Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет25/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Ауаны талдау. Жабық жердегі ауаның бактериологиялық зерттеу 
əдісінің  саны  мен  сапасы  жасалынады.  Өндірістерде  ауаны  залал-
сыздандыратын құрылғылар арқылы жіберіледі.
Сапалық талдау əдісі ауадағы болатын микроорганизмдер жайлы 
түсіндірсе, ал саны белгілі ауаның көлемінде болатын бактериялар-
ды анықтайды.
Шөгу  əдісі.  Шөгу  əдісі  ауаның  бактериологиялық  тексерудегі 
қарапайым  əдіс  жəне  ол  ашық  Петри  табақшасындағы  агар  бетіне 
микробтар  мен  тамшылардың  шөгуіне  негізделген.  Ол  үшін 
залалсыздандырылған  Петри  табақшасына  суслоны,  ЕПА-ды 
құяды жəне орта қатқаннан кейін табақшаларды өндірістік цехтарға 
көшіреді.  Жорамалданған  бактериялық  ластануға  байланысты 
табақшаларды 5-15 минут сараптайды. Сұрыпталған орталарды да 
қолдануға болады, ондай жағдайда экспозиция уақыты 0,5-1 сағатқа 
ұзартылады.  Ашытқы  жəне  ЕПА-ғы  себінділерді  термостатта 24 
сағат 37
о
C  температурада,  суслодағыны – 48 сағат 28-30
о
С  темпе-
ратурада өсіреді. Өскен колонияларды жай көзбен немесе лупамен 
қарайды. 
Академик  В.  Л.  Омелянский 10 л  ауада  қанша  микроорганизм 
болса 100 cм
2
 аудандық табақшаға 5 минут ішінде сонша микроорга-
низм шөгетінін болжады. Бұл əдіс ауадағы микрофлора құрамы ту-
ралы нақты мөлшерлік түсінік бермейді. Табақшаларға негізінен ірі 
шаң бөлшектері шөгеді, ал бактериялар мен ұсақ шаң бөлшектерінен 
тұратын жұқа шашыранды фракция өте нашар байқалады. Бұл əдіс 
жабық  бөлмелердің  ауа  микрофлорасын  мөлшерлік  зерттеуге  жа-
рамсыздау жəне атмосфералық ауаны зерттеуге мүлдем жарамсыз.
Мөлшерлік  əдіс.  Ауаның  құрамындағы  нақты  бактериялық  сан-
ды  анықтау  үшін,  талдау  жасауына  керекті  негізгі  құралдарына 
Кротовтың саңылаулы құралы, бактериялар ұстағыш, мембраналық 
жəне желатинді фильтрлер, т.б. жатады.
Кротовтың саңылаулы құралы мүлтіксіз ең тиімді болып сана-
лады.  Ауаның  ағымы  үлкен  жылдамдықта  құралдың  саңылауынан 
өткенде  қоректік  ортаның  дымқыл  бетіне  соғылады.  Нəтижесінде 
ауаның  құрамындағы  шаңның  бөлшегі  мен  тамшылары  ЕПА-ға 
жəне арнайы қоректік ортаның бетіне қосылады. Құралдың жоғары 
тиімділігі бөлмедегі ауаның микрофлорасын ұстаумен ерекшеленеді 
жəне нақты салыстырмалы нəтиже береді. 
Ауаны  бактериологиялық  зерттеуде  мембраналық  фильтрлерді 
де қолдануға болады. Ол үшін №3, 4 фильтрлерін дистелденген суда 
15 минуттан екі рет қайнатады жəне 37
о
С температурада термостат-
та Петри табақшасында екі қабаттанған фильтрленген қағаздың ара-
сында 1 тəулік бойы кептіреді. Мембрандық фильтрді фильтрлегіш 
затқа  салып  (Зейтц  фильтрі),  сол  арқылы  ауа  өткізгіш  көмегімен 
белгілі  бір  көлемде  ауа  сорады.  Сынаманы  таңдап  алғаннан  кейін 
фильтерді қатты қоректік ортаға көшіріп өсіреді. 
Нəтижелерді  талқылау. 1 м

көлемде  ЕПА-да 37
o
C
 
48  сағатта 
өскен тіршілік қабілеті бар микроорганизмдер саны ауаның ластану 
көрсеткіші болып табылады. Микробтар санының өзгеруі талдаудың 
əдісіне, құрал-жабдықтарға, егу əдісіне байланысты алынған нəтиже 
салыстырмалы болып келеді. Сонымен қатар себінді бетінде ауадағы 
аэробтар жəне барлық психрофильді организмдер өспейді.
Бактерияның  ауадағы  жалпы  санын  есептеу  үшін  Петри 
табақшасында 50-150 колония  болу  керек.  Кротов  приборын  жəне 
де басқа əдістерді қолдана отырып, колония санын реттеуге болады. 
Талдауға керекті ауаның зерттелетін көлемін бірнеше рет талдауды 
қайталау арқылы анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет