Ж. Ш. Ургалиев медициналық биофизика практикумы



Pdf көрінісі
бет21/30
Дата09.05.2023
өлшемі1,55 Mb.
#91292
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Ультрадыбыс дегеніміз не? 
2. 
Ультрадыбысты пайдаланудың физикалық негіздері. 
3. 
Ультрадыбыс толқындарын медицинада пайдалану. 
4. 
«Алока SSD-630» аппаратының құрылымы. 
5. 
Доплер эффектісі. 
6. 
Ультрадыбысты диагностикада қолданылатын датчиктер. 
7. 
Секторлы, сызықты, конвексті датчиктер және онымен кескіндеу. 
Кемшіліктері және артықшылықтары. 
8. 
Арнайы датчиктер. 
Әдебиеттер: 
1. 
Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика., 2006 г. 
38 


2. 
Ультразвуковая 
диагностика. 
Под 
редак.А.Н.Кишковского. 
СПб,1996.60с. 
3. 
Байзаков У.А., Кудабаев К.Ж. «Основы медицинской техники. 1998 
4. www.medlit.ru 
№ 8 Зертханалық жұмыс. 
Тақырыбы: Спирометрия. 
Жұмыстың мақсаты: Өкпенің тыныс алу көлемін тіркеу әдісімен 
танысу. Өкпе арқылы өтетін ауа мөлшерін спирометрмен өлшеуге болады. 
Құрал–жабдықтар: Құрғақ, портативті спирометр, спирт, 
алмастырылатын қондырғы ұштар, мақта. 
Қысқаша теориялық мағлұмат: 
Тыныс алу дегеніміз ауадан оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын 
шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген физиологиялық 
процесстер жиынтығы. Тыныс алу арқылы ағзаның жасушалары мен 
ұлпалары оттегімен қамтамасыз етіледі, оттегінің қатысуымен жасуша 
деңгейінде тотығу процесі өтеді. Сонымен қатар тотығу барысында зат 
алмасудың соңғы өнімі көмір қышқыл газымен су түзіледі. 
Тыныс алу жүйесіне мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және өкпелер 
жатады. Тыныс алу келесі этаптардан тұрады. 
Сыртқы тыныс алу, өкпе мен сыртқы орта арасындағы газ алмасу. 
Өкпе көпіршіктері (альвеолалар) мен кіші қан айналым шеңбері 
капиллярлары арасындағы газдардың алмасуы. Газдардың қан ағынымен 
тасымалдануы. 
Артериальды қанмен ұлпалар арасындағы газ алмасу. 
Тіндік тыныс алу. 
Сыртқы тыныс алу – ритмикалық процесс, қалыпты жағдайда ересек 
адамда тыныс алу жиілігі 1 минутта 16-20 циклға тең. Әрбір тыныс алу 
циклы тыныс алудан және тыныс шығарудан тұрады. 
Біркелкі тыныш жағдайда демді ішке алып, қайта шыққан ауа көлемі 
– 
қалыпты тыныс ауасы (ҚТА) деп аталады. Оның мөлшері 500 мл. 
Демді әдеттегідей жай ғана ішке тартып дем алғаннан соң демді 
шығармай одан әрі әлі келгенше терендете түссе адам қосымша 1500-
2000мл ауа жұта алады. Осы қосымша жұтылатын ауа көлемі резервтік дем 
алу ауасы (РДАА) деп аталады. Адам қалыпты демін шығарған соң, тағы 
да дем шығара алады – ол ауа 1300-1500 мл болады. Мұны резервтік дем 
шығару ауасы деп аталады (РДША) . 
Резервтік дем алу ауасы және ҚТА, резервтік дем шығару ауасы 
39 


немесе өкпеде циркуляциялайтын ауаның максимальді мөлшері өкпенің 
тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) деп аталады. 
Өкпеден ең терең дем шығарғанның өзінде, өкпеде ауа қалады – 
1200-
1500мл - бұл қалдық ауа көлемі (ҚТА). ҚТА және РДАА-ның 
қосындысы өкпенің игспираторлық қуаттылығын анықтайды, ал ҚТА мен 
РДША-ның қосындысы өкпенің экспираторлық қуаттылығын анықтайды. 
Өкпенің тыныс алуы, шығаруы және тіршілік сыйымдылығы тыныс алу 
жүйесінің диспансерлік және клиникалық тексерудегі маңызды әдістер 
болып табылады. 
Тыныс алудың көкіректік, құрсақтық және аралас түрлерін 
ажыратамыз. Тыныс алу түрлері сыртқы ортаның, еңбектің, дене 
шынықтырудың әсерінен қалыптасады. Өкпенің функциональдық жағдайы 
жасқа, жынысқа, дене дамуына байланысты. Патологиялық тыныс алу 
тыныстың тереңдігінің, жиілігінің және ритмінін бұзылуымен 
сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет