Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет169/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   305
Өндірістік  бақылау.  Өндірістік  бақылау  зауыт  цехтарында 
жүзеге  асырылады,  əрқайсысының  ішіндегі  нысандарды  өте  қатаң 
жəне биологиялық тəсілдерді қолдана отырып, қадағалау керек.
Суслоның  тазалығы  көбінде  сыраның  тұрақтылығын  жəне  са-
пасын  айқындайды,  əрі  бақылауға  үлкен  көңіл  бөлінеді.  Сусло 
сынамаларын  əртүрлі  жерден,  қайнату  цехтарынан  бастап  ашы-
ту  цехтарына  дейін  алады.  Суслоның  микроорганизмдермен 
тұқымдануын,  сусло  тұрақтылығын,  қышқыл  түзетін  бактериялар-
ды  жəне  коли-титрін  анықтайды.  Алынған  мəліметтер  бойынша 
технологтар  алдын  ала  керекті  шараларды  қолданады.  Сусланың 
тұрақтылығы  оның  тазалығын  бағалайды:  өте  таза  сусло 90 сағат 
бойы залалсыздандырылған пробиркада анық көрінбейтін өзгеріссіз 
сақталу керек. 
Суслоның  тұқымдануы  оның  биологиялық  жағдайының 
көрсеткіші болып табылады. Алайда, сырада зиянды микробтардың 
бар болуында. 
Ашытқы бөлімінде жас сыраны жəне суслоны зақымдаушы бөгде 
микроорганизмдер  көптеп  кездеседі.  Олар:  өндірістік  ашытқылар, 
аппаратуралар,  жабдықтар  жəне  фильтрлейтін  материал дар. 
Ашытқылардың  тазалығын  ашытқы  ванналарынан  күнделікті 
бақылайды. Оның физиологиялық күйін жəне тұқымдану дəрежесін 
анықтайды.  Аппаратураның  жəне  жабдықтардың  тазалығын,  жуу 
сапасын жуынды суларды сараптау арқылы бақылайды. Суслоның, 
ашытқы  сыйымдылығын,  коммуникацияны  тоңазыту  үшін  сына-
маларды  аппаратурадан  саралайды.  Дүңгіршіктегі  жəне  құйып 
бөлу  бөлімдеріндегі  жуынды  суларды,  фильтрмассадағы  суслоның 
тазалығы  мен  тұрақтылығын,  ыдыс  өлшеуіш  бөтелкелерді, 
бөшкелерді жуу сапасын дайын өнімнің тұқымдануын жəне т.б. тал-
дайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет