Аспапты жұмысқа дайындау:
Футлярдан спирометр мен мундштукты аламыз. Мундштукты
спиртпен стерилизациялаймыз. Оны спирометрдің кіру түтігіне (2)
тығыздап кигіземіз.
Стрелка (тіл) шкаланың ноль бөлшегіне сәйкес келуі үшін, қақпақты
айналдыру арқылы аспаптың шкаласын орнатамыз. Спирометрмен өлшеуді
пациенттің әртүрлі қалпында жүргізуге болады. Оның тыныс алуы баяу
немесе жылдам болмауы керек. Тыныс шығару ұзақтығы 4-8с. Тең болуы
қажет.
№1 Тапсырма. Қалыпты тыныс алуды анықтау (ҚТА).
Тексерілуші бірнеше рет тыныс алып, тыныс шығарады, содан соң
мундштукты ауызға алып спирометрге асықпай тыныс шығарады. Тыныс
шығару санын (3-4) санап, спирометрдегі көрсеткіштерді жазады. Алынған
нәтижені тыныс алу қимылдарының санына бөледі, яғни қалыпты тыныс
алу (ҚТА) көлімін есептейді.
№2 Тапсырма. Резервтік дем шығару ауасының (РДША) көлемін
анықтау.
Тексерілуші мұрын арқылы асықпай тыныс шығарған соң
спирометрге ауызбен максимальды тыныс шығарады. Спирометр
көрсеткіші жазылады.
№3 Тапсырма. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау (ӨТС).
Тексерілуші максимальды тыныс алып, максимальды тынысты спирометрге
шығарады. ӨТС көлемін тәжірибе барысында ҚТА, қосымша және резервті
ауа көлемдерін қосу арқылы табуға болады. Нәтижелерін дәптерге
жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: