Реоэнцефалография (РЭГ) ми қан тамырларының қан толысын
жанама бағалау үшін қолданады. Ми жарты шарларының РЭГ-сын тіркеу
үшін электродтарды оң және сол жақтан симметриялы орналастырады,
«зондтаушы» электр желісі мидың ішкі ұйқы артериясымен, омыртка
артериясымен, алдыңғы және ортаңғы ми артерияларымен қанмен
жабдықталатын мидың әртүрлі аймақтарымен өтуі қажет. Электродтарды
маңдай сүйегімен самай сүйегінің емізік тәрізді өсіндісі аймақтарының оң
және сол жағына жиірек орнатады. Қан айналымның органикалық және
функциональды бұзылулары дифференциалдау үшін фармокологиялық
сынамаларды қолданады (эуфиллин, нитроглицерин т.б.).
РЭГ-ның сапалық және сандық сараптамасы анықтайды:
Мидың қанмен жабдықталуының жарты шараралық ассиметриясын
және бұл бұзылыстардың орналасуын.
Мидың қанмен жабдықталуында функциональдық немесе
органикалық бұзылыстардың әсері бар екенін (фармокологиялық
препараттар қолданғанда).
Табылған бұзылыстардың маңызды механизмдерін анықтау
(артериялардың стенозы, ми тамырларының склероздық өзгерістері,
артерия қабырғасы тонусының төмендеуі, венозды ағынның бұзылуы).
Достарыңызбен бөлісу: