Педагогика: педагогические теории, системы, технологии. Учебник для студентов высш.и сред.пед.учеб.заведений./Под ред.С.А.Смирнова и др. М., 2003
Пидкасистый П.И., Горячев В.В. Процесс обучеиня в условиях демократизации и гуманизации школы. М., 1991
14 апта
40 кредит сағат
№ 27 дәріс тақырыбы: Оқушылардың оқу мотивтері.
Оқушылардың өз белсенділігін қалыптастыру.
Педагогикалық үрдістің тиімділігінің негізгі критерийі – оқушының тұрақты танымдылық қызығушылығы мен мотивациясы. Қазіргі таңда мектептің ең негізгі мәселесі – оқу мотивациясын қалыптастыру. Оның өзектілігі оқу әрекетімен оқу мазмұнының жаңаруымен, оқушылардың өздігінен білім алу әдістерін қалыптастырумен, белсенділігін дамытумен себептеледі. Әр бала үшін оқу әрекетінің маңызы әр түрлі. Оқушының мотивациясын айқындау – педагогикалық шараларды анықтау, баламен жұмыс әдістерін белгілеу. Адамның мотивациялық өрісі әр түрлі. Жеке тұлғаның оқу мағынасы – А.К.Маркова бұл үрдісті оқушының оқуға деген ішкі көзқарасын анықтайды дейді, өзінің өміріне, өз тәжірибесіне, өз-өзіне теңейді. Оқудың мағынасына жету, тұлғалық мәнділігі өзінен-өзі пайда болмайды, білім меңгеру үрдісінде қалыптастыру қажет. Оқудың тұлғалық маңыздылығы әр мектеп жасында әр түрлі болады. Оқудың маңызы бала үшін идеалдар жүйесі арқылы анықталады, яғни ол оларды қоршаған ортадан, отбасынан меңгереді. Оқу мотивтерінің түрлері: танымдық, әлеуметтік. Іс-әрекеттің өзіне байланысты мотивтердің түрлерін басқаша сипаттау болады. Сыртқы мотивтер іс-әрекетпен байланысты емес, егер де байланысты болса, ішкі мотивтер болып саналады. Ішкі мотивтер үрдістің өзіне және оның нәтижесін қызығушылығы, дағдылар мен машықтарды дамытуға тырысумен сипатталады. Сыртқы мотивтер ата-аналар немесе мұғалімдер мәжбүр еткенде көрінеді. Мысалы, оқушылар есептер шығарғанда жақсы баға алу үшін орындаса, бұл сыртқы мотивтер болып саналады. Ал ішкі мотивтер – сол есептерге қызығып, олардың рационалды әдісін табуға, нәтижесіне жетуге ұмтылса. Егер ересек адамның қадағалауы мен ғана орындалса, мотив өзекті болмай сыртқы болады. Оқу мотивтерінің 3-і түрі екінші тенденцияға негізделеді. Табысқа жету немесе қиындықтан қашу. Табысқа жетуге мотив қойған балалар алдарына позитивті мақсаттар қойып, белсенді амалдар іздеп, барлық қорларын салып, оңтайлы эмоцияларымен рахаттанады. Ал қиындықтан қашып құтылуға мотивтерін бағыттаған бала өзін-өзі бағалауы төмендігін, өзінің күшіне сенбей табыстыққа жете алмайтынымен байланысты.
№41 кредит сағат
№ 28 дәріс тақырыбы: Сабақта саналы тәртіпті орнату мәселесі.
Сабақты бақылаудың және оны талдаудың үлгі бағдарламасы.
Үйдегі оқу жұмысы, оған қойылатын талаптар.
Сабақты бақылаудың және оны талдаудың үлгі бағдарламасы. 1. Ең алдымен жалпы мәліметтер жазылады: бақылау күні, мектеп, сынып, сабақ кестесінде алатын орны, мұғалімнің аты-жөні, сабақтағы оқушылардың саны.
2. Сабақтың тақырыбы жазылады және осы сабақтың тақырыбы бойынша жалпы сабақтар жүйесінде орны анықталады.
3. Сабақтың мақсаты, оның білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттері жазылады (олар сабақ алдында мұғалімнен сұрап алынады) .
4. Сабаққа даярлығы анықталынады: сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайы, сынып тақтасы (тазалығы, дидактикалық жадығаттың алдын-ала даярлануы), көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдары, оқушылардың сабаққа психологиялық даярлығы.
5. Сабаққа хаттаманың жазылуын мынадай схемамен жүргізуге болады:
Уақыт
Өзара бірлескен әрекеті
Сабақтың бағалануы
Мұғалімнің ісі
Оқушылардың ісі
Талдау кезінде мынадай сұрақтарға жауап беру керек:
1. Тақырыптың мақсаты мен мазмұнының сәйкестілігі.
2. Сабақтың типін және оның негізгі кезеңдерін анықтау.
3. Әрбір кезеңге кеткен уақытты белгілеп отыру.
4. Сабақтың басталуы: Ұйымдастыру кезеңі:
оқушылардың ұжымдық, фронтальдық, топтық және жеке жұмыстары қалай ұйымдастырылатындығы;
оқушылардың мұғаліммен және өзара іс-әрекеті қалай ұйымдастырылатындығы.
6. Жаңа жадығатты меңгеру:
тақырыпты хабарлау;
қазіргі тақырыптың өткен тақырыптармен байланысын, кейінгі жадығатты меңгерудегі мәнін көрсету;
тақта тиімді қолдынылды ма?
оқушылардың танымдық іс-әрекетін стимулдаудың тәсілдері (көрнекілігі, балаларда бар тәжірибені пайдалану, проблемалық ситуацияны құру т.б.);
оқушылардың дербес жұмысының рөлі мен орны, оқулықты қолдануы т.б.
7. Жаңа білімді бекіту:
бекітуге қандай жадығат таңдап алынды?
бекіту қандай әдістермен іске асырылды?
оқу жадығатын саналы меңгеріп жатқандығы туралы қорытынды жасауға бола ма?
8. Үй тапсырмасының берілуі:
үй тапсырмасын түсіндіруге қанша уақыт бөлінді?
сабақтың қандай кезеңінде берілді (сабақтың басында, сұраудан кейін, бекітуден кейін, үзілісте, берілген жоқ);
үй тапсырмасын қалай орындау керектігін оқушылар қаншалықты түсінді?
9. Жалпы қорытынды және ұсыныстар:
оқушылармен білімділік, дамытушылық және тәрбиелік функцияларының жүзеге асырылуы;
мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасының стилі;
оқушылардың белсенді әлеуметтік қалыптасуының дәрежесіне жалпы сипаттама (саналы оқу қажеттігін түсінуі, білімді өздігінен меңгеруге талпынысы, алған білімді практикада қолдануы, ұжымшылдығы, жауапкершілігі т.б.).