мониторының экранында кескінделеді. Жүрек клапандарының, түпкі
тамырлардың доплер сигналдары спектрінің атласы жасалған. Атлас жүрек
бөлігі жұмысының патологиялық бұзылуын
пішіні бойынша анықтауға
мүмкіндік береді.
Доплер датчигінен шыққан ультрадыбыс сәулесі мүмкіндігінше қан
ағыны бағытымен сәйкес келуі тиіс. Осы кезде ғана доплер сигналының
шамасы максимал болады. Егер ультрадыбыс сәулесі қан ағыны бағытына
перпендикуляр болса, доплер сигналы нольдік мәнге ие болып, сондықтан
қан
ағыны
жылдамдығын
өлшеу
мүмкін
болмай
қалады.
Доплерографияның 2 негізгі әдісі бар: үздіксіз (CW) және импульсті (PW).
Үздіксіз доплерографияда ультрадыбыс негізгі сәуленің барлық ұзындығы
бойында шағылады. Сондықтан бүкіл түтік бойындағы қан ағынының
интегралдық жылдамдығын өлшеуге болады, өлшеу шегі 10 м/сек. Үздіксіз
доплерография жіңішке тамырлардағы қан ағыны жылдамдығын
өлшеуде
қолданылады.
Жүректің белгілі бір бөлігіндегі қан ағыны жылдамдығын анықтауда
импульсті доплерография қолданылады. Импульсті
доплерографияда қан
ағыны жылдамдығын өлшеу шегі 7,5 м/сек.
"Алока" фирмасы мынадай датчиктерді шығарады: 3 МГц тік ASU-
32CWD-
3; 5 МГц тік ASU-32CWD-5. Бұлар екі элементті секторлы
датчиктер – бірі кескіндеу үшін, ал екіншісі – доплерография үшін
қолданылады. Екі элементті секторлық датчикті пайдаланғанда, сканер
микрокомпьютері бір мезгілде, экран мониторында доплерлік УД-сәулесі
бағытымен нүктелік сызық және доплерлік
шағылған сигналдың таңдау
белгісін кескіндейді. Белгі орналасқан жерде қан ағыны жылдамдығын
өлшеу жүргізіледі (24–сурет). Осы берілгендердің барлығын монитор
бетінде көрініс табады.
24 –
сурет. Импульсті доплерографиялық зерттеу
Доплерография кардиологияда
қан ағыны жылдамдығын, қысым
градиентін, минуттық көлемді, пульсті, шунтты қан ағынын (құлақша
36
аралық, не қарынша аралық бөліктердің ақаулықтарын) өлшеуде
қолданылады.
Ішкі абдоминалді мүшелерді зерттеуде доплерография шектеулі
түрде қолданылады.
УД-толқынының емдік әсері, ағзада күрделі физиологиялық реакция
тудыратын ультрадыбыстың комплексті,
механикалық және физико-
химиялық әсеріне негізделген.
«Алока-630» құралы келесі мүшелерді ультрадыбыспен кескіндеуге
мүмкіндік береді: Жүрек; Ішкі мүшелер (бауыр, бүйрек); Жыныс
мүшелерін, жатыр; Шарананы; Ерлер жыныс мүшелерін; Ұйқы және сүт
бездерін; ұйқы артериясын; Нәресте және үлкен адамдардың миын.
Достарыңызбен бөлісу: