Пидкасистый П.И. Портнов М.Л. Искусство преподавания - М,1999
Голованова, Н.Ф. Педагогика: Учебник и практикум для академического бакалавриата / Н.Ф. Голованова. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 377 c.
13 апта
№37 кредит сағат
№25 дәріс тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары. Оқытудың белсенді әдістері.
Оқыту құралдары туралы түсінік және оның функциялары.
Оқыту құралдары — мұғалімдер мен оқушылар арасында білімдерді меңгеру, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру үшін қолданылатын материалдык немесе идеалдық объектілер. Материалдык күралдарға оқулықтар, оқу құралдары, кестелер, модельдер, макеттер, оку-техникалық қүралдары, оқу-лабораториялық жабдықтар, оқу орны , жиһаз, бұйымдар т.б. жатады. Мектепте кең қолданылатын ТОҚ түрлері: ақпараттық, білімді бақылау, бағдарламалық оқыту, тренажерлар. Ақпараттар беру үшін қолданылатын ТОҚ түрлері: кинопроекторлар, диапроекторлар, эпипроекторлар, графопроекторлар, видеомагнитофон, теледидар т.б. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын техникалық оқыту кұралдарына компьютерлер жатады.
Оқыту құралдары жүйесін қолдану мынадай принциптерді қанағаттандыруы қажет:
1. Жабдықтар оқу үдерісі элементтеріне қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Мұндай талаптар: құбылыстағы маңызды нәрсені көрнекі түрде көрсету, көрнекіліктің бәріне бірдей көрінуі және қабылдануын қамтамасыз ету, эстетикалылығы т.с.с
2. Жалпы қызмет көрсететін жабдықтар бір-біріне және демонстрациялық құрылғыларға сәйкес келуі керек.
3. Оқыту құралдары саны мен типі оку бағдарламасының материалдық қажеттіліктерін толық қанағаттандыруы қажет.
4. Оқыту құралдары нақты оқыту жағдайларына сәйкес болуы тиіс. Көрнекілік кұралдары төмендегі функцияларды орындауы қажет:
— мектепте көрсету мүмкін емес құбылыстар, үдерістермен таныстыру;
— заттың қазіргі түрін және өткен тарихи дамуын бейнелеп көрсету;
— кұбылыстар мен үдерістер сипаттамаларындағы өзгерістерді көрнекі түрде көрсету;
— бұйымды қолдану, дайындау немесе жобалау кезеңдерін көрсету;
— нәрсенің кұрылысын және жұмыс істеу принциптерін, оларды басқаруды, техникалык кауіпсіздігін көрнекі түрде көрсету;
— ғылым тарихы мен оның даму болашағымен таныстыру. Көрнекілік кұралдар үш топқа бөлінеді: 1) көлемдік кұралдар
(модельдер, коллекциялар, аспаптар, аппараттар т.б.); 2) баспа құралдары (картиналар, плакаттар, портреттер, графиктер, кестелер және т.б.); 3) проекциялық материалдар: кинофильмдер, видеофильмдер, слайдылар және т.б.
№37 ОЖСӨЖ мазмұны:
Оқыту құралдарын класссификациялау.
Аудивизуалдық оқыту құралдары. Әдістемелік ескертпелер.
38 кредит сағат
№ 26 дәріс тақырыбы: Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама.
Сабақ – мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Сабақтың типтері және құрылымы.
Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады және жетілдіріледі.
Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:
оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;
оқу орнына қарай: мектептік және мектептен тыс формалар;
мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тәжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;
оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.
Мектептік даму тарихында әр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, және 40% дербес оқуға бөлінді.
Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. пайда болып, міне үш ғасыр бойы дамып келе жатыр. Оның контурын неміс педагогы И.Штурм /1537-1582/ жасады ал, Я.А.Коменский /1592-1670/ оның теориялық негізін салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар:
лекция;
семинар;
пәндік үйірмелер;
топсеруен;
факультативтер;
кеңес;
қосымша сабақтар;
үй тапсырмасы;
- оқытудың жекелік формасы.
2.Сыныптық-сабақтық форманың ерекшеліктері: шамамен бір жастағы және даярлық деңгейі бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; әрбір сынып өзінің жылдық жоспарына сәйкес жұмыс істейді /оқытуды жоспарлау/; оқыту процесі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер түрінде /сабақтар/ жүзеге асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады /монизм/; сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы /сабақ кестесі/; мұғалімнің жетекші ролі /педагогикалық басқару/; оқушылардың танымдық іс-әрекетінде әр қилы түрлерді және формаларды қолданады /іс-әрекеттің вариативтілігі/.
Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйенің негізгі компоненті сабақ болып табылады. Сабақ – бұл аяқталған мәндік, уақыттық және ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту процесінің кесіндісі /кезеңі, буыны, элементі/.
№38 ОЖСӨЖ мазмұны: Сынып-сабақ жүйесі.
Сабақты дайындау мен өткізудегі мұғалімнің ролі.
№38 СӨЖ
Сабаққа қойылатын талаптар.
39 кредит сағат
№ 13 семинар тақырыбы: Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары Дәстүрлі емес сабақтар және оларды талдау.
Мұғалімнің сабаққа даярлануы.
Қазіргі сабақ құрылымының моделі.
№39 ОЖСӨЖ мазмұны:
Сабақта ынтымақтастық қарым-қатынас күйін тудыру.
Сабақты талдау және өзіндік бағалау.
№39 СӨЖ мазмұны: Оқытудың психологиялық негіздері
Оқыту үрдісінің психологиялық сипаты.
Оқыту үрдісіндегі түйсіну, қабылдау, есте сақтау,ойлау,сөйлеу,қиялдаудың ерекшеліктері.