Микробиологиялық зертханадағы жабдықтар
Заводтың зертханасына микробиологиялық бақылау жасалатын
бөлек бөлме беріледі. Əдетте бұл бөлмеде бокс болады, ол бокс
зертханадан бөлек жеңіл ағаш қалқа бөлменің төбесіне дейін жетіп,
бөлмеден бөлініп тұратын жерде тұрады. Бокстың жоғары қалқасы
шыныланған. Қалқаның сырты мен іші майлы ақ бояумен боялған,
есігі жылжымалы.
Зертханада жұмыс істеуге келесі жабдықтар мен аппараттар
қажет: қосымша құрылғылары бар (жарық беруші, кереғар фазалы
құрылғы, конденсор) биологиялық иммерсиалды микроскоптар,
люминесценцияға негізделген микроскоп, тер мостат, стерилдеуге
арналған аппарат, рН-метр, дистилденген су алуға арналған аппарат-
тар (дистиллятор), центрифугалар, техникалық жəне аналитикалық
таразылар, фильтрлеуге қажетті аппараттар (Зейтц фильтрі жəне
т.б.), су моншасы, тоңазытқыштар, мақта-дəкелі тығындар жасай-
тын аппараттар, құралдар жиынтығы (бактериологиялық ілгіштер,
шпательдер, инелер, пинцеттер жəне т.б.), зертханалық ыдыстар
(пробиркалар, колбалар, Петри табақшалары, матрастар, шишалар,
ампулалар, пастерленген жəне градуирленген пипеткалар) жəне т.б.
Зертханада микроскопиялық препараттарды бояуға арналған
арнайы орын бар, ол жерде бояғыштардың ерітінділері, спирт,
қышқылдар, фильтр қағаздары жəне т.б. орналасқан. Əрбір жұмыс
|