарай
Азаматтық сеніммен аяңдаған.
Кеш соңында «Елім менің» әні орындалады. Әні: М.Маңғытаев.
Сөзі: С.Жиенбаев.
(«Ҽн жҽрмеңке» кітабы. 20-бетте.)
26
АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
1.
Набиуллин Ж. Ақ жаңбыр: ӛлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1967.-
56 б.
2. Набиуллин Ж. Ақ сӛйле, жүрегім: ӛлеңдер.- Алматы: Жазушы,
1970.-80 б.
3. Набиуллин Ж. Орда қаһармандар қаласы: Ӛлеңдер, поэмалар.-
Алматы: Жазушы,1972.- 72 б.
4. Набиуллин Ж. Кӛзімдегі сурет: ӛлеңдер.- Алматы: Жазушы,
1979.- 264 б.
5. Набиуллин Ж. Қас қағым: жыр кітабы.-Алматы: Жазушы,1983.-
88 б.
6. Набиуллин Ж. Жырлайды жырлар: ӛлеңдер, поэмалар.-
Алматы: Жазушы,1985.-192 б.
7. Набиуллин Ж. Алғы шегі: ӛлеңдер.-Алматы,1987.-152 б.
8. Набиуллин Ж. Жоғары кернеу: ӛлеңдер.-Алматы: Жазушы,
1989.- 128 б.
9. Набиуллин Ж. Жетінші перне: Таңдамалылар.- Орал:
«Полиграфсервис», 2001.
I кітап.-Таңдамалылар.-280 б.
II кітап. –Таңдамалылар.-327 б.
III кітап. – Жаңа ӛлеңдер.-284 б.
IY кітап. – Әзіл-әңгімелер.-181 б.
10. Набиуллин Ж. Жетінші перне. 5-кітап: Естеліктер.
Толғаныстар.Түйіндер: ӛлеңдер.- Орал: Полиграфсервис,2006.-
344 б.
11. Набиуллин Ж. Он сегіз жасқа толмаған махабаттым: ӛлеңдер
мен толғаныстар.- Орал: Ағартушы, 2009.-193 б.
Достарыңызбен бөлісу: |