Тұлға - 1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады;
2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анқытайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады.
Индивид (лат. individuum – бөлінбейтін) – 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.
Жеке тұлғалық (индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас, өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде көрінеді.
№5 ОЖСӨЖ мазмұны
Әлеуметтену процестері туралы түсінік.
Әлеуметтену кезеңдері.
№5 СӨЖ
Әлеуметтену факторларына сипаттама беріңіз.
№6 кредит сағат
№2 семинар тақырыбы: Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері
Тұлғаның жас және жеке ерекшеліктері
Тұлғаны дамытудың мүмкіндіктері
№6 ОЖСӨЖ мазмұны
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
№6 СӨЖ
Үздіксіз білім беру жүйесі
Әдебиеттер:
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Педагогика. Абай ат. ҰПУ. ұжымы.А., 2003.
Коджаспирова, Г.М. Педагогика в схемах и таблицах: Учебное пособие - М.: Проспект, 2016. - 248 c.
Подласый, И.П. Педагогика. В 2-х т. Т. 1. Теоретическая педагогика: Учебник для бакалавров / И.П. Подласый. - М.: Юрайт, 2013. - 777 c.
Сластенин, В.А. Педагогика: Учебник для студентов учреждений высш. проф. образования / В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, Е.Н. Шиянов. - М.: ИЦ Академия, 2012. - 608 c.
3-апта
№7 кредит сағат
№5 дәріс тақырыбы: Тәрбие теориясы педагогиканың құрамды бөлігі ретінде.
Тәрбие теориясы және тәрбиеге жалпы сипаттама.
Тәрбие функциялары.
Тәрбиелеу теориясы - тарихи құрылған және XIX ғасырда түбегейлі қалыптасқан педагогика ғылымының бөлімі. ХІХ ғасырдың басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт (1776-1841) тәрбиелеу теориясын оқыту теориясына пара-пар қылып педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде шығарып қойды. Бара-бара тәрбиелеу теориясының шешуге тиісті мәселелерінің шеңбері анықтала бастады.
Уақыт өткен сайын бұл міндеттердің шеңбері өзгерді, жетілдірілді, жаңалармен толықтырылды, қазіргі уақытта мынадай мәселелерді атауға болады: қазіргі тәрбиелік жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анықтау; тәрбиелеудің объективті заңдылықтарын анықтау және осы негізде педагогикалық практиканы жетілдіру; қазіргі жағдайдағы тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістерін және формаларын анықтау; тәрбиелеу теориясының басқа ғылымдар салаларымен пәнаралық өзара әрекетін тереңдету; гуманистік тәрбиенің педагогикалық технологияларын жасау және тәрбиелеу практикасына енгізу; тәрбиелік жұмыстың озық педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату, т.б.
Тәрбие ең алдымен адамдарды материалдық игіліктерді өндіру ісіне қабілетті, қолынан келетін етіп дайындауға бағытталуы қажет. Себебі басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласа бастасымен- ақ, сол қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүруі тәртібі арқылы меңгереді.
№7 ОЖСӨЖ мазмұны
Білім берудің жаһандануы
№7 СӨЖ
Оқушылардың жаһандалған ойлауын қалыптастыру жолдары
№8 кредит сағат
№6 дәріс тақырыбы: Тұтас педагогикалық тәрбие үрдісіндегі тәрбие.
Тәрбиелеу үрдісінің ерекшеліктері. Тәрбие беру үрдісі көп факторлы үрдіс.
Тәрбие үрдісінің құрылымы, кезеңдері.
Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық тарихи тәжірибені беру үрдісі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын қамтиды. Жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы ақпарат құралдары, баспа орындары т.б.
Тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшіліктері бар:
Тәрбие үрдісі көп факторлы үрдіс.
Тәрбие ұзақ мерзімге созылатын үрдіс.
Тәрбие үрдісінде бірнеше қайталау болады.
Нәтижесі өте елеусіз.
Болашаққа бағытталған үрдіс.
Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз және күрделі үрдіс.
Тәрбие үрдісі өзінің ұзақтығымен ерекшеленеді. Ол балалар мектепке келерден көп бұрын басталады да мектеп бітіргеннен кейін де жалғасады. ХVІІІ ғасырдың француз материализмінің аса көрнекті өкілдерінің бірі К.А.Гельвецийдің өзі тәрбиені ұзақ үрдіс ретінде сипаттай отырып, шынтуайтқа келгенде, бүкіл өмірдің өзі бір ұзақ тәрбие деп жазды.
Тәрбие үрдісінің тағы бір ерекшелігі - оның үзіліссіз болуы.
Тәрбие үрдісінің келесі ерекшелігі - оның екі жақты және белсенді үрдіс екендігі. Тәрбиеленуші - тәрбие объектісі ғана емес, субъектісі де. Сондықтан мектеп тәжірибесінде өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілікті дамытуға қатаң түрде және ұзақ уақыт бойы өзін-өзі қолға алу жұмысын ұйымдастыруға көп назар аударылады.
Тәрбие үрдісі кешенді (комплексті) үрдіс. Бұл тәрбиелік жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістерінің бірлігін білдіреді. Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы кезектесіп жасалынбайды, бір уақытта болғандықтан педагогикалық ықпал ету кешенді сипатта болады.
Тәрбие үрдісінің ерекшелігі - оның нәтижелерінің сырттай қарағанда бірден аңғарыла қоймайтындығында.
№8 ОЖСӨЖ мазмұны
Гуманистік тәрбиенің тұлғаны тәрбиелеудегі орны.
Педагог гуманист үшін ережелер.
Баланы қабылдау және түсіну.
№8 СӨЖ
Тәрбиелеудегі демократизм туралы түсінік.
№9 кредит сағат
№3 семинар тақырыбы: Әлеуметтену және тәрбие арасындағы байланыс.
Қарама-қайшылық тәрбиенің қозғаушы күші ретінде.
Әлеуметтену және тәрбие.
Әлеуметтендіру негізі және оның кезеңдері.
Жеке тұлғаның қалыптасуы және әлеуметтену факторлары.
№9 ОЖСӨЖ мазмұны
Әлеуметтену факторлары.
А.В.Мудрик бойынша әлеуметтенудің әрбір кезеңіне міндеттер.
№9 СӨЖ
“Адаптация” түсінігінің мәнін ашыңыз.
Әдебиеттер:
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Құрманалина Ш.Х., т.б. Педагогика. А., 2004.
Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. А., 1998.
Тәрбие теориясы. Мұханбетжанова Ә.М., Молдагалиев Б.А., Ерниязов О.Н. Орал, 2005.
Щербакова, Е.В. Педагогика. Краткий курс.: Учебное пособие / М.Н. Недвецкая, Т.Н. Щербакова, Е.В. Щербакова . - М.: УЦ Перспектива, 2013. - 408 c.
Бордовская, Н.В. Психология и педагогика: Учебник для вузов. Стандарт третьего поколения / Н.В. Бордовская, С.И. Розум.. - СПб.: Питер, 2013. - 624 c.
Бороздина, Г.В. Психология и педагогика: Учебник для бакалавров / Г.В. Бороздина. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 477 c.
4-апта
№10 кредит сағат
№7 дәріс тақырыбы: Тәрбиенің жалпы заңдылықтары.
1. Заң және заңдылық туралы түсінік.
2. Тәрбие процесінің заңдылықтарына сипаттама.
Заң – шынайы дүниенің жалпы, қажетті, мәнді, салыстырмалы тұрақты және қайталанатын байланыстарды көрсетуі, ал олар өз кезегінде тиісті жағдай болғанда дамудың сипатын, бағытын және нәтижесін анықтайды. Заң мен заңдылық арасында өзгешелік бар. Негізінен олар бір типті, бір дәрежедегі ұғымдар, себебі оларда шындықтың ішкі байланыстары және дамуы көрсетіледі. Сонымен бірге заң заңдылықтың белгілі бір жағы іспетті. Ал заңдылық сол шындықтың аясындағы заңдардың ісінің жиынтық нәтижесі сияқты. Заңдылық қажетті үрдіс болып, онда заңдардың тұтастай жиынтығы іс атқарады.
Заңдылық – қандай да бір үрдістің кезеңінде немесе қоғамдық өмірдің кез келген аясындағы объективті түрде бар, қайталанатын, мәнді байланыстағы құбылыстар. Тәрбие заңдылықтары нақты жағдайда заңдардың әрекетінің көрінісі ретінде қарастырылады, яғни тәрбие үрдісінің компоненттерінің құрамдас бөліктерінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байланыстары.
№10 ОЖСӨЖ мазмұны
К.Д.Ушинскийдің тәрбие заңдылықтары туралы ойлары.
№10 СӨЖ
1. Тәрбие үрдісінің заңдылығы.
№11 кредит сағат
№8 дәріс тақырыбы: Тәрбиенің жалпы принциптері.
1. Тәрбие принципі туралы түсінік.
Тәрбиенің принциптері немесе оның басты қағидалары.
Латын тіліндегі principium деген сөзі «негіз», «бастапқы» дегенді білдіреді.
Әңгіме принцип жайлы болғанда, белгілі бір теориялық негізгі, бастау боларлық жағдайлары, басшылық ететін идеялары негізгі мінез-құлық ережелері, әрекеттері меңзеледі.
Тәрбие принциптерінің объективті негіздері бар. Оларды адам ойының еркін конструкциясы ретінде, жеке адамдардың еріккен қиялының жемісі ретінде қарастыруға болмайды. Онда тәрбие үрдісінде тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы заңды байланыстар мен қарым-қатынастар көрінеді.
2. Тәрбие үрдісінің принциптері (тәрбие принциптері) — бұл тәрбие үрдісінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие үрдісінің өзіндік ерекшелігін танытады. Педагогикалық үрдістің жалпы принциптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі – тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр.
№11 ОЖСӨЖ мазмұны
Тәрбиелеу мен оқытудағы тұлғалық тұрғы түсінігі.
Тәрбиенің өмірмен байланыстылығы принципі.
№11 СӨЖ
Обьективтік және субьективтік факторлардың өзара біріккен әрекеті.
№12 кредит сағат
№4 семинар тақырыбы: Балалар ұжымы тәрбие обьектісі және субьектісі ретінде.
Ұжым және оның қасиеттері.
Ұжымның даму ерекшеліктері және деңгейлері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.
Ұжымға педагогикалық жетекшілік.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруының функциялары және дамуы.
№12 ОЖСӨЖ мазмұны
Ұжым ішіндегі рольдер және статустар.
Ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
№12 СӨЖ
Балалар ұжымдарының түрлері.
Әдебиеттер:
1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.
3. Мұханбетжанова Ә., Мұқанбетова Ш. Педагогиканың жалпы негіздері. Орал, 2005.
4. Педагогика. Абай ат. ҰПУ. ұжымы.А., 2003.
5. Тәрбие теориясы. Мұханбетжанова Ә.М., Молдагалиев Б.А., Ерниязов О.Н. Орал, 2005.
5-апта
№13 кредит сағат
№9 дәріс тақырыбы: Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру
Тәрбие мазмұнының мәселелері
Азаматтық және патриоттық тәрбие
Құқтық тәрбие
Тәрбиелік істер (ТІ) мақсаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: этикалық, әлеуметтік багдарлы (ӘБ), эстетикалық, танымдық, спорт және дене тәрбиесі, экология, еңбек және т.б. Қоғамдық маңызы бар қасиеттерді тәрбиелеу мақсатындағы ТІ-ін ӘБ деп атайды. Бұл бағыттағы ТІ-дің негізгі мақсаты - оқушыларда элеуметгік қатынастар жүйесін қалыптастыру: қоғамға, мемлекеттік басқару және құқық мекемелеріне.
Саналы тәртіпті үйретудің негізгі жолы — ТІ-ін үйымдастыру.
Бұл жүмыстың мақсаты — оқушылардың мінез-құлық ережесін, күн тәртібі талаптарын сақтауын, өмірлік іс-өрекеттер тәртібін орындауға үйрету. Сол үшін өрбір оқу орнында мінез-құлық ережелері белгіленеді. Ал бұл ережелер бір жағынан — қоғамдық мораль принциптерін танытса, екінші жағынан — сол оқу орнының жүмыс ерекшелігін білдіреді.
Қажет болған жерде ереже өзгереді. Ереже сипаты: 1) төрбиеленушінің өмір жағдайына сай әрі үйлесімді, оның мүмкіншіліхтері мен қабілетгеріне сәйкес болуы керек; 2) дәл белгіленген мерзімде барлық іс-әрекетгің бірге орындалуын міндетгейтін болуы қажет; 3) нақты; 4) шынайы орындалатын әрекеттерді қамтуы шарт.
ТІ табысты болуына арқау тәртіптілік бағытындағы жалпы талаптар: 1) әрбір жаңа іс бүрынғыға негізделе отырып, сапалы тәртіп дайындығы үрдісін жоғары деңгейде жалғастыруы міндетті; 2) олар жалпы принциптерге сәйкес, бірақ стандартқа қатып қалмай, орын және уақыт жағдайларын ескеруі шарт; 3) тұлға тәрбие бөлшектеліп емес, біртұтас жүретіндіктен, тәрбие істері де белгіленген нақты, жинақы жүйеде орыңдалуы қажет.
№13 ОЖСӨЖ мазмұны
Эстетикалық және дене шынықтыру тәрбие істері.
№13 СӨЖ
Этикалық немесе адамгершілік тәрбие істерін өткізу, оның міндеттері.
№14 кредит сағат
№10 дәріс тақырыбы: Тәрбиелеу үрдісіне қатысушылардың өзара әрекеті.
1. Әртүрлі жас кезеңдерінде тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы.
2. Педагог пен оқушылардың өзара әрекетіне сипаттама және оны дамыту жолдары.
3. Түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктері.
Баланың мектепте оқуды бастауы оның бүкіл өміріне түбегейлі сапалы өзгеріс енгізеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынадай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөз бен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарына өте ықыласты болады т.б.
Жеткіншек шақта баланың ағзасының және тұлғасының дамуында тез сандық өзгерістер және сапалық қайта құрулар болып жатады. Ересектер бұл кезеңді «өтпелі», «қиын» тіпті кейде «дағдарыстық» деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес.
Бұл балалармен жұмыс істегенде мынадай ерекшеліктерді есепке алу керек: ағза мүшелерінің тез жетіле бастауы; үлкендермен қарым-қатынас; мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау; қоғамға пайдалы істерге ықыласты; ұжымшыл, жолдастық, достық сезім нығаюда; кітап оқуға, кинофильмдерді көруге ынталы, спортты ұнатады т.б.
№14 ОЖСӨЖ мазмұны
Балалардың жас ерекшеліктерін еске алу принципі.
№14 СӨЖ
Жеткіншек шақта баланың ағзасының және тұлғасының дамуындағы ерекшеліктер.
№15 кредит сағат
№5 семинар тақырыбы: Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру
1. Экологиялық тәрбие туралы түсінік.
2. Ақыл-ой тәрбиесі туралы түсінік.
3. Еңбек тәрбиесі туралы түсінік.
4. Тәрбие технологиясы туралы түсінік.
№15 ОЖСӨЖ мазмұны
Жас ерекшелік даму жөніндегі теориялық көзқарастар.
№15 СӨЖ
Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділік.
6-апта
№16 кредит сағат
№11 дәріс тақырыбы: Тәрбиенің негізгі құралдары
Қарым-қатынас тәрбиелеу құралы ретінде.
Оқыту тәрбиелеу құралы ретінде.
Жеке тұлға дамуындағы білім берудің рөлі.
Адамның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі - адамдар арасындағы қарым-қатынас. Белгілі психолог А.Н.Леонтьевтің пікірінше, туылған сәтінде нәресте адамға кандидат қана, ал оқшау жағдайда кандидат та бола алмайды: ол адам болуды адамдармен қарым-қатынас барысында үйренеді. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жағдайлардан тыс, тек биологиялық қана адамды тұлға ретінде қалыптастыра алмайды. Индивидтің қарым-қатынастан, таңдау мүмкіндігінен, белгілі бір дәрежеде еркін қимылдаудан айырылуы да тұлғаның дамуына кері әсер етеді. Адамды қоғамнан және қарым-қатынастан бездіру әрдайым ең қатал жазалардың бірі болып саналады, өйткені ұдайы оқшаулану мен жалғыздық тұлғаның өз мәніне қайшы келеді.
Оқушылар іс-әрекеттерінің ең басты және жетекші түрі - оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар және бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылады. Сондықтан оқу басқа іс-әрекеттеріне қарағанда оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқудың барысында сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушының ой-өрісі кеңиді, білімі тереңдейді, жауапкершілігі артып, ол алдына қойған мақсаттарын орындауға талпынады. Оқушы он екі жылдың ішінде бірінші сыныптан он екінші сыныпқа дейін даму жолынан өтіп, нақты білім, саналы тәрбие алады. Міне, осының нәтижесінде еңбек етуге, ізденушілікке, келешекте арнаулы оқу орындарына түсуге қабілетті болып шығады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту - баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту - бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады.
№16 ОЖСӨЖ мазмұны
Ойын іс-әрекеті тәрбиелеу құралы ретінде.
№16 СӨЖ
Дидактикалық ойындар тәрбиелеудің маңызды құралы ретінде.
№17 кредит сағат
№12 дәріс тақырыбы: Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары және тәсілдері.
Тәрбие әдістерінің мәні және оларды жіктеу.
2. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.
3. Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері.
Әдіс дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы, тәсілі, айласы. Тәрбиелеу әдістері - тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыстағы іс-әрекетінің тәсілдері. Бұл іс-әрекет тәрбиелеудің міндеттерін шешуге бағытталған.
Тәрбие тәсілі, амалы (прием) - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты жақсарту. Тәсілдер, әдетте, әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы, жазалау тәсілдері - ескерту, айыптау, сөгіс; сендіру, нандыру тәсілдері - иландыру, түсіндіру, баяндамалар; мадақтау тәсілдері - мақұлдау, мақтау, сыйлық беру т.б.
Тәрбие құралдары - іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Оқушы тұлғасы қалыптасуының бас-қарылуын қамтамасыз ету - тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалану, яғни тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін практика көрсетіп отыр. Тәрбие құралдары - бұл тәрбиелеу тәсілдерінің жиынтығы. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті көрсету, бағалау, жұмыстағы қателіктерді көрсету бұлар тәсілдер болады.
№17 ОЖСӨЖ мазмұны
Іс-әрекетті және мінез-құлықты ынталандыру әдістері.
Оқушылардың оқуға жағымды мотивациясын қалыптастыру.
№17 СӨЖ
Жазалау әдісін қолдану ерекшеліктері.
Жарыс әдісінің жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызы.
Этикалық сұхбат әдісінің өткізілу ерекшеліктері.
Пікірталасқа қойылатын талаптар.
№18 кредит сағат
№6 семинар тақырыбы: Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ынталандыру.
Өзін-өзі тәрбиелеуде ынталандыру әдістерінің орны.
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын мектепте ұйымдастыру формалары мен әдістері.
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын мектептен тыс жерде ұйымдастыру формалары мен әдістері.
№18 ОЖСӨЖ мазмұны
Өзін-өзі және қайта тәрбиелеудің өзара байланысы.
Оқыту үрдісінде өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру.
№18 СӨЖ
Кіші оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру.
7-апта
№19 кредит сағат
№13 дәріс тақырыбы: Дүниеге көзқарас – қалыптасушыны тұлғаның негізі
Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру
Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру
Баланың ғылыми дүниетанымына табиғат және қоғам елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, қоғамдық саяси қатынастар әсер етеді. Ғылыми сенімдер ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылым жетістіктерін оқып-үйрену, дүниені танудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қалыптасады. Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананық ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып,бағыт-бағдары айқындалады. Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды өзгертеді. Дүниетанымды қалыптастыратындар: тәжірибені теориялық тұрғыдан қорыта білу, сезімнің ақыл-ойға әсері, саналы, алдына қойған мақсаты бар ерік-жігер. Бұлар баланың көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырады. Көзқарастар - баланың өзі сенетін білімдері, ұғымдары, практикадан шығарған теориялық тұжырымдары, ұсыныстары.
Бала олар арқылы табиғатта және қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға баға беріп, өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын белгілі бір бағытқа салып отырады. Сенім - ақиқат екендігіне бала ешқандай күмән келтірмейтін білімдер, ұғымдар, тұжырымдамалар, теориялар, болжамдар.
№19 ОЖСӨЖ мазмұны
Мектептану туралы ұғым. Оның негізгі міндеттері, қызметтері.
Сынып жетекшісінің мектептің тәрбиелік жүйесіндегі орны.
№19 СӨЖ
Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату. Қазақстандағы білім беру жүйесі.
№20 кредит сағат
№14 дәріс тақырыбы: Мектеп пен отбасының өзара әрекеті.
Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде.
Отбасы тәрбиесінің мүмкіншіліктері, әдіс-тәсілдері.
Мектеп пен отбасының өзара әрекетінің формалары.
Отбасы педагогикасы - педагогика ғылымының саласы, ол институционалдық белгісіне қарай, яғни әлеуметтік институт - жас ұрпақты оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын отбасы бойынша бөлінген. Бұл отбасындағы тәрбие туралы ғылым. Ол отбасы тәрбиесі жағдайларының ерекшеліктерін, олардың қолынан келетін мүмкіншіліктерін зерттейді, ата-аналар үшін балаларды тәрбиелеуге байланысты ғылыми негізделген ұсыныстарды жасайды.
Отбасы тәрбиесінің объектісі - тәрбиелік институт ретіндегі отбасының дамуының жағдайы және негізгі үрдістері болып табылады. Отбасы тәрбиесінің пәні - отбасындағы тәрбиенің мәні, механизмдері, осы процестің баланың тұлғасының құрылуына әсері.
Ата-аналармен, оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалімнің ең басты міндеті. Ондай байланыс орнатудың бір формасы оқушы отбасында болу. Бұл форма мұғалімдер мен ата-аналарға жақсы таныс болғандықтан оның екі кезеңіне тоқталайық.
Отбасында болу, шақыру арқылы іске асқаны жөн. Статистикалық мәліметтер бойынша балалардың 80 пайыздан астамы әкесі де, шешесі де жұмыс істейтін отбасыларында тәрбиеленеді. Демек, кез-келген уақыт мұғалім үшін қолайлы бола бермейді. Мұғалімнің кенеттен үйге ата-аналарды жұмыстан қалдыруы мүмкін. Шақыру бойынша отбасында болу ата-ананы да, мұғалімді де қолайсыздықтан құтқарады.
Отбасында болуға мұғалім дайындалуы тиіс. Ол дайындық шәкіртінің ең жағымды, қызықты құндылықтарын айқындауы тиіс. Дегенмен, ол құндылықтардың өзі мұғалім санасында қорытылып, психологиялық педагогикалықтұрғыдан сенімді шығуы керек.
№20 ОЖСӨЖ мазмұны
Оқушының ата-аналарымен өзара педагогикалық әрекет негіздері.
Педагогикалық білім университеті.
№20 СӨЖ
Педагогикалық пікірталастарды өткізу ерекшеліктері.
Ата-аналар жиналысын өткізу.
№21 кредит сағат
№7 семинар тақырыбы: Тәрбиелік жүйелер.
Тәрбиелік жүйелер ұғымы.
Тәрбие жүйелерінің даму кезеңдері.
Мектеп – тәрбие жұмысының орталығы.
№21 ОЖСӨЖ мазмұны
Тәрбие технологиясы.
№21 СӨЖ
Шебер мұғалімдердің жұмысын зерттеу, бақылау кезеңдері.
Әдебиеттер:
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.
Мұханбетжанова Ә., Мұқанбетова Ш. Педагогиканың жалпы негіздері. Орал, 2005.
Педагогика. Абай ат. ҰПУ. ұжымы.А., 2003.
Тәрбие теориясы. Мұханбетжанова Ә.М., Молдагалиев Б.А., Ерниязов О.Н. Орал, 2005.
Столяренко, Л.Д. Психология и педагогика: Учебник для академического бакалавриата / Л.Д. Столяренко, В.Е. Столяренко. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 509 c.
Воронов, В.В. Педагогика школы: новый стандарт / В.В. Воронов. - М.: ПО России, 2012. - 288 c.
8-апта
№22 кредит сағат
№15 дәріс тақырыбы: Ұжым тәрбие құралы
1. Балалар ұжымының типтері мен құрылымы
2. Балалар ұжымының даму кезеңдері
Латынның «коллективус» деген сөзі адамдар тобы, бірлестік, топ дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым – бұл адамдар тобы екені анықталады.
Ұжым қандайда бір әлеуметтік-экономикалық формацияның туындысы емес, ол адамдар индивидтерінің нормальдық жиынтығының құбылысы болып саналады, іскерлік пен жолдастықтың өзара әрекетінің, әр түрлі мәселелерді нәтижелі шешудің жалпыға бірдей формасы ретінде адамзат өркениетінің құнды әлеуметтік жетістігі болып табылады.
Б.Т.Лихачевтің пікірінше, ұжым адамзаттың бірлесіп өмір сүруінің объективті формасы ретінде, қоғамдық құбылыс ретінде өркениеттік мәнге ие, жалпы және мәңгі категория.
Қазіргі жағдайда, балаларда ұжымшылдықты тәрбиелеудің қажеттігі бар, ал екінші жағынан – демократизация, гуманизация, жекешелендіру, кәсіпкерлік, тұлғаның құқығы мен еркіндігінің сапасы, жеке меншік адамда индивидуализмді дамытуды талап етеді. Осыған орай Б.Т.Лихачев қазіргі жағдайда ұжымшыл-индивидуалды тәрбиелеу керек деп есептейді. Осындай міндет қойғанда бірыңғай ұжымда әрбір баланы саралап, әрі сонымен қатар ұжымшылдыққа тәрбиелеуге мүмкіншілік пайда болады. Бір жағынан ашықтық, ұжымшылдық, екінші жағынан өзімен-өзі, жекелікті сақтау, адамгершілік индивидуализм жолымен өзін-өзі орынықтыру арқылы бала тұлғаға айналады.
№22 ОЖСӨЖ мазмұны
Жеке адамның дамуындағы теориялық пікірлер.
№22 СӨЖ
Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділіктің маңызы.
№23 кредит сағат
№16 дәріс тақырыбы: Ұжым – тәрбие құралы
Балалар ұжымының тұлғаға тәрбиелік әсері
Ұжым құру және қалыптастыру кезеңдері
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда А.С.Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.
Бірінші саты – ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастырушысы – педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлуі керек. Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.
Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі – үшінші сатыдағы ұжымның ең негізі белгісі.
№23 ОЖСӨЖ мазмұны
Биологиялық даму туралы түсінік.
Әлеуметтік даму туралы түсінік.
№23 СӨЖ
Дамудың қозғаушы күші ұғымы.
№24 кредит сағат
№8 семинар тақырыбы: Ұжым – тәрбие құралы
Ұжым теориясының қалыптасуы
Балалар ұжымының даму кезеңдері
№24 ОЖСӨЖ мазмұны
Оқыту мен тәрбиенің өзара байланысы.
Тұқымқуалаушылық пен тәрбиенің өзара байланысы.
№24 СӨЖ мазмұны
Даму факторлары.
Орта. Жақын орта.
Алыс орта туралы түсінік.
Әдебиеттер:
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.
Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.
Мұханбетжанова Ә., Мұқанбетова Ш. Педагогиканың жалпы негіздері. Орал, 2005.
Педагогика. Абай ат. ҰПУ. ұжымы.А., 2003.
Воронов, В.В. Педагогика школы: новый стандарт / В.В. Воронов. - М.: ПО России, 2012. - 288 c.
Коджаспирова, Г.М. Педагогика: Учебник для академического бакалавриата / Г.М. Коджаспирова. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 719 c.
9-апта
№25 кредит сағат
№17 дәріс тақырыбы: Тұлға дамуының кезеңдерге бөлінуі.
1. Тәрбиенің бала дамуында ролі.
2. Акселерация, оның әлеуметтік және педагогикалық мәні.
4. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белігіл кезеңдерге бөлінуі.
Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.
Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6 -10жас), тоғыз жылдық (10 – 15жас), орта мектеп оқушылары (15 – 17 – 18жас) болып үшке бөлінеді. Баланың денесінің өсіп-жетілуінің негізгі көрсеткіштері баланың өсімталдығы, салмағынығ артуы, бұлшық еттерінің шынығуы, кеңейіп ұлғаюы, әр жас екзеңде түрлі өзгерсітерге түседі. Өсіп дамып келе жатқан баланың ағхасында болатын барлық өзгерістерді жүйке жүйесі мен секреция бездерінің қызметі реттеп отырады. Балаладың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстардың акселерация (лат. Жеделдеу) деп аталады. Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қисыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Осындай тез өсетін ағзаға жүрек-тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады. Сондықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын, ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне білмейді.
№25 ОЖСӨЖ мазмұны
Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы ролі.
Белсенділіктің тұлға дамуындағы ролі.
№25 СӨЖ
Адам дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы.
№26 кредит сағат
№18 дәріс сағаты: Мектепке дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері.
Адамның мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді.
Мектепке дейінгі балалық шақта жас баланың 4-7 жас аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасында болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезгендерін зердесіне хаттай жазып ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да өсіп отырады. Баланың 4 жастағы салмағы 15-16 кг, ал бойы 100 см болса, 5 жастағы салмағы 17-18 кг, бойы 106-107 см болады. Мектепке дейінгі тәрбиенің жалпы міндеті – дене, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиенің тұтастығын қамтамасыз ету. Осы кезде игерген баланың рухани байлығы өмір бойына із қалдырып, оның дұрыс дамуына негіз болады.
№26 ОЖСӨЖ мазмұны
Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомо-физиологиялық дамуы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға дайындығының оқу үлгеріміндегі маңызы.
№27 кредит сағат
№9 семинар тақырыбы: Тұлға дамуының кезеңдерге бөлінуі.
Тұлға дамуының педагогикалық және психологиялық тұрғыдан кезеңдерге бөлінуі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға дайындығының оқу үлгеріміндегі маңызы.
Сензитивтік, деградация, ретрадация түсініктері.
№27 ОЖСӨЖ мазмұны
Жас ерекшелік даму заңдылықтары.
Жас ерекшелік кезеңдерін есепке алу.
№27 СӨЖ мазмұны
Бастауыш мектеп оқушылары үшін оқу іс-әрекетінің мәні.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың кездестіретін қиыншылықтары.
Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушылардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Әдебиеттер:
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.
Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.
Мұханбетжанова Ә., Мұқанбетова Ш. Педагогиканың жалпы негіздері. Орал, 2005.
Педагогика. Абай ат. ҰПУ. ұжымы.А., 2003.
Кравцова, Е.Е. Психология и педагогика. Краткий курс / Е.Е. Кравцова. - М.: Проспект, 2016. - 320 c.
Столяренко, Л.Д. Педагогика в вопросах и ответах: Учебное пособие / Л.Д. Столяренко. - М.: Проспект, 2016. - 160 c.
10- апта
№28 кредит сағат
№19 дәріс тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балаларды дамыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Осы жастағы баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді таныға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден тұрады, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебеін ашуға тырысады. Образды ойлау – бастауыш сынып жасындағы негізгі ойлау түрі болып табылады. Осы жастағы бала өзінің атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Олар интеллектуалды тапсырмаларды назарында ұстауға, қиялдауға қабілетті. Ол шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғышарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі.
Мектепке барған алғашқы жылдарында балалар әлі де үлкендер тарапынан қамқорлықты қажет етіп тұрса да, бірте-бірте ата-аналарынан өздерін алшақ ұстайды. Бастауыш мектеп оқушысы үшін ең маңызды тұлға – педагог.
Мектеп оқушыларының өз арасындағы қарым-қатынастары үнемі өзгеріп отырады. Баланың 3-6 жастағы қарым-қатынастары неізінен ата-аналардың бақылауында болатын болса, 6-12 жас аралығында мектеп оқушылары көп жағдайда ата-ана назарынан тыс қалады. бастауыш сынып жасындағы балалардың достық қарым-қатынастары негізінен қыз бала мен қыз баланың, ер бала мен ер баланың арасындағы достыққа әкеледі.
Осылайша, бастауыш сынып жасы баланың мектепке баруымен айқындалады.
№28 ОЖСӨЖ мазмұны
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тірек-қимыл жүйесінің ерекшеліктері.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі зейіннің ролі.
№28 СӨЖ
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ата-анасымен байланыс.
№29 кредит сағат
№20 дәріс тақырыбы: Орта мектеп жасындағы балаларды дамыту мен тәрбиелеу ерекшеліктері.
Орта мектеп жасындағы балалардың анатомо-физиологиялық дамуы.
Орта мектеп жасындағы балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы.
«Қиын кезең» ұғымы.
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағына қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кезең болып есептеледі. Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтар осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Бала жасөспірім шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылым морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді.
Бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өз орнын табу. Жасөспірімдер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Жасөспірім өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет түрлеріндегі жетістіктерге жағдай жасау, құндылықтарын қалыптастыру.
№29 ОЖСӨЖ мазмұны
Орта мектеп жасындағы балалардың қан тамыр жүйесіндегі ерекшеліктер.
Орта мектеп жасындағы балалардың ересектермен қарым-қатынасы.
№29 СӨЖ
Жеткіншектік кезеңдегі «мен» сезімінің қалыптасуы.
№30 кредит сағат
№19 семинар тақырыбы: Жоғары мектеп жасындағы балаларды дамыту мен тәрбиелеу ерекшеліктері.
1. Жастық шақ - әлеуметтік-психологиялық құбылыс.
2. Пубертаттық кезең ұғымы.
3. Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі.
4. Жоғары мектеп жасындағы оқушыларға кәсіби бағдар беру.
№30 ОЖСӨЖ мазмұны
Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың «мен» сезімі.
Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың өзіне беретін бағасының ерекшеліктері.
№30 СӨЖ
Жоғары мектеп жасындағы оқушылар эмоционалдық өмірі.
Әдебиеттер:
1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.
3. Мұханбетжанова Ә., Мұқанбетова Ш. Педагогиканың жалпы негіздері. Орал, 2005.
4. Педагогика. Абай ат. ҰПУ. ұжымы.А., 2003.
5. Столяренко, Л.Д. Психология и педагогика: Учебник для академического бакалавриата / Л.Д. Столяренко, В.Е. Столяренко. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 509 c.
6. Воронов, В.В. Педагогика школы: новый стандарт / В.В. Воронов. - М.: ПО России, 2012. - 288 c.
11- апта
№31 кредит сағат
№21 дәріс тақырыбы: Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде.
Дидактиканың пәні, объектісі, қызметі.
Дидактиканың құрылымы және негізгі категориялары.
Дидактиканың дамуы және қалыптасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |