дегеніміз — толқын ұзындықтары
бірдей және фазаларының
айырмашылығы уақытқа байланысты өзгермейтін толқындар. Үшінші
қасиеті — табиғи жарық поляризацияланған болып келеді. Төртінші
қасиеті — лазерден шыққан жарық жан-жаққа шашырамай, тек бағыттала
таралады. Жарық шығып жатқап жерді конус деп қарастырсақ,
онда осы
конустың басындағы бұрыш қатты денеден лазер үшін 25°, ал газды
лазерлерде —2—3° аспайды екен. Жарықтың мұндай бағытталып таралуы
оның алысқа жетуіне жәрдем етеді. Бесінші қасиеті — лазер сәулелерінің
қуаты.
Лазердің қолданылуы. Лазердің қолданылу ауқымы өте кең. Оның
сәулесінің бағыттала таралуын пайдалана отырып,
оның энергиясын бір
жерге шоғырландыруға болады. Сөйтіп өте жоғары температура шығарып
алуға болады. Бір жерге шоғырланған энергияның қуаттылығы сондай, ол
термоядролық реакция жүргізуге көмектеседі. Атап айтқанда,
термоядролық плазма алуға болады. Оның температурасы 2-107К болған.
Лазердің көмегімен алмас, рубин және т. б.
өте қатты заттарды оп-оңай
өңдеуге болатыны анықталып отыр. Оның сәулесі биологияда, мал
дәрігерлігінде, медицинада кеңінен қолданылуда. Лазер сәулесі көзге
операция жасау үшін және терапияда кеңінен пайдаланылады. Хирургияда
лазер сәулесі «пышақ» ретінде қолданылады.
Лазер пышағымен денені
кескенде ешқандай қан шықпайды. Оның сәулесі бір жағынан пышақ
ретінде кессе, екінші жағынан оны «тігіп» отырады. Бұл «тігу» белок
молекулаларының коагуляциялануы жүзеге асады.
Лазер сәулесімен көз
ішіндегі ісіктерді сылып алып тастайды, көздің қарашығын жөндейді. Тағы
бір керемет лазер сәулесі денедегі ісікті де сылып алады. Соңғы кездері
лазер сәулесі нейрохирургияда да пайдаланыла бастады. Онымен миға
операция жасалынады. Лазер сәулесімен жараларды, ревматизмді, ентікпе
ауруын, полиартритті емдеуге пайдаланып жүр. Оның көмегімен тістің қан
тамырларын суретке түсіріп, бүкіл жағдайынан хабар алуға болады. Қазіргі
кезде лазер сәулесімен инее ретінде
емдеу кең қолданыла бастады, бұл
әдісті лазеропунктура деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: