орны газ жанарғысымен жəне спирт шамымен, залалсызданды-
ру ерітіндісі бар құтымен жабдықталған. Зертханада күнделікті
жұмыс жасау үшін қажетті қоректік орталар, химиялық реактивтер,
диагностикалық препараттар жəне басқа да зертханалық материал-
дар болуы қажет. Үлкен зертханаларда серологиялық реакцияларды
жүргізетін жəне микрооргаизмдерді жаппай өсіруге арналған термо-
статты бөлмелер болуы керек.
Дақылдарды өсіруге, сақтауға, зертханалық ыдыстарды
залалсыздандыруға жəне басқа да мақсаттарға арналған аппарат-
тар:
1) Термостат. Бұл – үнемі тұрақты температура сақтала отырып,
микробиологиялық дақылдарды қауіпсіз өңдеуге арналған аппарат.
Көптеген микроорганизмдердің көбеюіне қажетті қолайлы темпера-
тура 37
о
С. Термостаттар ауалы жəне сулы болып келеді.
2) Тоңазытқыштар. Микробиологиялық зертханаларда микроор-
ганизмдердің дақылдарын, қоректік орталарды, қанды, сарысуды,
вакцина жəне басқа да биологиялық препараттарды 4
о
С темпера-
тура аралығында сақтау үшін қолданылады. 0
о
С-тан төмен темпе-
ратурада сақтауды талап ететін препараттар үшін -20
о
С жəне одан
да төмен температураны ұстап тұратын, төменгі температуралы
тоңазытқыштар қолданылады.
3) Кептіру – стерильдеу шкафы (Пастер пеші). Зертханалық
ыдыс тар мен басқа да материалдарды ауамен стерильдеуге арналған.
4) Булы стерилизатор (автоклав). Қысым қатысында, бумен сте-
рильдеуге арналған. Микробиологиялық лабораторияларда əртүрлі
үлгідегі автоклавтар (вертикальды, горизонтальды, стационарлы, та-
сымалдаушы) қолданылады.
Автоклав – тамақ өнеркəсібінде жəне басқа салаларда көптеген
физикалық-химиялық процестерді атмосфералық қысымнан
жоғары қысымда жəне қыздырып өткізуге, сондай-ақ дəрігерлік
аспаптар мен байлап-таңу материалдарын залалсыздандыруға
арналған тұмшаланған аппарат. Автоклавтағы стерилизация
100 кПа қысымда отыз минуттай жүргізіледі; кейбір жағдайларда
ыдысты, құрамында көмірсуы жəне ақуызы бар қоректік орта-
ларды стерильдеу 1-1,5 cағатқа созылады. Құрамында 10% қант
жəне желатин бар қоректік орталарды 50 кПа қысыммен 20 минут
стерильдейді.